3. Дисперстік ортасы пластикалық немесе тұтқыр жүйелер. Бұл жағдайда агрегаттық күйіне байланысты дисперстік орта сұйықтық және қатты дене арасынан орын алады. Фаза дисперстігі және агрегаттық күйі бойынша бұл жүйелер дисперстік ортасы сұйық жүйелер секілді бөлінеді: ерітінділер, коллоидтар, суспензиялар, эмульсиялар, аралас немесе күрделі жүйелер. Оларды келесі топтарға бөлу тиімдірек:
1) формасы жоқ жүйелер, жалпы масса түрінде болады (жағар майлар, пасталар). Оларға геометриялық форма беру мүмкіндігі болмайды;
2) формасы бар жүйелер, олардың белгілі бір геометриялық формасы болады (суппозиторийлер, шариктер, таяқшалар). Олар қалыпқа құю немесе қолмен илеу арқылы алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |