«Агрономиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж


Дәріс № 2. Тақырыбы: Агрономиядағы зерттеу әдістері



бет3/39
Дата02.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#479499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
4 дәріс

Дәріс № 2.
Тақырыбы: Агрономиядағы зерттеу әдістері.
1. Агрономия зерттеулеріндегі талдау, синтез және гипотеза.
2. Агрономиялық тәжірибе туралы жалпы түсінік және негізгі зерттеу әдістері.
1. Агрономия зерттеулеріндегі талдау, синтез және гипотеза. Практикалық агрономияның негізгі мақсаттарының бірі өсімдіктің сыртқы орта факторларына (су, жылу, жарық, азық және т.б.) талабын оңтайлы қамтамасыз ету, олар әр дақылда әртүрлі және әрқырлы болады, ал оларды өсіру реттелмейтін далалық жағдайда жүргізуге тура келеді, сондықтан агрономия ғылымының мақсаты зерттелетін құбылыстың (өсімдіктің өмірі факторлары) әр түрлі жақтарын біріктіру, құбылыстың негізін ашу үшін әрекеттілікті және қарым-қатынасты зерттеу.
Агрономия ғылымының негізгі зерттеу объектілерінің көпқырлылығы – өсімдіктің сыртқы ортамен қарым-қатынасы, біріншіден алынатын өнімнің сапасы және санына, адамға азық үшін пайдалану түріне, малға азық, өндіріске шикізат ретінде пайдалануына, экономикалық құндылығына, маңызы және өндірілетін өнімге сұранысына байланысты.
Агрономия ғылымы негізінде анализ (талдау) (грек тілінен. analisus – орналасуы, бөлінуі, бөлу) және синтез (грек тілінен. sintesis – қосу, құрастыру) деген түсініктер жатыр, себебі құбылыстың, фактордың, үрдістің түсінігін қалыптастыру үшін олардың жеке жақтарын ғана қарастырып қоймай сонымен қатар олардың біртектілігін ескеру керек, ол дегеніміз жеке және жеке бөліктерімен қарым-қатынасы.
Талдау жеке факторлардың (топырақ өңдеу әдісі, себу мерзімі және әдісі, себу мөлшері, тыңайтқыш және т.б.) өсімдіктер тіршілігіне және олардың өнімділігіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Өсімдіктердің тіршілігіне және өнімділігіне факторлардың жеке әсерін зерттеу, өнімділіктің жоғарлауына әсерін тигізуде өзінің тиімділігін көрсеткен факторды таңдай отырып әрі қарай синтетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттеудің синтетикалық әдісі мысалы ретінде зерттеу нәтижелерін өндірістік жағдайда тексеру болып табылады.
Зерттеушіге осы және басқа сұрақтар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізбес бұрын, осы мәселе бойынша шығарылған ғылыми мақалаларды оқу қажет, оларды тереңірек зерттеп үрдістер туралы гипотеза жасау қажет, олар белгілі бір сыртқы орта факторларының әсерінен өсімдіктерде өтеді, оларға дақылдардың өнімділігіне әсер етуін бағалау (әрі қарай өзінің тәжірибе қорытындыларымен салыстыру), осы агротехникалық шараны өндірістік жағдайда зерттеу мақсатында тәжірибенің бағдарламасын және сызбасын салу.
2. Агрономиялық тәжірибе туралы жалпы түсінік және негізгі зерттеу әдістері. Тәжірибе (эксперимент) – әсер етуді жан жақты есепке алуға жағдай туғызатын жерде құбылыстың пайда болуын, оның шығуын, себептілігін анықтау.
Агрономия тәжірибелеріндегі негізгі зерттеу объектісі – өсімдік және өсуіне, дамуына және дақылдың өнімділігіне әсер ететін факторлар. Тәжірибедегі бақылаулар – сандық және сапалық дамудың пайда болуын есепке алу, констатациялық жағдайына байланысты өсімдіктің өсуі және дамуы, оның ішінде фенологиялық бақылауды, өлшеуді, өсімдікті вегетациялық және басқа кезеңдерде өлшеуді айтуға болады.
Агрономиялық зерттеуде негізгі әдістері болып келесі негізгі тәжірибелер: вегетациялық, зертханалық, лизиметриялық, өндірістік, танаптық, сонымен қатар өмірлік тәжірибеде үлкен роль атқарады.
Вегетациялық –бақыланатын жағдайда жүргізілетін тәжірибе – вегетациялық үйшік, жылыжай, булы жай, қолдан жасалған климатты камера (фитотрон) және дақылдың өсуін, өнуін және өнімділігін анықтау мақсатында орнатылған тағы басқа заттар.
Академик Д.Н.Приянишниковтің (1954) айтуы бойынша «вегетациялық зерттеу әдісінің мақсатына «үрдістің негізін ашу және жеке факторлардың маңызын түсіндіру, ең бастысы өсімдіктің, топырақ және тыңайтқыштың ролін ескеру». Сонымен вегетациялық зерттеудің негізгі объектісі болып өсімдік, топырақ және тыңайтқыш болып саналады. Вегетациялық әдіс жаңа сорттарды шығаруда селекциялық жұмыстарда, биотехнологияда биологиялық үрдістерде және ауылшаруашылығы саласының әртүрлі жүйелерінде пайдалану мүмкіншілігін анықтауда, өнеркәсіп және медицина – ғылыми бағыттарында биология және техниканы біріктіру мүмкіншіліктерін зерттеуде кеңінен қолданылады.
Вегетациялық тәжірибелер ортасына байланысты үш негізгі түрге бөлінеді: сулы дақылдар – орта ретінде сулар пайдаланады, құмды-орта ретінде құмдар пайдаланады, топырақты дақылдар- орта ретінде топырақ пайдаланады.
Сулы дақылдарды пайдаланғанда тәжірибелік өсімдіктер ыдыстарда өсіріледі, оның іші суға және қажетті мөлшерде керек заттар ерітіліп толтырылады.
Құмдақ дақылдарды пайдаланған кезде, судың орнына таза кварцты құмдар алынады, олардың мөлшері 0,5-0,7 мм көп емес және органикалық қосындылардың лайынан тазартылған болады. Кептірілгенне кейін құмды 0,5 мм диаметрі бар сүзгіштен өткізеді, ал өсімдіктердің қоректенуін зерттейтін терең физиологиялық тәжірибелер үшін, топырақ қосымша тұз қышқылымен өңделеді, содан кейін қыздырылады. Құмды дақылдар сулы дақылдардан артықшылығы бар, себебі тәжірибе жүргізу жеңіл, өсімдіктің дамуы жақсы, бірақта сулы өсімдіктер құмды өсімдіктерге қарағанда өсімдіктің тамыр жүйесінің өсуі және дамуына бақылау жасауына мүмкіндік береді.
Вегетациялық тәжірибелер 3,5-5 л көлемі бар шыны немесе метал ыдыстарында жүргізіледі, олар тәжірибе өсімдіктері бекітілген тесігі бар тығындармен немесе ағаштар жабылған. Вегетациялық ыдыстар әдетте сулы дақылдарда пайдаланылады, ал кейде құмды және топырақты дақылдарға да пайдаланылады, ақырғыларына тесігі бар қақпақтардың қажеті болмайды.
Зертханалық - зерттеулер, зертханалық жағдайда жүргізіледі –зерттелетін объектіге факторлардың әсер етуін оқу үшін температура, жарық, ылғалды реттеп отыруға мүмкіндік беретін бөлмелерде, термостаттарда, бокстарда, климаттық камераларда жасалынады. Зертханалық әдіс жеке зерттеу әдісі ретінде келесі сұрақтарды шешу үшін қолданылады: физиологияда фотосинтездің физиологиялық процесін, көмірсулар ассимилияциясының, өсімдіктер тыныс алуының, судың сіңірілуін және булануын, өсімдіктердің қоректік элементтерге қажеттілігі, биохимиялық процесстерді және көптеген басқа заттардың құрамын анықтағанда-ақуыз, майлар, витаминдер, минералды заттар және т.б., селекцияда – өсімдіктердің сыртқы орта факторларына талабын зерттеу- қысқа, құрғақшылыққа, ауыруға және зиянкестерге төзімділігі, өсімдіктердің технологиялық сапасы.
Агрономия ғылымының әрбір бөлімінің өзінің зертханалық зерттеу әдісі бар, химиялық, физико-химиялық, микробиологиялық және т.б.
Зертханалық зерттеу әдістері тұқымның өсуі үшін оңтайлы жағдайларын, ол тұқымдардың өсіру жағдайына байланысты себу сапасына баға беру үшін тұқымшаруашылығында кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет