Агроэкология негізіне кіріспе


КӨКІНІС ЖӘНЕ ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫ



бет24/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Агроэкология лек. (1)

КӨКІНІС ЖӘНЕ ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫ

Көкініс шаруашылығының маңызы және ерекшеліктері. Көкініс шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде көкініс және бақша дақылдарының өнімін өндірумен айналысады. Оларда көмірсуы,ақуыз май биакатализатор, дәрумендер, минералды тұздар, органикалық қышқылдар, эфир майлары, фитонцидтер болады.

Көкініс шаруашылығы басқа ауыл шаруашылығы салаларынан бірнеше ерекшеліктерімен сипатталады: олар әр түрлі көкөніс дақылдары мен сорттарының өсу даму жағдайында қоятын арнаулы талаптарына байланысты және олар дақылдарды өсіру үрдісінің технологиясымен өзгешеленеді, көкіністерді ашық және қорғаулы (жылыжай, булыжай) жерлерде өсіреді.

Көкөніс шаруашылығында өсімдік шаруашылығын қолданылмайтын немесе аз қолданылатын агротехникалық тәсілдер –көкөністі көшеттік әдіспен өсіру, көшеттерді сақтауға (конвервацияға) қоюға, өскін алу, көкөністердің өсіп-дамуын және пісіп жетілун жалғасру қолданылады.

Жеміс-жидек шаруашылығының маңызы және жіктелуі. Жеміс және жидек шаруашылығының негізгі міндеті-жеміс-жидек пен жүзімнің өнімділігін арттыру. Медициналық деректер бойынша, адамның қажеті жылдық жеміс-жидектердің құрамында қант, қышқыл, ақуыз және басқа қосылыстар болады. Сонымен қатар жеміс жидектердің құрамында Мд, Na, Fe, Ca, жалпы 60 элемент бар.

Қазақстанда жеміс ағаштардың 22 түрі өсіріледі. Олардың екі жеміс ағашы (алма, шие) және 4 жидек тектес (бүлдірген, таңқурай, қарақат,тұшала

Дақылдары еліміздің барлық аймақтарында өсіріледі.

Жеміс-жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылысына, биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бөлінеді: шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, мушмура, шетен, долана, ырғай); сүйекті (шие, алхоры, өрік, қызыл шие, шабдалы): жидекті (бүлдірген, қарақат, таңқурай, тұшала): жаңғақты (грек жаңғағы, бадам, орман жаңғағы, пісте): субтропикалық және тропикалық дақылдар (анар, зәйтүн, інжір, құрма, шилен, мандарин, лимон, апельсин, грейфрут).

Жеміс өсімдіктері морфлогиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай 5 топқа бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, талшын, қызыл шие, алма, алмұрт, өрік, құрма); бұталар тәрізді ағаштар (түптеніпөсетін шиенің кейбір сорттары, анар, інжір, қара шетен); бұта тектес жеміс өсімдіктер (қара, қызыл, сарғылт қарақат, тұшала): шырмауық тектес жеміс өсімдіктер (жүзім, актинидия, лимондық) көп жылдық шөптесін өсімдіктер (бүлдірген, құлпынай, мүкжидек).



Жеміс-жидектер пайда болуына, биологиялық ерекшеліктері мен құрылысына байланысты да топтанады: алма тәріздес (алма, алмұрт), сүйек (шие зәйтүн); жеміс (қарақат, тұшала): жаңғақ (орман жаңғағы, талшық) померанды (алма, алмұрт, інжір, цитрус) ұрықтанбайтын жемістер пайда болады. Мұндай жемістер дән салмайды және партенокарпикалық жемістер деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет