ІІ. Байланысты-дисперсті жүйелер. Бұл жүйелер қатты денелердің майда бөлшектерінен тұрады. Бөлшектері бір-бірімен жанасқан және дисперстік ортада өзіндік кеңістіктік торлар және қаңқа құра молекулалық күштер есебінен жанасу нүктесінде біріктірілген. Фаза бөлшектерінің ығысу мүмкіндігі жоқ, тек тербелмелі қозғалыстар ғана жасай алады. Байланысты -дисперсті жүйелердің дисперстік ортасы болуы да, болмауы да мүмкін.
Дисперстік ортасы жоқ жүйелер. Бұл ұнтақтарды жанастыру немесе желімдеу арқылы алынған қатты саңылаулы денелер (түйіршіктер, престелген таблеткалар). Бұл топқа, сонымен бірге қатты микрокристалды балқымалар да жатады (какао майы, қатты парафин).
Достарыңызбен бөлісу: |