Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуін


Дисперстік ортасы сұйық жүйелер



бет8/12
Дата23.01.2022
өлшемі21.47 Kb.
#454766
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2 лаб

2. Дисперстік ортасы сұйық жүйелер. Бұл топ барлық сұйық дәрілік түрлерді қамтиды. Фаза дисперстігі және дисперстік ортамен байланысының сипаты бойынша бұл жүйелер келесі топтарға бөлінеді:

а) ерітінділер – дисперстік фазасы максимальды ұнтақталған (иондық және молекулалық – 1-2 нм), еріткішпен сольватты комплекстер түзу арқылы байланысқан және фаза-аралық бөлінуі жоқ гомогенді жүйелер;

б) коллоидты ерітінділер (майдаланудың мицеллярлы дәрежесі). Бөлшектерінің өлшемдері 100 мкм-ден аспайтын, фаза-аралық бөлінуі бар ультрамикрогетерогенді жүйелер.

в) суспензиялар (қоспалар) – дисперстік фазасы қатты, дисперстік ортасы сұйық фаза-аралық бөлінуі қарусыз көзбен байқалатын, бөлшектерінің мөлшері 0,2-100 мкм-ден аспайтын микрогетерогенді жүйелер.

г) эмульсиялар – бір-бірінде ерімейтін, немесе аз еритін өзара араласпайтын екі сұйықтықтан тұратын дисперстік жүйелер. Сұйық фаза тамшысының өлшемдері 20 мкм-ден аспайды.

д) аралас немесе күрделі жүйелер.

Технологиялық процестер мәні: еріту, пептизациялау, суспензиялау, эмульсиялауға тіреледі. Бұл топқа микстуралар, ішуге және сыртқа қолдануға арналған тамшылар, шаюға, басуға арналған ерітінділер (дәрілі дымқыл дәке), сулы, спиртті және т.б. сығындылар жатады.

Бұл топ ішіндегі негізгі орынды шаншуға арналған дәрілік түрлер алады (ерітінділер, коллоидтар, суспензиялар, эмульсиялар). Оларды жеке топқа бөлу – қолдану тәсілінің ерекшелігіне, стерильдеу және асептикалық дайындау жағдайларының қажеттілігіне байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет