«Агрономиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж


Дәріс № 3. Тақырыбы: Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар және мақсаттары



бет6/39
Дата02.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#479499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
4 дәріс

Дәріс № 3.
Тақырыбы: Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар және мақсаттары.
1. Танаптық тәжірибелердің жіктелуі.
2. Танаптық тәжірибелерге қойылатын талаптар.
1. Танаптық тәжірибелердің жіктелуі. Алдында анықталғандай танаптық тәжірибе негізгі әдіс болып есептеледі, оның негізгі мақсаты болып ауылшаруашылығы өндірісі және агрономиядан пайда болған келесі мақсаттарды шешу – өсіру технологиясы элементтерін оқу негізінде өнімділік деңгейін арттыру және алынған өнімнің сапасын арттыру және белгілі бір топырақ климат аймақтарына арналған агротехникалық шараларды қолдануға ұсыныс жасау, сонымен қатар өндіріске пайдалану үшін жіберілетін дақылдың сорттарын сынау.
Танаптық тәжірибе өсімдік тіршілігі факторларының өнімділікке және алынатын өнімнің сапасына сандық әсер етуі туралы толық анықтама беру қажет, оның мақсаты келесідей:
а) реттелемейтін сыртқы орта факторларының әсерін есепке алу;
б) зерттелетін агротехникалық шараның, сонымен қатар реттелетін факторлардың әсерін оқу;
в) зерттелетін фактордың әсерінен болатын өсімдіктің өсу және даму құбылысына бақылау жүргізу;
г) өнімділікті есепке алу және оның сапасына баға беру.
Т.Г.Найдин (1968) су, қоректік, температуралық режимдерді, топырақ құрылғысын, өсімдіктердің ауыруы және зиянкестерін және т.б. анықтау үшін егістікте жүргізілген тәжірибелерде егер өнімділік анцықталмаса оны танаптық тәжірибе деп айтуға болмайды деп жазған.
Сондықтан, танаптық тәжірибе мақсатына табиғи жағдайда (егістік) міндетті түрде сандық бағалау әдістемесін қолдану қажет, басқа және сол дақылдың, сорттың өнімділігіне шараның немесе шаралар қосындысының әсері.
Бағалау белгілі бір егістік көлеміне қосымша өнімнің болуымен есептеледі (салмағы немесе сапасының артуы). Агротехникалық шараның сандық бағалауын, зерттелетін агротехникалық шараның тиімділігі деп атайды, одан басқа, танаптық тәжірибелер қорытындысынан тәжірибені экономикалық тиімділігі бағалауды талап етеді.
Танаптық тәжірибелер кейбір көрсеткіштеріне байланысты: зерттеуде шешілетін зерттеу мақсатына, қарастырылатын сұрақтар санына, орнына және ұзақтығына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: стационарлы (тұрақты), көпжылдық және уақытшаолар арнайы бөлінген жерде немесе өндірістік жағдайда жүргізіледі, мақсатына агротехникалық шараларды зерттеу, сорт сынау, немесе сол және басқа агротехникалық шаралар аясында зерттеулердің арақатынасы және сорттарға баға беру, бұл кездердеде міндетті түрде экономикалық тиімділігіне баға беру қажет.
Сонымен басқа танаптық тәжірибелер екі топқа бөлінеді: негізгі (бағдарламаланған) және барлаушы (рекогносировкалы, уақытша).
Негізгі тәжірибелер – стационарлы, тұрақты жер учаскесінде және бірнеше жыл жүргізіледі, барлаушы уақытша жер учаскесінде салынады, бірақта арнайы бөлінген жер учаскесінде жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына сорт сынау жұмыстары сорт сынау жер учаскесінде жүргізіледі, олар әр түрлі топырақ климат аймақтарында орналасады, сорт сынап сол және басқа аймаққа, ауданға стандартпен салыстырғанда келешегін анықтайды, бұл кезде зерттеулер жеке тәжірибелерде де, сонымен қатар әр түрлі агротехникалық аяларда жүргізіледі (алғы дақыл, топырақты өңдеу әдісі, тыңайтқыш және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет