Рециркуляциялық кептіргіштердің технологиялық үдерістері былай өтеді. Қыздыру камерасына бұршақтай жауған дəн еркінүдеумен түседі. Үздіксіз түсіп тұрған дəндердің ағынына қарсытемпературасы өте жоғары кептіру агенті қозғалады. Осы қарамақарсы козғалыс үстінде дəн мен кептіру агенті ұшырасады даыстығын беріп, дəн ылғалын кемітіп қыздыру камерасынансыртқа шығарылады. Қыздыру камерасынан шыққан дəндердіңылғалдылығы мен температурасы бірдей болмайды. Сондықтанбір күйге келтіру үшін жылу алмастыру камерасына жіберіледі.Бұл жерде дəндер баяу əрі топталып қозғалады. Ыстық астықтытранспортерлер арқылы тасымалдауға болмайды. Себебі, дəн менсыртқы ауа температурасының айырмашылығы алшақболғандықтан, дəннің ылғалды сіңіру қасиетіне байланыстықайтадан ылғалдануы ықтимал.
Сондықтан рециркуляциялық кептіргіштерде шахталы кептіргіштердегідей салқындату қондырғысы бар.
Астыкты кептірудегі казіргі кездегі жаңалыққа тұрақты температурада рециркуляциялық алғашқы қыздыруды қолданатын кептіргіштерді жатқызуға болады. Бұл əдіспен астық былай кептіріледі:
дымқыл астықты жауған бұршақтай қозғалтып қыздырғанда ылғалдың 1/4 бөлігі кебеді;
алғашқы қыздыру қондырғысы арқылы тек дымқыл астық қана өтіп, шектеулі температураға дейін қыздырылады;
қыздырылған ылғал астық пен рециркуляцияға қолданылатын кептірілген астық араласқанға дейін олардың температурасы теңеледі;
астық қоспалары өзара шектеулі температурада араласады, сондықтан ылғалдың тез кебуіне жағдай туады яғни астық ылғалының сіңу коэффициенті өсуінің арқасында кептіру жылдамдығы артады;
рециркуляцияланатын астықтың тек жартылай салқын- датылуына байланысты тазарту өнімсіз жылу шығарып қайталап қыздыруға тəуелді болмайды;
рециркуляция жасайтын астық ылғалын кептіру үшін жылу таситын агент температурасы астық температурасынан аздап жоғары болса жетеді. Ол үшін қыздыру камерасындағы бұрын пайдаланылған жылу таситын агенттер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |