Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуін


Дәрілік түрлерді қолдану тәсілі бойынша жіктеуді



бет2/12
Дата23.01.2022
өлшемі21.47 Kb.
#454766
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2 лаб

Дәрілік түрлерді қолдану тәсілі бойынша жіктеуді В.А.Тихомиров ұсынған. Бұл жіктелу дәрілік түрлерге дайындау процесінде орындалуы тиіс бірнеше талаптар қояды (араласу біркелкілігі, стерилдігі, мөлдірлігі, дозалану дәлдігі және т.б.).

Барлық дәрілік түрлерді енгізу жолына байланысты үлкен екі топқа бөледі: энтеральді (ас қорыту трактысы арқылы) және парентеральді (ас қорыту трактысынан өтпей).



Дәрілік түрлердің энтеральді түріне келесі жолдар жатады: ауыз қуысы арқылы, тіл астына, тік ішек арқылы. Ең кең тараған тәсілдің бірі – пероральді (лат. per – арқылы, os, orіs – ауыз), ауыз қуысы арқылы (per os). Бұл ең қарапайым және қолайлы енгізу жолы. Ауыз қуысы арқылы қабылданған дәрілік құралдар ащы ішекте салыстырмалы түрде баяу сіңіріледі. Ол ішектің кілегей қабықшасының функционалдық жағдайына, ортаның рН мәніне байланысты болады. Кейбір заттар үшін пероральді енгізу жолы тиімсіз, себебі, заттар ішек ферменттері немесе асқазанның қышқыл ортасының әсерінен бұзылуы мүмкін (панкреатин, инсулин). Сонымен бірге, осы тәсілмен енгізілген кезде дәрілік заттар қанда 30 минуттан соң ғана пайда болады, сондықтан, бұл енгізу жолы тез емдік көмек көрсету үшін қолданылмайды. Пероральді жолдың модификациясы – жергілікті және жалпы әсер көрсету мақсатында қолданылатын енгізудің сублингвальді (тіл астына) түрі болып табылады. Дәрілік құралдар ауыз қуысының кілегей қабаты арқылы тез сіңіріліп, асқазан-ішек трактысы және бауыр барьерлерінен тыс жалпы қан айналым шеңберіне түседі. Сублингвальді түрде белсенділігі жоғары дәрілік құралдарды белгілейді: жыныс гормондары, валидол, нитроглицерин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет