Аталған ұстанымдарды сақтау барысында тілді зерделеу мақсатқа бағытталады, өйткені тіл нақты коммуникативтік міндеттерді шешу үшін қолданылады. Сонымен бірге білім алушы оқылатын тілдің мәдениетін жақсырақ білу және түсіну мүмкіндігіне ие болуымен қатар, бұл білім алушының әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Білім алушы тілдік материалдың үлкен көлемін өзінің бойынан өткізеді, бұл тілдік ортаға толық ену мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, түрлі тақырыптармен жұмыс істеу білім алушының пәндік терминдермен сөздік қорын толықтыруға және алған білімдері мен біліктерін қолдануға және одан әрі зерделеуге жағдай жасайтын арнайы терминдерді, белгілі тілдік құрылымдарды жаттап алуға мүмкіндік береді. - Аталған ұстанымдарды сақтау барысында тілді зерделеу мақсатқа бағытталады, өйткені тіл нақты коммуникативтік міндеттерді шешу үшін қолданылады. Сонымен бірге білім алушы оқылатын тілдің мәдениетін жақсырақ білу және түсіну мүмкіндігіне ие болуымен қатар, бұл білім алушының әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Білім алушы тілдік материалдың үлкен көлемін өзінің бойынан өткізеді, бұл тілдік ортаға толық ену мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, түрлі тақырыптармен жұмыс істеу білім алушының пәндік терминдермен сөздік қорын толықтыруға және алған білімдері мен біліктерін қолдануға және одан әрі зерделеуге жағдай жасайтын арнайы терминдерді, белгілі тілдік құрылымдарды жаттап алуға мүмкіндік береді.
- Жараталастану-математикалық бағыттағы пәндерді тілмен кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамаларына:
- Қауіпсіздікті болдыратын (сапаландыру) оқу ортасы
- Түпнұсқалық және дереккөзге жақындық
-
- Пәнді және тілді кіріктіріп оқыту барысындағы басты нәтиже білім алушылардың жаратылыстану-математикалық бағыты пәндерінен алған білімдері емес, мақсатты тілді меңгеруі (біздің жағдайымызда – ағылшын тілі) болып табылады. Аталған ұстанымдарды кіріктіріп оқытуда жүзеге асыру үшін арнайы әдістер мен педагогикалық технологиялар әзірленген және қолданысқа енгізілуде, солардың бірі халықаралық деңгейде танымал болған СLIL әдістемесі болып табылады.
- Тілдік ортаға ену – екі тілді оқытудың ең тиімді әдістерінің бірі. Жүйелілігі, әдістемелік бірлігі және ғылыми негізі оның артықшылығы мен күшті тұсы болып табылады. Тілдік оратаға ену екі аспектімен сипатталды: осы әдіспен оқуды бастаған білім алушының жасы; мақсатты тілді оқуға бөлінетін уақыт. Енгізу деңгейі бойынша тілді енгізудің бірнеше типтері бар:
- Толық енгізу (Total immersion) яғни, сабақ 100% ағылшын тілінде жүргізіледі. Енгізудің бұл типінің мақсаты, білім алушыларды алдын ала дайындамай, сөздерді жаттамай қалыпты жағдайда сөйлей білуге үйрету.
- Ішінара енгізу (Partial immersion) яғни, сабақ 50% ағылшын тілінде жүргізіледі.
- Тілдік ортаға ену бағдарламасының мақсаты білім алушылардың ана тілін де, екінші тілді де функционалдық меңгеруіне, сондай-ақ үшінші тілді жақсы меңгеру деңгейіне қол жеткізуі үшін жағдай жасау болып табылады.
- Тілдік ортаға ену әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- Артықшылықтары: тілдік кедергіні жою, сөздік қорын толықтыруға көмектесетін жаңа ауызекі сөздерді білу мүмкіндігі. Кейбір қанатты сөздерді ана тілінде сөйлейтіндер қалай және қандай жағдайда қолданатынын білуі, басқа тілде сөйлеуде коммуникацияның қажеттілігі сөйлеу қарқынын айтарлықтай арттырады
- Кемшіліктері: психологиялық ыңғайсыздық: оқу барысында білім алушы ана тілінде қарым-қатынас жасаудан бас тартуға мәжбүр.
- Тілдік енгізу – екі тілді оқытудың ең тиімді әдістерінің бірі. Оның артықшылығы мен күшті тұсы – жүйелілік әдістемелік бірлік және ғылыми негіз болып табылады. Бұл сыныптардың білім алушылары барлық пәндерді кәдімгі мектептегі сияқты оқиды, бірақ айырмашылығы – мақсатты тіл жеке пән ретінде оқытылмайды және ондағы бірқатар басқа пәндерді оқыту процесінде игеріледі. Бұл жағдайда тіл өздігінен аяқталмайды, бірақ ақпарат алу және байланыс құралы болады
Достарыңызбен бөлісу: |