Агроэкология негізіне кіріспе


АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ



бет20/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Агроэкология лек. (1)

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР

Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы. Дәнді дақылдар ең әуелі адамзаттың азық-түлік қоры болып табылады. Сонымен қатар, дәнді дақылдар-өңдеу өнеркәсібінің шикізат қоры (спирт өндіру, сыра қайнату, т.б.). дүние жүзі егіншілігінде дақылдардың арасында бидай бірінші орынды иеленді. Оның егістік көлемі 220 млн.ға немесе жер шарындағы барлық дәнді дақылдардың 29% шамасында. Дәнді дақылдардың ішінде күріш, жүгері, тары, арпа, т.б. да маңызы зор.

6 кесте Қазақстандағы дәнді дақылдардың егістік көлемі, астық өнімі т.б. мен жалпы түсімі келтірілген. Біздің елімізде 2002 жылы 18 млн. Тоннадан астам астық жиналды, ал астық өнімі 13,9 ц/га болды.

тұқымдасына жатады. Олар санының көптігі мен түр өзгерістерінің әр түрлілігіне қарамай, вегетативтік органдарының құрылысы мен дамуында көптеген ұқсас белгілер бар. Дәнді дақылдар морфологиясы мен өсіру ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді; кәдімгі астық немесе дәнді дақылдардың бірінші тобы-бидай, арпа, қара бидай, сұлы; тары тәріздес астық немесе дәнді дақылдардың екінші тобы-тары, жүгері, шәй жүгері, күріш және қарақұмық: үшінші тобы-дәнді бұршақ дақылдары (асбұршақ, ноқат, майбұршақ, жасымық, т.б.)

Қоңырбастар тұқымдасына жататын дәнді дақылдардың тамыр жүйесі шашақты. Түп немесе ұрықтық тамырлар және түйін немесе қосалқы тамырлар сабақтың жер асты түйінінен түзіледі. Бұл тамыр түрлерінің екеуінің де өісмдік тіршілігінде үлкен маңызы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет