Күшейткіш демеуліктер. Күшейту мәнін беру үшін қолданылатын демеуліктердің қатарына -ау, -ай, -ақ, да (де, та) те шылаулары жатады. Олар сөйлемде беріле-тін ойға, не ондағы жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасына қосымша күшейткіш мән (рең) жамау үшін жұмсалады.
а) -ақ демеулігі зат есіммен, сын есіммен, сан есім-меи, есімдікжәне кейбір үстеу сөздермен тіркесіп, оларға әр түрлі күшейткіш мән үстейді. Мысалы: Ертсң емес, бүгін-ақ, қазір-ақ жүрсек етті (М. Әуезов); Аяғын бір сәнмен тым-ақ жсңіл басады (Ә. Сәрсенбаев).
ә) -ау демеулігі есім сөздермен, етістіктің ашык рай формаларымен, көсемше түрлерімен, одағай сөздермен және бар, жоқ сөздерімен тіркесіп, оларға риза болу, Шаттану, ренжу, күйіну, мақұлдау, қолдау сияқты мәндер жамайды. Мысалы: Қап, мына іиақ мені жеңді-ау (Ғ. Мү-сірепов); Өлең мен зн ырысьін тауыптьі-ау (М. Әуе-зов), Апай-ау, сіз қайдан жүрсіз? (Ғ. Мүсірепов).
б) -ай демеулігі зат есім, сын есімдермен ғана тірке-седі. Ондайда зат есім сөздер көбінесе қаратпа сездерге айналады я таңдану, таңырқау мәнін үстейді. Мысалы:
Апатай-ай, жаман сөзді айтпашы! (С. М ұканов); Қал-қам-ай, мынау атыңның мінезі қалай өзі (М. Әуезов); Салмағынан жер майысады, ауырын-ай (Ғ. Мұстафин).
в) Да (де, та, те) шылауы демеулік ретінде колда-нылғанда, тек бір ғана сөзге қатысты болады да, сол сөзді өзге сөздерден бөліп күшейту мәнін үстейді. Бұл шылаудың тіркесетін сөздері және оларға жамайтын ма-ғыналары төмендегідей:
Есім сөздермен, мезгіл үстеулерімен, етістіктің кесем-ше, есімше және рай формаларымен тіркесіп айтылғанда оларды тзптіштеп айқындай түсу, анықтап көрсету, кү-- шейте түсу мағынасын үстейді және ондай есім сөздер же-кеше, көпше түрлер де, тәуелдеулі, септеулі формаларда да, шырай формасында да жүмсала береді. Мысалы: Біз үйден шыңқанда, күн де сәскелікке жақындап еді (Б. Майлин); Е л көзінен оңашада екеуі эзілдесіп те алады, үрысьш та алады (Б. Майлин).
Достарыңызбен бөлісу: |