«Ағылшын тіліндегі бейорганикалық химия терминологиясы»
тақырыбындағы факультативтік курс бағдарламасы
Курстың мақсаты: оқушылардың ағылшын тілі пәні бойынша білімдерін тереңдету арқылы бейорганикалық химия бөлімі бойынша алған білімдерін, негізгі ұғымдар мен терминдерді, химиялық тілін ағылшын тілінде меңгерту үшін сөздік қорларын молайтып, тілдік орта қалыптастыру. Химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты жəне көптілді, кретивті, шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту болып табылады.
Курстың міндеттері:
1) бейорганикалық заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;
2) химиялық терминологияны, химиялық заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;
4) заттарды танудың химиялық əдістерін меңгеру;
5) алған химиялық теориялық білімдердің жиынтығын есептер шығару кезінде пайдалана білу дағдысын дамыту;
6) химиялық сипаттағы негізгі ұғымдар мен терминдерді ағылшын тілінде білуге үйрету;
7) көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;
8) өмірлік жəне экологиялық мəселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
9 негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың құрамы, құрылысы, қасиеттері жайында теориялық білімді игеріп, өмірлік мәселелерді шешуде сауатты қолданады;
• заттардың химиялық формулалары және реакция теңдеулері негізінде сандық және сапалық есептер шығарады;
бейорганикалық химиядан негізгі ұғымдар мен терминдерді ағылшын тілінде біледі;
ағылшын-қазақ тіліндегі мәтіндермен, сөздіктермен дербес жұмыс жасай алады; • оқушы бойында танымдық қызығушылығы мен интелектуалдық қабілеттіліктері дамиды;
Достарыңызбен бөлісу: |