3. Ұйымдастырушылық әрекеті – балалар сыныптан тыс іс-шараның толыққанды ұйымдастырушылары болып табылады. Мұнда қарым-қатынастың диалогтық және топтық қарым-қатынас формалары басым. 4. Бағалау (аналитикалық) – сыныптан тыс іс-шараның тиімділігін бағалау критерийлері – бұл баланың өмірлік тәжірибесінің көрінісі мен оның байытылуы, игерілген ақпараттың жеке-жеке маңыздылығы, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсері, олардың іс-шараға қатысуы. Бүгінгі таңда көптеген адамдар ана тілінен басқа, екі немесе одан да көп шетел тілдерін біледі. Бұл адамдардың шетел тілдерін үйренуге ұмтылатындығын білдіреді. Ол өз кезегінде шетел тілдерін қоғам талап етеді деген сөз. Мұғалімнің басты міндеті – білім алушыларды пәнді оқуға қызықтыру, мұғалімді кездестіре отырып «бізде сабақ қашан болады?» деп сұрайтындай қызығушылық болуы керек. Себебі сыныптан тыс жұмыстар білім алушыларға мереке тәріздес болуы керек. - Үштілді білім берудің мақсаты – көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, түрлі қызмет салаларында диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін Қазақстан азаматын қалыптастыру. Көптілділік проблемасы көп қырлы және көп аспектілі болғандықтан оған әртүрлі ғылыми мектептердің ғалымдарының назарын аударуды қажет етеді. Бұл ретте зерттеудің басты объектісі көптілді тұлғаны қалыптастыру процесі ғана емес, сонымен қатар оның сапасына қол жеткізу жолдары, оның ішінде білім беру сапасын арттыру ресурсы ретінде мониторинг негізінде болуы тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |