II. Септеуліктер
Септеуліктер деп объекті мен объектінің не преди-к,аттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп түратын көмекші сөздерді айтамыз.
Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантив-тенген өзге де атаушы сездерге себептік, бағыттык, мак-саттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, үк-сату сиякты әр қилы грамматикалық мағыналарды жа-магі тыңғылықтандырып отырады.
Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазьіп жүрген кім? (Ә. Әбішев); Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Б. Майлин) деген сөйлемдердегі дейін, қарай септеуліктерін алып тастап, Алматыға, үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлем-дердегі ой едәуір өзгеріп кеткен болар еді. Өйткені ал-ғашкы сөйлемде шахтаның жайын жергілікті аудандық, қалалық, облыстық т. б. мекемелердің бәріне жазып, сонан соң Алматыға жазғаны байқалса, дейін септеулі-гін түсіріп айтқанда, шахтаньщ жайын тікелей Алматыға ғана жазғаны аңғарылар еді. Сол сияқты, үйіне ңа-рай дегенде Шұғаның тек үй ж аққа бет алғанын аңға-ратын болсақ, қарай септеулігін түсіріп, үйіне кетті де-генде, Шұға ешқандай бұрылмай тура үйіне кетті деген мағына түсінілер еді.
Атау септікті меңгеретін септеуліктер. а) Үшін сеп-теулігі негізінде атау септік формасындағы зат есімдер-Мен, есімдіктермен, -с (-ыс, -іс), -у формалы қимыл атау-
ларымен, -мақ (-мек), -ған (-қан, -ген, -кен) формалы есімшелермен тіркесіп жұмсалады да, оларға көбінесе себеп, мақсат, арнау мағыналарын жамайды. Ал үшін септеулігі негізінде -у, -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) формалы сөздерге және -мас (-мес, -бас, -бес...) формалы болымсыз есімшелерге тіркескенде максаттық мағына бе-реді. Мысалы: Сатай ылғи ас берген сіуылда даяіиьі болу үшін туғандай еді (С. Сейфуллин); Қазір тіпті қарап стырмас үшін ол — Абайдың тобылғы сапты ңамшысы-на бүлдірге тағып отыр (М. Әуезов).
ә) Сайын септеулігі зат есімдермен, өте-мөте мезгіл атауларымен және -ған (-қан, -кен, -ген) формалы есім-шелермен тіркескенде, ол сөздерге даралау, саралау ма-ғынасын үстейді немесе белгілі бір іс-әрекеттің дүркін-дүркін қайталанып отыруын я үдей түсуін білдіретіндей қосымша мағына жамайды. Мысалы: Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым (Ә. Әбішев); М ал ауылдың ңорасындо көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасындап тур (Б. Май-лин).
б) Сияқты септеулігі сөйлемде зат есіммен, есімдік-пен, қимыл атауларымен, тұйық етістікпен және -ған (-қан, -ген, -кен), -тын (-тін) формалы есімшелермен тір-кесіп қолданылады да, негізінде ұқсату мағынасын білді-реді. Мысалы: Украина жырлары да қозақ жырлары сияқты арнаулы әнмен ғана сійтылады (С. Мұканов).
Достарыңызбен бөлісу: |