«Ахмет Байтұрсынұлының 0 жылдығына арналған байқау сценарий» тур: Топтық таныстырылым Видеоролик Сәлемдесу


Біздің іс – тәжірибемізде қолданған әдіс – тәсілдер нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткіздік



бет8/8
Дата20.05.2022
өлшемі29.66 Kb.
#457984
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8
сценарий конкурс

Біздің іс – тәжірибемізде қолданған әдіс – тәсілдер нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткіздік:
1. Оқушылардың пәнге деген танымдық, шщығармашылық қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ынтасы дами түсті.
2. Білуге , үйренуге деген қызығушылықтары артты.
3. Кітапханамен тығыз байланыс орнады.
4. Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры , ойлау қабілеті артты.
5. Оқушылардың ізденімпаздығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланды.
6. Әр тақырып бойынша қосымша ізденіп оқу керектігіне дағдыланып, шапшаңдыққа, жинақылыққа , бәсекелестікке қабілеттілігі артты.
7. Атадан қалған асыл сөздердің дәстүрмен сабақтастығын ұғынды.
8. Белгілі қоғам қайраткерлері туралы кеңірек тани отырып, сөз маржанын теріп, мағынасына терең бойлап, жүйелі сөз , ақылды ой айта білуге үйренді.
9. Оқушыларда өздеріне деген сенім, үлкен жауапкершілік пайда болды. Өздерін дара тұлға ретінде сезініп, көп білуге ізденеді, қиялдары артты.
Оқушыларды әдебиетке баулуда оқушы мен мұғалім арасында байланыс нығайып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артады. Ал, тәжірибеміз көрсеткендей, шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушының дүниетанымы артады.
Қорытындылай келе, Ахмет Байтұрсынұлының айтқан «Оқыту дегеніміз – асылында, оқушыны үйренуге үйрету» деген қағидасы кезеңдік я бір дəуірлік міндетті емес, ұлттық шеңберден асып, жалпыадамзаттың білім жүйесін құрудың өзегі болып отыр.
«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылғы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын», - ұлы жазушы Мұхтар Әуезов атамыз Ахмет Байтұрсынұлы жайында осылай деген болатын. Сол қан мен тердің арқасында келген еңбектерді тарихта мұра етіп қалдырып ұмытпастай ету ол біздің борышымыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет