Басшылыққа алынатын оқулықтар:
1. Н.Нурахметов, К.Джексембина Алматы «Мектеп»2013
2. М.Усманова, Қ Сақариянова Алматы «Атамұра» 2013
3. Iain Brand. Richard Grime. Longman Chemistry.Pearson, 2009 ж.
4. Jim Clark.Edexcel International GCSE Chemistry.PEARSON,2009 ж.
5. Қазақша-ағылшынша сөздіктер
«Ағылшын тіліндегі бейорганикалық химия терминологиясы»
тақырыбындағы факультативтік курс
бағдарлама мазмұны
8 сыныптағы химия пәнінің негізгі тақырыптарын қайталау (3 сағат)
Химияның негізгі түсініктері мен заңдары, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесін және периодтық заңы, бейорганикалық заттардың кластары және олардың арасындағы генетикалық байланыс, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары бойынша тест жұмысы;
Терминдер:
Атом, молекула, молекулалық масса, валенттілік, химиялық элемент, реагенттер, атом саны, коэффициент, заттың құрам тұрақтылық заңы, газ заңдары, авогадро заңы, газдың молярлық көлемі, заттар массасының сақталу заңы, химиялық реакция, химиялық реакция типі, салыстырмалы атомдық масса, период, химиялық байланыс, электртерістігі, коваленттік полюсті, коваленттік полюссіз, иондық байланыс, бейорганикалық қосылыс, оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар, генетикалық байланыс;
Электролиттік диссоциациялану теориясы. Тұздар гидролизі.(5 сағат)
* электролиттер және бейэлектролиттер, электролиттік диссоциация, табиғаттағы және тұрмыстағы күшті және әлсіз электролиттер, электролиттік диссоциациялану дәрежесі;
* сулы ерітіндідегі қышқылдардың, негіздердіңжәне тұздардың электролиттік диссоциациялануы, көпнегізді қышқылдардың, қышқылдық және негіздік тұздардың диссоциациялануы;
* ионалмасу реакциясы, жүру жағдайлары;
* тұздар гидролизі, биосферада тұздар гидролизінің маңызы, рН туралы түсінік, ағзадағы қашқылдық-сілтілік орта.
Сандық есептер:
реакцияласушы заттардың біреуі артық болған жағдайда химиялық реакция теңдеуі бойынша зат мөлшерін, массасын, өнімнің көлемін есептеу;
Терминдер:
электролиттер, бейэлектролиттер, кристалдық тор, электролиттік диссоциация, ыдырау, электр тогы, заряд, экзотермиялық, гидраттану реакциясы, ерітінді, суда еритін, ион, гидроксид, индикатор, бейтарап, диссоциациялану дәрежесі, күшті электролиттер, орташа электролиттер, әлсіз электролиттер, қышқылдар, сутек ионы, оксоний ионы, қышқыл қалдығы, негіздер, металл катионы, иондық реакция, тұнба, ерімтал тұз, ерігіштік кесте, толық иондық теңдеу, ион алмасу реакциясы, қысқартылған иондық, молекулалық, сілтілік орта, қышқылдық орта, тұздар гидролизі;
Достарыңызбен бөлісу: |