Ахмет Байтүрсынов! Темірбек Жүргенов!



бет2/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.88 Mb.
#124238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

МЕРУЕРТ


(эңгіме)

Күзгі күнгі қара дауыл. Жер қатқан. Қос аяқты арбамен жүргенде тарсылдап, әсіресе желгенде арбаны да, үстіне мінген кісіні де үшырып тастап отырады. Кер-Ақанның Әбілқасымы айтқандай, қазақ арбасын астына басып, өз басына салт мінген.

Жүрісі асығыс, атын борбайлап аққулы көлдің бауырында отырған ауылына қарай бет алып, бір сарынмен желе шоғытып келе жатыр.

Күзді күнгі салқын сүр бүлт біресе күннің көзін түмшалап, жерді қаракөлеңкелеу қылып, салқындық ызғарын бетке үрып, біресе күннің көзінен сыпырылып өтіп, жерге күннің жылылық лебізін жайғызып түрды.

. Желдіртіп бара жатқан Әбілқасымды осы қараңғылық сәуле кейде оздырып, кейде қуып жетіп қайтадан қаптап кетеді. Арбаның ішінде алдыңғы бір бүрышында отырған - шүбардағы елде Таспай дегеннің қызы - Меруерт.

Меруерт биыл он үш жасында осы Әбілқасымға үшінші күйеуге беріліп отыр. Алғаш берілген жері керей Бейсенбай болатын. Жасы 50-ден асқан кісі. Екі қатыны өліп, Меруертті үшіншісі ретінде алған. 12 жасында Бейсенбай келіп айттырып, «дәрет суымды жылытып беріп, әйтеуір қарасын болып, қойнымды жылытып жатса болды-дағы» деп алып еді. Жарты жыл отасып түрған соң Бейсенбай өлген. Меруерттің Сағынбай деген немере ағасы барып үйіне алып келді.

Меруерттің осыдан төрт жыл бүрын әкесі де, шешесі де жүртты қиратқан қалың сүзектен өлген. Жоғарғы қалған немере ағасы ие болып үзатқан. Алғашқы берілген күйеуінен көп мал алып береді. Сағынбай ие болып қыруар мал алса да, Меруертке бір бүтін көйлек кигізіп берген жоқ. Сол кезде мүжықтардан елге алып шығып кім болса соған аз бидайға сатып жатқан кезеңдерінде де, бөтен елге бара жатқанда да бір бүтін көйлек алып кидіруді білмеді. Жалаңаш етіне ескі шекпен күпі киіп, бөтен елге үзатылып барды. Бейсенбай арбаға салып алып барғанда ауылдың ойнап жүрген үсақ балалары жиылып арбадан түспей жатып қоршап алып, «жеңгей, есенсіз бе?» деп ағаш лақтырып келемеж қылғаны 12 жасар Меруерттің бетінен отын шығарып, үялтты. Осынікі деген нәрсеге, өзінікі деген мүшелеріне көзін түсіруден сақтанды. Өз денесі өзіне арам нәрседей-ак, жирендіріп, көз тоқтатқызып қаратпады.

Маңайындағы, үй ішіндегі нәрселер, далаға шықса, өріп жүрген мал - барлығы да жалғыз-ақ соған қарап, келемеж қып күліп түрған секілді көрінеді. Осы айтылған себептерден Меруерт отырса да, түрса да, жүрсе де, аяғының астынан басқа жерге көзін түсірмеді. Үйде кісі жоқ уақытта да түнеру, төмен қарау, ренжу болды...

Әбілқасымның үйіне келді, мүнда да баяғы балалар, баяғы күлу, келемеж, далаға шықса - ағаш лақтыру.

Әбілқасым жасы 62-де, қатыны өлгелі 3-4 жыл болған. Содан бері таба алмай жүріп-жүріп, тап биыл Меруерттің басы босаған соң келіп килігіп еді.

Әбілқасымның еңгезердей алты қанат жыртық қара үйі - үйдің сырт бітіміне сай ішіндегі ебедейсіз үлкен ескірген қазан, аяқ-табақ, кебеже, қара қаңылтыр әбдірелер тағы сол сияқты үйдің өбзелдері Меруерттің көп соққы жеген жанына аса қиналарлық әсер бере бастады. Мал сауу, малды жайғастыру, тағы солар секілді ауыр жүмыстар Меруертке жүктелді. Шаруаның Меруертке ауыр болғандығының үстіне сол ауылдың қатындары жазғы кештерде жиылысып, кеңесті шертіп тастап, ауылдың барлық бүзауын қайыруға, биелерді жел басына айдап келуге Меруертті ғана жүмсайды.

Әбілқасымның қазымырлығынан Меруерт есінен адасқан жынды кісі секілденді. Оның неден мүндай болғаны, не түрлі жын екенін тексеретін, ойлайтын жан жоқ. Бір күні Әбілқасым Сағынбайдікіне өзі әкеліп тастады.

Қыстын, орта кезі. Меруерт Сағынбайдікіне келгеніне ай жарым шамасындай болды. Сағынбай мырза Меруерттің қайтып келгенін ішінен тым-ақ жақсы көріп жүр. Тағы қандай қатыны өліп, басы қаңғырған, мал шашатын шал кез келер екен дейді. Меруерт бейшарада баяғы түнерген қабақ, баяғы алды-арты түңғиық қараңғылық, не көрсе де, не сезсе де, сол айнымас, мылқау, қараңғылықтан шығу жоқ. Ерте де, кеш те сол үйдің қорасында мал байлау, ас қылысу. Үсті-басында баяғыдай, іліп-алар бүтін киімі жоқ.

Ауыл кісілерінің бірсыпырасы Сағынбайдың маңдайының кетпейтін ырысы бар десті. Бірсыпырасы «Сағынбай тағы да малға сатады ғой, тағы кім кез келер екен. Меруерт мандайының бағы ашылмаған сорлы болды-ау» десіп жүрді. Осы күйде қыстың қалғаны етті. Жаз болған соң ауыл қыстаудан көктеуге шыға бастады. Жан-жануар, өсімдіктер жазды қарсы алып, жылыльнына, сүлульнына есепсіз шатгықга болса да, Меруертгің көщтгі алі күңгірт, әлі қараңғы - түрмысында іш жағынан жарық сезілген жок, Ауыл көшіп шығып кеткен соң оған екі күндей иесіз қорада жалғыз қалуға тура келді. Сағынбайдан жана қүлындаған бір-екі қулық биесі қыстауда қалатын болып, басына күзетшіге Меруертгі қалдырды.

Ағаш үйде жалғыз үйықтап жатқанда түсіне үлкен шешесі мен өкесі кірді: екеуі де ренжулі, суық түсті. Меруертті шақырып жанына альт, шешесі қатгы сөздер айтып үрысты. Меруерт шешесін біліп, жанына барып, еркелегісі келіп алдына барып сүйенеді. Шешесі суық жүзбен еркелеп алдына барған баласын бойына жуытпайды. Сол кезде әкесі де көрінеді, шешесінің жаньша келеді. Екеуінің де суық жүздерін көріп, Меруерт түсіне алмай біраз таңырқап түрады. Сондай күйде түрып бір өзгеріс сезе бастайды. Бүрынғыдай емес, маңайына жарық сеуле түскен болды. Неше заманнан шер болып байланып қалған сөздер кеудесінен тербетіліп шыға бастады.

«Сендер менің тоғыз жасымда дүниеден өтіп, мен жетім қалғанмьш. Сендер кеткен кезде мен де өлім халінде ауру едім. Сендердің анық кескіндерінді мен жазылған соң да айыра алмай келдім. Жазылып түрған соң бірсыпыраға дейін есім шала болды. Содан бері ешкім мені жаны ашып жақын тартпады. Содан бері ешбір жан мандайымнан жылы жүзімен қарап жүмсак қолымен сипаған жоқ. Ешбір адам айналып бауырьгаа басып жылытқан жоқ... Үстіме бір бүтін киім кигізуші болмады. Мал есебівде қатындары өлген кәрі шалдарға үш рет сатылдым. Айналып-толғанбақ түгіл, өзі секілді кісіге балап, жалғыз Төкең мен Әбзан болмаса, бір адам сөйлеспейді де. Осы күйде болғандықтан ананың қадірін, ананың айнальш толғануы қаңцай болатынын білмедім. Ананың қүшағында жылы бауырының еркелеген баласына қандай әсер берегінін сезе алмадым. Тоғыз жасымнан бері көрген күнім мал баласының күнінен де жаман болды... Енді уақыт жеткен жоқ па? Мені бауырыңа басып, квкірегіңмен аймалатып, өспей кдтып қалған жүрегімді жібітш, ананың шексіз рахметін неге сездірмейсің?..» - деді Меруерт.

Сол кезде үңдің іші жарық божандай болды, анықтап караса - жарық шешесінің жүзінен шыкқан жарық екен, бүрынғы орнынан қозғалып жылжып Меруертке таман келді... Қолынан тартып алдына алды...

Өмірінде ананьщ жылылығьш сезбеген Меруертгің бойын бауьфына қысты. «Қүлыным, осылай ма?» - деді анасы. «Иэ, апа, осылай», — деді Меруерт.

Меруерттің барлық көрген рахаты осы - жалғыз ауыз сөзі, барлық елемге үқтырарлық еді. Анасының көзінен жасы ақты... Жас рахатқа балқып жатқан Меруерггің бетіне тамды. Жас тамған жері күйдірерлік ыстық еді. Меруерттің бетіне бетін тақап: «Жаным, қүлыным», - деп тамағынан иіскеді анасы.... Бауырына қысып көп уақыт отырды. Меруерт күштілігі жер жүзінің рахатына теңелмейтін рахатқа батьш отырды...

Сәске кезінде қыстауға қойын жайып Төленді келді. Меруерттің «Төкең» дегені осы Төленді болатьш. Сағынбай қора жақкд қой жайып барып сондағы қалған қулық, қүлындаған биелерді бірден тапсырған соң, қойын жайып келіп еді. Төкең келісімен биеге бармай, алдымен бірдеңені сезген кісіше, Меруерт қалған үйге келді. Агаш үйде терезенің алдында Меруерт

жатыр. Есі жоқ, көзі ашық, бірақ көзі тым кең ашылып, төбесіне қарай аударылып кдраған. Үстіндегі көйлегі бүрьшғысынан да көп жыртылыпты, мандайынан тер шыққан, денесін үстап керсе - еті қызу.

Төкең: «Бала иесіз қыстауда қалған соң пері соқты ғой!» - деді. Тілін «кәлимаға» келтіріп, жаньша барды. «Меруерт», — деп шақырьш еді, азырақ ыңырсыған дауысы шықты. Төкең көп айналмай Меруертті көтеріп алып, қойды қыстауға тастап, көктеудегі ауылға келді. Төкең келген жерден Сағьшбайдың катыны қулық биелердің қүлындарының жайын сүрады, Төкенңің жауабын естіп ыза болды: «Ауырған кісіні сол қыстаудың өзінде күткен дүрыс қой!» - деді. Қатыннан мынандай сөз естіген соң Меруертті онда қалдырудың керексіз екенін Төкең білді. Сағынбай: «Не болды, кім ауырды, менің жүмысым жок, қүлындарды айғыр шайнап тастамаса игі еді», - деп қораға кетті. Мүндай қалыпты көрген соң Төкең жүгін қайта көтеріп алды. Ауылдың шетіндегі өзінікі деген қүрым күркесіне келіп, біраз кірмей түрды, Меруертке қарады, өлі есі кірген жоқ... Біраз түрьш күркеге кірді, төрдегі даі жататын төсекке ептеп апарып жатқызды. Меруерттің маңдайьш сипап, қалтыраған қолымен бетіне жабысқан тал шаштарды кейін қайьфып, дем алысьш тындап, көзін айьфмай біраз отьфды. Төкенде де бүрыннан туған-туысқан жоқ болатын: қатын, бала ерте заманда өлді. Сол ауылдың малын 30 жылдан бері қарай бағып келеді. Жас кезінде қос-қосгаған жылқы бақкэн, берірек келген соң сиьфын бағып, сонғы кезде қуаты азайған соң қой бағуға ғана жарап қалған. Ауылдың шетіндегі қүрым күркеде қойдан келген соң, кезегін баққан үйден барып асын ішіп келіп, жатып тыныс алатын. Қысы-жазы шекпен-күпі, сірі етік, каткан тері тымақтан баскд киімді білмеген, жан торсыкқа қүйып қанжығасын байлап жүріп ішетін іркіт-айраннан басқа тамақты білмеген, малдың тілін біліп, малмен адамша сөйлесетін, малдың ақылы адамның ақылынан артық деп сенетін осы Төкең еді...

Меруертгі жатқызып, басында кез айьфмай отьфды. Баланың есі кірмеді. Даладан Сағымбайдың айғайы естілді: «Қой желдеп кетіп барады», - деген. Талып жатқан Меруертгі кімге тастап кетерін біле алмай дағдарып біраз түрды. Ақьфында Әбзанді тауып алып, Меруертгің басьша отырғызып кету ниетіне кірдь

Әбзан оқуда жүретін шәкірт бала болатын, жасьшан әке-шешесі жоқ, ағасының қолында түрып әр жерден егггеп оку окң бастап едь Өгкен жыл сол ауылда Шегебай деген бір дәулетті адамның Үлжан деген қызының дауы болған. Үлжан күйеуін менсінбей арыз беріп, дуаннан кісі шақьфтып, сүйген жігітіне тиген. Дауды бітіруге келген Асқар деген оқыған азамат болатын. Үлжаннан жауап алып болып, артьшан жиылып түрған адамдарға кеп өсиет айтып қайтқан. Тап сол оқиғаның алдында Меруерт Әбілкаеымға сатылып, малының аддын алып қойып отыр еді. Әбзан бала сол жолда Асқардьщ өділдігіне, шын ақиқатты қорықпай, қулықкд салып көлеңкелемей ашық қылып айтыи берген ерлігіне таң-тамаша кдлып, мүлде еліккен болатьш.

Сол Әбзанды Төкең ауылдан жүгіріп жүріп тауып алып, күркесіне сөйлеспестен қолынан жетектеп алып келді. Күркеге кіргізіп, төрде ессіз жатқан Меруертгі көрсетті. «Кешке мен қайтып келгенше, жанында сусьш беріп, отыра түр», - деді.

Әбзан істің мән-жайын сүрады. Шал Меруерттің кім екенін, жүмысгың калай болғанын айтып үғындырды. Әбзанның беті сүрланайын деді. «Былтьф Асқар келгенде бүл қайда еді?» - деді Әбзан. «Ол әлгі Үлжанды сүйгеніне қосатын жігіт шығар-ау. Ол келгенде Меруерт осында. Соның алдында гана Әбілкасымға берілмекші болып малының жартысы алынған еді». «Ал алпысган асқан Әбілқасымға он екідегі бала қалай берілмек? Оны Асқарға неге айтпаған?» - деді Әбзан. «Білмесе, білмеген шығар, білсе, әке-шешесі жоқ қызды кім ескереді, жанашыр болмаған соң?.. Қой үзап кеткен шығар, ит-қүсқа сүқ болып қалмаса жарар еді, жылдамырақ барайын, мен келгенше сусын бер. Жаньгаан шықпай отыра түр», - деп шал шығып кетті.

Төлендінің касына келген сон, екі күн жатып, есі кірмесген Меруерт дүниеден кайггы. Жалғыз-ақ тап жан шыгарда көзін сау кдлпындағыдай төмен қаратгы. «Алдыңа отырғызшы», - деп тіл қатгы.

Төленді жаяу су тасыды, Әбзан ауылдан бір-екі кемпірді шақырып әкеліп, жаткан күркесінде денесін жуғызып, Тәлендінің жуылған бір жыртық көйлегіне ораткэзды.

Алыстағы жүрттың өлгендерін қоятьш зиратқа апаруды Сағьшбайлар кңын көрш, қонып отырған бір желеңнің асгьша қоя садды. Кңстауға апарып қоюга жалғыз Төленді мен Әбзанның шамасы келмеді Тоғыз жастан бері карай бір шатгық сезбей, бір жылы сез, жылы жүз жолықтыра алмай, тумай жатып түрмысгың кара күніне қүрбан болып, Меруерт сорлы дүниеден біржола көшш, тыньшлық тапты. Меруертгің сүйегін көмгенде жылаған екі-ақ адам боддьЕ ол — Төленді мен Әбзан.

Осының аргынан Әбзан үзақ уақыт ауырып жатгы, ауруы катга болмаса да, үзаққа созылды, мүның да келіп көщлін сүрайтын жалғыз Төлеңді болды. Ауырып жатса да, Төлеңді барганда сүрайтыны баяғы Меруерт туралы болатьш. Бір күні жатып Төлендіден Меруертгің туғаннан бергі қарайғы көрген күнін айг деп сүрады.

Өмірінде кіанің тілін қайтарып көрмеген Текең бастан аяқ айгып берді. Тоғыз бен он үш жасгың арасында Меруертгің көрген қайғысына келгенде Әбзанның көзінен тарамданьш жас парлап қоя берді. Тәкең қанша сөйлесе, Әбзан сонша жылады. Осы сияқты әщімелер Әбзанның назаң көңілше уайым түаріп, аурудан көтерілуге оңай болмады. Ол арада қыстың ызғары қайтып, күн жылынып, қар ери басгады. Жаз шыға ғана Әбзан басын кетеріп, далаға шыға бастады. Ауыл көктемге қонган соң аяндап, таяқ алып Меруерттің зиратьша барды. Жан-жағына қалың шөп шығып, топырағьш жасыруға жақьш екен.

Маусым айының ішінде сол ауылға бір жүмыспен Асқар келді. Әбзанды бүрын таныса да, қысгай науқас болып жүдегендіктен еуелгі кезде танымады. Кешке таман екеуі ауылдан сырткд серуенге шықгы. Аскарга кэісгай ауыргаңіцлъш, соның себебінен оқуға бара алмай калғандығьш айтгы.

Меруерттің оқгаасьш шйледі, басган кешкен бейнетгерін, бірін қалдырмасган Төлендіден естіп алгандарын айтты. Бүрнағы жылы өзі келіп Үлжанды ерікті қылып кеткенде тап сол ауылда сол уақытга 13 жастағы жетім Меруерггің екінші рет сатыльш қойып, одан кейін иесіз қысгауда қалдырылып, есінен айырылып өлгенін айтгы. Үлжан секілді дәулетті кісінін, сүлу, сымбатты, кісі қызықтырарлық қызының қорганшысының тезінен табылатыньш айтты. «Адамгершіліктің көші неғүрлым қорғанышы жоқ, жетілмегендер үшін жүмсалмайтын ба еді? Меруертгің өзі көрген қорлығы, жаньш жеген қайғысы жоқтауды керек қылмайтьш ба еді? Ақтықты қоздыратын күшті сипат, көркем түлға болмаса да, азаматтық міндетін аткаруды оятарлық дөрежеде емес пе?» - деді Әбзан. Осылай деп басын көтеріп аддына қараса, Меруерттің зиратына келіп қалған. Осы араға келгенде Әбзан дауысьш шыгарып жылап жіберді.
Зиратгы қолымен көрсегіп; «Қоргаусыз өмірінде һеш йреуден жылы сөз есгімей дүниеден кеткен Меруертгің зираты», - деді. Әбзан жылаудың күшімен аяғын баса алмаған соң Асқар қолтығынан алып сүйей берді. «Сен жылама, - деді Аскэр, - караңғы өмірдің нағыз түкпірінде қалған надандықтың бір көрінісі екен... Бүл біздің өміріміздің шьш бір кдйғылы көрінісі, сенің жаның шьш күйген екен. Мүндайды көрмегеқ күтпеген табиғатгың көлеңкесінде таза һауамен ғана тәрбиеленген қыршын жас жүректің осылайша қиналуы, ауруы маған түсінікіі
Осылай қайғырып, осылардай ауыр көршстерге жан-тәніңмен әрдайым қарсы
болуың керек. Әділетсіздік көретіндер жалғыз Үлжандар деп жүргеміз жок,
Меруертгерді жоқ деп және жүргеміз жок, Осьшың барлығы сенің айтқанындай, көргеніңдей екендігі анық. Бірақ осылардың барлығымен күн демей, түн демей, ерте демей, кеш демей алысу керек. Әдіс қылу үшін, жүртгы осындай бәледен қүтқару үшін тиісті ретге ем қылу керек.

Бүлардың барлығы - окуда Оқып, оқытып барып жүртгы жазбакдіымыз ғой. Бір кісішң жылап, қинальш иө башласа өзін-өзі қүрбан кэшумен де кңіек жалпы арманға, жалқы арманға жетпекші емеспіа.. Өзің енді кдйғьфма, сен менің байқауымша осы кайгыдан ауырған көрінесің... Оньмен бірақ үзакқа бара алмаймыа Алдымызда әлі де қанша қиын жыддар бар, бүдан басқа да өмір бойы аддында сынаулар көп, барлығьма шыдамдылық, кажымастық керек. Кел! Аздап оқы. Алдыңца өлі де неше Меруерггер бар, міне, енді соларды аман сақтап калуға даярлаа Осы күзде окуға келуің керек», - деді.

Аскдр Әбзан екеуі Меруертгің зіфатынан кешке жакэщцағанда кайтып ауылга келді

Қызыл Казақстан. 1924. № 4.

Жургенов Т.К.

ШАХНАМЕ
Найденная недавно Наркомпросом КССР рукопись казахского перевода «Шахнаме» - произведение великого персидского поэта Фирдоуси, чей тысячелетний юбилей был нынче отпразднован на родине поэта - в Иране, и у нас, в СССР,

- является одним из ряда существующих переводов произведений

Фирдоуси на казахасий язык.

Автор перевода - Мулла Ураз, который до сих пор не был известен в казахской литературе, сам указывает на то, что в разное время (приблизительно с 1836 года по 1870 год) им сделано три перевода «Шахнаме». Эги переводы сделаны, по-видимому, с разных оригиналов - фарси, арабского, чагатайского и т.п.

От того, как был обнаружен первый экземпляр перевода о котором идет речь в нашей статье, стало известно, что в различных руках находятся и другие копии перевода «Шахнаме». Следует предполагать, что они могут оказаться более ценными, ибо среди них должен быть оригинал перевода, тогда как в данном случае мы имеем дело с экземпляром, списанным с одного из переводов Муллы Ураза.

Мероприятия по розыску других переводов и копий «Шахнаме» и их изучение должны пролить свет на многие вопросы истории казахской литературы, еще не выясненные или затемненные по невежеству прежних исследователей. Мы имеем все данные о существовании ряда новых ценных переводов классической восточной литературы на казахский язык, - переводов, до сих пор еще не известных нам.

Найденный перевод «Шахнаме» не является полным переводом. По-видимому, это самый некомплектный и неполный экземпляр среди других переводов Муллы Ураза. Перевод начинается повествованием царя Кия-Мерса и на всем протяжении более или менее полно трактует о Рустаме. Перевод прерывается концом царствования Кай-Хисрава. Как указывает сам Ураз, перевод сделан с персидского оригинала «Шахнаме», при чем иллюстрированного, ибо в некоторых местах рукописи на это имеются указания.

Фирдоуси, обьясняя, почему он взялся за «Шахнаме», в заключение этой поэмы писал: «Не умру, а впредь, жив я, ибо разбросал я семена словом». Точно также, автор перевода, Ураз, то и дело говорит о том, почему он взялся за перевод «Шахнаме» на казахский язык. Он пишег. «Когда он присгупал к переводу, то имел в виду, что если бы «Шахнаме» была изложена по-казахски, то она пользовалась бы должной популярностью у казахского народа. Тем самым он бы увековечил свое имя».

Мулла Ураз цениг свой труд. Поэтому он обращается к себе с таким призывом:

«Мулла Ураз, пиши поөму, каждое твое слово — цветник, твое повествования — сад. Молча не уходи из мира сего».

По всем таким изречениям можно сделать заключение, что Ураз гордится своим переводом «Шахнаме», относится к нему с большой ответственностью, хотя и делал все свои переводы по заказу одного крупного казахского дахты (феодала), двух кокандских беков в Туркестане и одного казаха - чиновника царской службы - Уткельбая в Акмечети (Кзыл-Орда). Последнего, в ряде мест своего перевода, автор описывает как культурного и начитанного человека своего времени.

Перевод Муллы Ураза является неполным и очень своеобразным. Сам автор указывает, что местами перевод протекал «буква в букву», то есть дословно, а местами «как сновидение», то есть авторизовано. В тексте имеегся ряд исторических справок. Так, например, кроме «Шахнаме» Фирдоусқ указывается сущестювание известного в литературе «Шахнаме» Дахихи, Асади (вероятно, Тершас Наме). Борзу Ман-Наму и друтие, а также на извесгное предисловие Байсуккара.

Перевод начинается болыпим введением, где излагается биография и судьба Фирдоуси, исгория написания пюмы «Шахнаме». При этом переводчик дает неправильные сведения о роли Султан Махмуда «Шахнаме» и о первоначальном отношении его к поэту. Введение пестрит легендами, рядом искажений действительности, чрезмерно вольных толкований, противоречащих указаниям существующих литературных источников об истории возникновения «Шахнаме». Судя по этому, можно предполагать, что Мулла Ураз для своего перевода пользовался одним из сильно интерполированных экземпляров «Шахнаме». Этим можно объяснить отчасти приписывание идеи составления «Шахнаме» Махмуду Газневеи и роль легендарного сна Фирдоуси, который, как передает автор перевода, Фирдоуси видел прежде, чем взяться за перо и который якобы сыграл большую роль в качественном оформлении стихов «Шахнаме». Об этом можно судить еще и потому, что автором перевода допущены ошибочные указания на родственную связь Махмуда с Чингис-ханом. Как говорят специалисты, данный перевод пестрит еще многими случаями интерполиции.

В отличие от перевода азербайджанского и чагатайского, Ураз своеобразно излагает некоторые события «Шахнаме». Так, например, убийство Ираджа братьями трактуется в связи со многими приходящими обстоятельствами, усиливающими трагизм события. А это, в указанных переводах событие, описывается коротко, и подробности убийства изложены иначе. Точно так же, более солидно и обстоятельно, с соответствующим драматическим привкусом описано убийство, Рустемом своего сына Сухраба. Особенно выгодно отличается от других переводов описание Уразом диалога умирающего в объятиях отца Сухраба и безутешного горя и плача геркулеса Рустама.

Но по сравнению с другими переводами, в переводе Мулла Ураза имеется ряд недостатков; перевод пестрит рядом насильственных, влияющих на художественную ценность работы, сокращений. Перевод сделан наполовину стихами, наполовину прозой. Стихами зачастую описываются только отдельные красочные сцены, посвященные битвам, любви, единоборству и т.п. При этом автор перевода произвольно вводит в эти сцены новые усиливающиеся моменты, удачно пользуясь для этого зачастую прибаутками, терминами и выражениями из казахского словаря, которым располагала тогдашняя эпоха.

Еще одна особенность работы Мулла Ураза заключается в том, что он почти каждую часть перевода начинает с повествования или о себе, или о сделанных им для различных лиц переводах. Отдельные части нарочно растягиваются, автор произволъно вводит в них нравоучения религиозного характера и рассуждения в стиле литературного жанра своего времени. Надо полагать, что это он делал не без подражания Фирдоуси.

Язык и весь стиль перевода полностью отражает слияние бухарской литературы — фарсизма и чагатоизма, на складывавшийся тогда казахский литературный язык. Эгам обстоятельством в значлтельной степени обьясняется то, что в отсгуплениях автора перевода немало нравоучений и рассуждений, о которых сказано выше. В частности, стиль перевода характерен для казахской литературы прошлой эпохи, связанной с экспансией ислама в казахскую степь. Религиозные рассуждения автора, повторяемые при каждом удобном случае не совсем импонируют лирическим отступлениям, в которых Ураз подробно рассказывает о своей личной жизни. В этом отношении характерно признание автора о том, что он даже на старости лет усиленно употребляет опиум.

Судя по общей архитектонике перевода, по произвольным изменениям и искажениям текста «Шахнаме», можно без всяких сомнений предполагать, что некоторую роль в этом сыграла указанная выше болезнь автора. Он сам говорит, что мог бы свободно чувствовать себя и сделал бы больше для обнародования «Шахнаме», если бы не был принужден жить в городе для того только, чтобы вовремя доставать плитку триака (опиума).

Отдельные лирические отступления Мулла Ураза, вставленные в перевод, не лишены и социальных мотивов. Так, например, описывая условия, в которых проходила его работа над «Шахнаме», он связывает многие недостатки перевода со своей зависимостью от заказчиков. У них из-за своей бедности Ураз должен был получать содержание, продавая им переводы. Он пишет: — «нет воли у бедного, где бы он ни находился — будет служить предметом насмешек». В одном из своих отступлений Мулла Ураз откровенно признается, что за перевод он должен получить одну лошадь, которая ему крайне нужна. Переводчик добавляет, что из-за тяжелых бытовых условий он не может сосредочиться, и работа по переводу двигается очень медленно (переводил по 8 пар страниц в день).

Эго и другае подобные огступления переводчика сосгавлены не без гюдражания существующей легенде о лишениях Фирдоуси, в связи с продлившейся работой его над «Шахнаме», в связи со сменой династии и т. п.

Язык перевода выдержан в смысле полного отражения литературных памятников мусульманского периода, развития казахской литературы, когда было принято неограниченное употребление персидских и арабских слов, и даже построение целых фраз и окончаний по персидскому жанру. Тем не менее, по оборотам речи, по словарю, которым пользуется автор перевода видно, что он хорошо владел своим родным языком. Этот язык он знал и в сочетании с литературным языком Востока.

Казахстанская правда. 1935, 1 апреля.

Жургенов Т.К.

ЖЕРҮЙЫҚ

Қазақстанда жыршы Асан Қайғы туралы аңыз (легенда), ертегілер әлі күнге дейін сақталып кедді. Асан Қайғы бүдан 500 жылдар бүрын — ХІҮ ғасьфларда қазақ халқының жазба тарихы жасала бастаған дөуірде өмір сүрген. Солай болғандықтан ол болашақты, алдағы ғасырларды болжап, дүрыс ггікір айтты деп айгуға, әрине, болмайды. Бірақ сол кездің өзінде-ақ Асан Қаіпы халықтың мүңын жырлаған, казақтардың болашағьш одемі сөзбен суреггеген. Өз бастарының ғана камын ойлап, келе жаткан қауіп-қатерді көре алмай отырған хандарды мейлінше мінеп-секкен. Асан Қайғының қауіп деп деп отырғаны Ресейдін, қазақ даласын бағындырып алуы жөніндегі әрекеті еді. «Әрі жүйрік, әрі төзімді, бір өркешті шөл кемесінің несілі — желмаяға мініп, елінің бөрі бақытты, қауіп-қатер дегенді білмейтін, қысы жоқ, мөйегі іішққан, қой үсгіне бозторғай жүмыртқалайтын, жері шүрайлы Жерүйықты іздейтін ер қайда», - дейді Асан Қайғы.

ХГҮ-ХҮ ғасырдағы халық поэзиясында бүл секілді аңыз, ертегілер өте көп. Қазақ халқында жері шүрайлы, елін бақытты жаққа бастауға талаптанған батыры да аз болмаған.

Халық ақындарымен, жыршыларының бүдан басқа жырлағандары, көксегендері не болды? Олар көбінесе хандардың, сүлтандардын, жауыздықтарын, қатігездіктерін жыр қылған. «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлеген» деп келеді ел өдебиетінде.

«Жарымды өзім іздеп кетер едім,

Жіңішке әйел жолы таба алмады», - деп жырлаған қазақтың әдебиеті.

Өздерінің шығармаларын қара лашықтың ішінде отырып жазған халықтың тәменгі сатысынан шыққан халық ақындарымен қабат қазақ поэзиясында екінші категориялы жыршылар да болган. Бүлар - хандардың, сүлтандардың шашпауын көтерушілер, солардың жыршылары, реакцияшыл мәдениет адамдары. Қазақ халқы өз бетімен мәдениетті ел болып ілгері баса алмады, ілгері басу үшін қазақ арасына әкеліп басқа елдің мәдениетін тарату керек, алдымен орта ғасырлық мүсылман мәдениетін тарату керек деген бағытта жырлаған. Бүл ақындар ХҮІІ ғасырда қазақ даласында ислам дінін таратушы сопылардың шәкірттері, соның жолын куғандар еді. Сопылар жөне оның бағытындағылардың айтатыны: «Егерде ол бай болмаса, қанша әдемі киіндіргенімен, сол былғаныш, пасық қалпында қалады. Өйткені оны Алла тағала солай етіп жаратқан», - деу болған*.

Сөйтіп революцияға дейін халықтьщ үлттық өзгешелігін көрсететін, халықтың талантын көрсететін көркем өнер түрлерінің бәрі де, халықтың үлттық творчествосын алға бастыруға, дамытуға керекті заттардын, бөрі де, қазақ халқынын, жарық сөулелі болашағын көксеген өнер атасының барлық түрлері де біртіндеп жойылумен келді. Үлы пролетариат революциясының арқасында Қазақстан өз алдына автономиялы ел болды. Қалың казақтың ғасырлар бойы жинап, сақтап келген өнерінін, талашъшың бет пердесі ашылды, жарыққа шығуына мүмкіндік туды. Жанд туған елдің жас мөдениеті жасалып өркендей бастады, болашағы ете талантты халықтың мәдениеті қалықтап есе бастады. Жаңа елдің жас көркемөнері еліміздің мүң-зарын сыртқа шығарушы емес, халықтың табыстан табысқа жетіп жеңістерін кәрсете жарыққа шығып отыр.

Қазақстаннын, жарық сөулелі өмірі күн сайын халық мөдениегін арттырып, ілгері бастырып отыр. Халық арасынан шыққан таланттылардың санын арттырып отыр. Қазір де Қазақстанның ондаған жазушылары, суретшілері, музыканттары, әртістері, өншілері бар. Жақында «Шаһнаманың» аудармасы табылып отыр. Бүл «Шаһнаманың» түрік тіліне аударылғандардың ішінде ең толық аудармасы. Аударма бүдан 80 жыл бүрын жазылған. Қызылорданың бір шаруасы қолында сақтап келген. Қазір бүл қолжазбаны халық ақыны Түрмағанбет жолдас өндеп түзеп жатыр. Жақында академиялық баспада басылып шығады.

Бізбен бірге Мәскеуге ақын Жамбыл келді. Жамбылдың жасы 90-да. Жамбыл өзінің ақыңдық өнер талантын, өмірін көркем өнерге бағыштаған адам. Мындаған өлен, ертегі жазған Жамбыл талай бектер, хандар дәуірін өткізген адам. Бірақ сол хан-бектердін, бірде-бірі Жамбылды танымаған. Жамбылдың атағы ауылының төңірегінен аспаған. Тек жақында зор талант иесі Жамбыл ақынды іздеп тауып, талантьм бүкіл халықтарға көрсетуге мүмкіңдік туғыздық. Жамбыл өзі туралы былай дейді: «70 жыл халықтың мүң-зарын жырлаумен өмір сүріп ем, өзімді тірі адам деп те санай алмаушы едім, бақыт дегенді білмеген едім. Нағыз жарық сәулелі өмірді көргеніме тек 18 ғана жыл болды. Түрмысым да қуанышты, көңілді, жырым да қуанышты, көңілді, жүртшылық халық ақыны деп сүйсіне тындайды».

Қазақстанда Жамбыл секілді халық арасынан шыққан талант иелері, халық ақындары аз емес. Қазір де Қазақстан танымал болып, қалықтай өсіп алға басып отыр. Халқымыздың мөдениеті, көркемөнері ерекше қарқынды өсіп отыр. Ислам дінінің шашпауын көтерушілер бір болыс елдің ортасында (10-20 мың үй) бір мешіт не шіркеу болсын десе, бізде қазір өрбір 60 үйдің ортасында бір мәдениеті ошағы, мектеп, кітапхана, клуб, театр бар. Қазақстанда 22 музыка театры бар. Республиканың қай түкпіріне барсаңыз да, сауық үйірмелерін көресіз. Көп колхозда, ең аяғы Ырғыз, Ойыл секілді алыс жатқан аудандар мен колхоздарының өзінде үлт оркестрлері қүрылды. Қазірде бізбен бірге Мәскеуге 50 кісіден қүрылған үлт оркестрі келіп отыр. Бүл оркестр Мәскеуге келген музыка театрымен бірге мәдениет, көркемөнер мөселелесіне ерекше көңіл бөліп отырған Мирзоян жолдастың басшылығы, көмегі арқасында сощы жылдарда ғана үйымдастырылды.

Біздің әдебиетіміз де өсіп келеді. Қазақ халқы өзінің үлт тілінде Пушкинді, Ролланды, Толстойды, Чеховты, Горькийді, Шолоховты жөне басқа көптеген жазушыларды оқи бастады. Қазақ жазушыларының өздері жазған көркем әдебиет шыгармаларымыз да ел арасына көптеп тарап жатыр.

Халқымыздың арасынан талай озық таланттар шықты. Талантты артисткамыз Күләш Байсейітова - кешегі ауылдың қызы. Халық артисі Елубай Өмірзақов — кешегі қойшы. Белгілі ақын-жазушыларымыздың бірі Сәбит Мүқанов — кешегі жалшы. Бірқатар талантты жастарымыз балет мектептерінде, музыка-драма техникумдарында оқып жүр. Көптеген жастарымыз Мәскеуде, Ленинградта білім алуда.

Кезінде революцияға қарсы үлтшылдар Қазақстан ез алдына мөдениеггі ел бола алмайды деген-ді. Сталин жолдас* ол пікірдің қате екендігін сол кезде-ақ айтқан болатын. Қазақ секілді халықтар буржуазия үстемдігі дәуірінде қүрып-жойылып кегуі мүмкін, ал енді большевиктер партиясының басшылығы астында, Совет үкіметі жағдайында мәдениеті шалықтар, ілгері басып өсер деген еді. Іс жүзінде Сталин жолдастың сөзінін дүрыстығын, Ленин-Сталин үлт саясатының дүрыстығын керіп отырмыз. Асан Қайғы өлі күнге халықтьщ есінде. Қой үстіне бозторғай жүмыртқалап жатқан тамаша жер туралы ертегіні біреуден-біреу естіп, өлі күнге дейін халық аузынан тастамай айтумен келеді.

Бірақ біз Жерүйықты кәзбен көріп отырмыз - бүл қазіргі Қазақстан Халық аузындағы өлең-жырды тыңдасақ: «Талай ғасырлар бойы қазақ ақындарының көксеген, жырлаған батырлары, ерлері тамаша елді іздеп тапқан ерлер Ленін мен Сталин болды», - дейді халық.

Казақ әдебиеті. 1936, 10 шілде.

Жургенов Т.К.

ШУГА



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет