в) Туралы септеулігі көбінесе зат есіммен, есімдік және қимыл атауымен тіркесте белгілі бір хабар, ой, пі-кір, зат я іс-әрекет жөнінде айтылатынын аңғартады. Осы туралы септеулігімен мағыналас турасында, турасынан жайында, жайынан, жанлы, жөнінде, жөнінен дегей шы лаулар да бар. Мысалы: Десятник Гаврилов туралы се-німен ақылдасайын деп едім (С. Ерубаев).
г) Арқылы септеулігі зат есіммен, есімдікпен жән« қимыл атауымен (түйық етістіктермен) тіркесіп, оларға «көмегімен», «жәрдемімен» деген сияқты қосымша мағы-на үстеп, бүтіндей тіркес белгілі бір баспалдақтық, саты-лық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Әуе труба арқылы келеді (Ғ. Мұстафин); Мейрам әлдекімге телефон арқы-лы әмір етті (Ғ. Мүстафип).
ғ) Бойы, бойымен септеуліктері көбінесе мезгіл мәнді зат есімдермен, есімдіктермен және -ғаи (-қан, -кен, -ген) формалы есімшелермен тіркесіп қолданылады да, белгілі бір мерзімнің бас-аяғын камтитындай мағынаны аңғар-
тады. Мысалы: Өмір бойы жулық жалап, етік тіккен Жүмабай жүр (С. Мұканов); Қартаң Каспий ңалғыған бойымен Терекке көзін аиіып үндсмейді (Абай).
д) Шамалы, шақты, қаралы септеуліктері негізінде сан есімдермен тіркесіп қолданылады да, санның негізгі ұғымына жуық, тарта деген сияқты мөлшсрлік мағына үстейді. Мысалы: Бізден басңа жиналған отыз шамалы кісі бар екен (С. Мұканов); Әскерше киінген он ишқты адам топтала қалды (Ғ. Сланов)).
е) Ғүрлы (ғүрлым) септеулігі атау формадағы зат есімдермен, есімдіктермен, -ған формалы есімшелсрмен және субстантивтенген өзге де сөздермен тіркеседі де, оларды басқа бір сезбен шендестіреді. Мысалы: Менің үзатылуым жетім қыздың тойы ғүрлы болмағанына күлкім келеді (Ш. Хұсайынов); Ж алын үйтіп жатса-да-ғьі сирағьін шыбын шаққан ғүрлы оған болмады. (А. Хангелдин).
Достарыңызбен бөлісу: |