«Ахмет Байтұрсынұлының 0 жылдығына арналған байқау сценарий» тур: Топтық таныстырылым Видеоролик Сәлемдесу



бет3/8
Дата20.05.2022
өлшемі29.66 Kb.
#457984
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8
сценарий конкурс

Бөлім:

Атақты тұлғалар

Педагогтің аты – жөні:

«Жалын» тобының мүшелері

Күні:




Сыныбы: 3 « А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Пәні

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

Атадан қалған асыл сөз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.4.1 сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдану
3.2.4.1 өлең, нақыл сөздердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Атадан қалған асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру. Оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі /уақыты



Педагогтің іс – әрекеті





Оқушының іс – әрекеті



Бағалау



Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу. Балалармен психологиялық ахуал ұйымдастыру. Балалармен бірге «Дос болайық, бәріміз!» атты өлең шумағын оқу:
«Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!»

Оқушылар өлең жолын қайталайды.






Интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар



2 минут



Топқа бөлу. «Нақыл сөздер» әдісі арқылы сыныпты 3 топқа бөлемін
I топ Қазыбек бидің сөздерін тапқан оқушылар тобы «Қыран» тобы;
II топ Әйтеке бидің сөздерін тапқан оқушылар тобы «Сұңқар» тобы;
ІІІ топ Төле бидің сөздерін тапқан оқушылар тобы «Бүркіт» тобы.
Топ басшылары сайланады.

Үстелдің үсінде орналасқан сиқырлы қобдишадан нақыл сөздерді алып қайсы бидің сөзі екенін анықтайды. Сөздерді анықтауына қарай топтарға жайғасады.






Сиқырлы қобдиша, үлестірмелі қағаздар



Сабақтың ортасы
5 минут



Әңгімелесу әдісі
Мұғалім: Атадан қалған асыл сөздерді үйренуге біз «Сөзстанға» саяхатқа шығамыз. «Сөзстан» дегеніміз - атадан қалған асыл сөздер, көп ғасырлық тарихы бар қазақ әдебиеті. Халқымыз «Өнер алды - қызыл тіл» деп аса жоғары бағалаған. Сондықтан біз сол «Сөзстанға» саяхат жасауды мақсат еттік. Бүгінгі ашық тәрбие сағатында асыл сөздер еліне бет алған жолда көп кедергілер кездеседі екен. Біз сол кедергілерден табандылықпен, тапқырлықпен өтуіміз керек.
- Қалай ойлайсыңдар, атадан қалған асыл сөздерге не жатады?
Мұғалім: Бұларды неге асыл сөздер дейміз?
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұрынғы аталарымыз өмірден көрген - түйгендерін жинақтап, бай тәжірибесін бізге сөзбен өрнектеп, мұра қылып қалдырған. Ендеше, біз «Сөзстанға» жету үшін үлкен үш кедергі бекеттен өтеміз. Бекеттерге жеткенше мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

Оқушылар: Нақылдар, ырым - тыйым сөздер, мақал - мәтелдер, өтірік өлеңдер, көркем сөздер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер. Оқушылар: Өйткені аталарымыз асыл сөздер арқылы ақыл айтып, «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген.



Дескриптор: Тапсырмаларды дұрыс орындағандары үшін «от шашу!» әдісімен бағалайды.




3 минут





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет