Ректальді (лат. rectus – тіке) – жергілікті және жалпы әсер көрсету үшін тік ішекке енгізу арқылы қолданылатын енгізу жолы. Енгізудің ректальді жолын балалар тәжірибесінде, ес-түссіз жағдайдағы аурулар үшін, гериатрияда қолдану қолайлы.
Дәрілік заттардың сіңірілуі 7-10 минуттан соң төменгі және орта геморроидальды күре тамырлар, асқазан асты күре тамыры, төменгі қуысты күре тамырлар арқылы жүреді. Бұл кезде дәрілік заттар, бауырға соқпай, жалпы қан айналымына түседі. Дәрілік құралдар ас қорыту трактысының ферменттері әсеріне ұшырамайды. Сондықтан улы, есірткі заттар дозасын міндетті түрде тексеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |