ا
(а),
و
(о),
ﯢ
(ы),
ﻩ
(е).
Дауыссыз дыбыстар:
ب
(б),
پ
(п),
ت
(т),
ج
(ж),
چ
(ш),
د
(д),
ر
(р),
ز
(з),
س
(с),
غ
(ғ),
ق
(қ),
ك
(к),
گ
(г),
ڭ
(ң),
ل
(л),
م
(м),
ن
(н). Жарты дауысты
дыбыстар:
ﯢ
(у),
ﻪي
(й). Бұл дыбыстардың ішінде қ әм ғ дәйім жуан
айтылады, г, к, әм е дәйім жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың әр
қайсысы екі түрлі айтылады: бірде жуан айтылады, бірде жіңішке. Егерде
бұл 19 дыбыстың жуан айтылғанына бір қаріп, жіңішке айтылғанына бір
қаріп керек десек, мысалы:
-
،س
-
ت
(
Араб тілінің жуан с, т
дыбыстарының таңбалары жазылуы керек.) сықылды, онда 19 дыбысқа 38
қаріп керек болар еді, бұған дәйім жуан айтылатұғын
ق
менен
غ
-ларды,
дәйім жіңішке айтылатұғын
ك
,
گ
әм
ﻪي
-лерді қосқанда, әммасына 43
қаріп керек болар еді. Араб әліппесінде 43-ке жететұғын қаріп жоқ. Өзге
жұрттың әліппелерін қазақ қабыл алмайды. Араб әліппесі қазақ арасына
дінменен бірге таралған, сіңген, дінменен бірге байласқан әліппені алып
тастап, басқа әліппені алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң араб
қаріптерін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек. Араб
қаріптерінің түрін тым бұзып өзгертуге болмаса, қалай амалын таппақ
керек? Мұның амалы менім ойлауымша мынау:
Дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы. Иағни
дауысты дыбыстар жуан айтылса – олардың қатарындағы дауыссыз
дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса –
дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы. Бұлай болғанда дауысты
дыбыстардың қаріптерінің жуан иә жіңішке айтылмағын белгілеп
айырсақ, дауыссыз дыбыстардың да жуан иә жіңішке айтылмағын
айырғанымыз.
Дауысты дыбыстарымыз:
Достарыңызбен бөлісу: |