Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай жаракімалла, мащарай, о тоба, астапыралла, япырмай ойпырмай, о дариға... сияқтанғандар жатады. Бүлар
әуел-бастағы мағыналы сөздерден я сөз тіркестерінеи бірігіп одағай сөздерге айналған. Мысалы:
мәссаған де-ген одағайдын бастапқы төркіні —
мә, саған; бәрекелді дегеннің төркіні —
барақа аллаһу (алла саған бақьп берсін);
жаракімалла дегеннің төркіні — я
рақым (бер) алло; м асщ рай дегеннің түбірі —
масқара-ай; о тобс дегеннің төркіні —
иситиғфсіру аллаһу (алла кешірсін);
япырай, ойпырмай, апьірай дегендердің түбірлері —
я, пірім-ай;
ой, пірім-ай дегендерден шыққан. Ал
әттегенай деген одағай
эйт деген-ай (айт дегенің -ой) дегеннен шыққан. Бірақ бұл сөздер өздерінің бастапкы акиқат-тық мағыналарынан тіпті алыстап, тан калу, үнату,
ма-дақтау, өкіну шошыну сияқты көңіл күйлерін білдіретін одағайларға айналып кеткен.
Сол тәрізді, е, тәйір; тәйір-ай; уа, дуние; әттең; іиір-кін-ай; я сәт; аттан; алақай деген сияқты ескі ұғымдар-ды білдіретін сөздер көбінесе одағай ретінде әуелі ауыз-екі тілде қолданылып, біртіндеп әдеби тілге де еніп ке-
тіп жүр.
Сөйтіп, одағайлар тек көңіл күйін білдіретін күрделі дыбыстардан ғана емес, бастапкы кезде ақиқаттық ма-ғынасы бар сөздерден де шығады. Одағайлар тек ерте-ректегі дәуірлерде шыққан сөздер ғана емес, я олардын калдықтары ғана емес, кейінгі кездерде де, біздің зама-нымызда да шығып отыратын категория.
Одағайлардың дәлді мағынасы нактылы сөйлеу жағ-дайларымен байланысты контексте айкындалады, өйтке-ні бір одағай сөздің өзі, қолданылу ерекшелігіне қарай, әр сөйлемде әр түрлі мағьіна береді. Демек, бір одағай-дың өзі бірде таңырқау, бірде сүйсіну, бірде налу, бірде
аяу, бірде ызалану, бірде үнату, бірде үнатпау, бірде кү-діктен^' бірде мысқылдау, бірде назар аудартып қара-ту сиякты жай-күйлерді білдіріп ауысып отырады. Мы-(Салы:
Әй, сол ма, тейірі! (Ғ. Сланов);
Әй, байғүсым-ай, басын бастаса, тусіне кетесің-ау! (С. Мұканов);
Әй, сен өзің әрі кетші! (С. Мұқанов).
Сөйтіп, көңіл күйіне байланысты, жоғарыдағы сияқ-ты, одағайлардың өздері әлденеше түрге бөлінеді. Бі-рақ мағыналарының соншалык ауысып отырғандығынан оларды жіктеу тіпті киын. Егер топтасақ, көңіл күйінің. алуан түрлі райын бас-басына атап санауға мәжбүр бо-латын сияқтымыз. Сондыктан жоғарыдағы сияқты ода-ғайларды шартты түрде
бір топқа жатқызып, көніл күйі одағайлары деп атауға болады.
Бұлардан баска тілімізде адамға арнай айтылатын: кзне, міне, әні, мэ, жә, әйда, әй, тек, тәйт сияқты ода-ғайлар да бар. Бұлардың мағьіналары жоғарыдағы ода-ғайлардан гөрі басқашарактау. Демек, олардың кейбі-реулері көрсету я нүсқау (кәні, міне, әні), кейбіреулері үсыну (мә, айда), кейбіреулері тыю (жәй, тәй, тек, тәйт) мағыналарын береді; бұларды ишарат одағайлары де-ген дұрыс.
§ 110. ОДАҒАПЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Одағайлар ойды көріктендіріп, ырғакпен (интона-ция) айтылатын сөйлем емес, бірақ сөйлемге балама ре-тінде колданылатын сөздер. Бірақ олар — іштей мүше-ленбейтін, синтаксистік жағынан басқа грамматикалық категориялардан окшау тұратын, әлеуметтік кызметі мен мәні әбден түсінікті болып калыптаскан сөздер. Осы брекшеліктеріне қарай, одағайлар адамның көңіл күй-лерімен байланысты алуан түрлі сезімдерді білдіретін лепті, сүраулы сөйлемдер ретінде қолданылады. Мыса-лы: қане! деген одағай келщдер! іске кірістік я іске кі-рісіңдер! деген ишаратты білдірсе, міне! деген одағай һердіңдер ме, айтқаным осы еді немесе осы сияқтанған басқа мағынада колданыла береді. Ауызекі тілде қане! міне! дегендердің орнына сыпайырак ңанікиіңіз, мініки-іңіз деп, мә! жэ! деудің орнына мәңіз! жәңіз! деп те ай-тады.
Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады.
1) Одагайлар кейбір көмекші етістіктермеғі тіркесіп