Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012 +544 (038) ббк 24. 5 Я 2 а 38


Необратимый термический процесс разложения веществ без окисления



бет21/54
Дата09.06.2016
өлшемі5.14 Mb.
#125080
түріСправочник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Необратимый термический процесс разложения веществ без окисления.


Пиролиз

Pyrolysis (гр. руг — от, lysis — ыдырау)

Заттардың ыдырауының тотығусыз қайтымсыз термиялық процесі.


пиролиз плазмохимический / plasmochemical pyrolysis — термическое разложение вещества в среде низкотем-ературной плазмы, которую используют в качестве источника энергии и средства для стимулирования химических реакций.

плазмохимиялық пиролиз / plasmochemical pyrolysis — энергияның көзі ретінде және химиялық реакцияны қоздыру үшін қолданылатын заттарды төменгі температуралы плазмалық ортада термиялық ыдырату процесі.


Пироцинк –процесс

Pyrozinc process

Один из неводных высокотемпературных методов переработки ядерного топлива, в основе которого лежит процесс фракционной кристаллизации: физическое разделение элементов, входящих в состав отработавшего топлива, достигается за счет различий в распределений этих элементов между жидкой и твердой фазами цинка, служащего растворителем.




Пироцинк –процесс

Pyrozinc process

Негізінде фракциялық кристалдау процесі жатқан ядролық отынды өңдеудің сусыз жоғары температуралы тәсілдерінің бірі: жұмыс жасап біткен отынның құрамына енетін элементтердің физикалық бөлінуі осы элементтердің ерітінді ретінде қолданушы мырыштың сұйық және қатты фазалары арасында таралу айырмашылықтары есебінен қол жеткізіледі.




Питтинг

Pitting


1. Формирование маленьких острых каверн на поверхности коррозией, износом или другим механическим воздействием. 2. Местная коррозия металлической поверхности, ограниченная точкой или малой областью, которая имеет форму каферны.


Питтинг

Pitting


1. Коррозия, тозу немесе басқа механикалық әсерлерден беткі қабатта кішкентай өткір коверндардың қалыптасуы. 2. Нүкте немесе каферна тәрізді күшкентай облыспен шектелген метал бетінің жергілікті коррозияға ұшырауы.


Плавле́ние

Fusion, melting

Процесс превращения вещества из кристаллического (твердого) состояния в жидкое с поглощением теплоты (фазовый переход первого рода). Главные характеристики для чистых веществ: температура и теплота плавления.



Балқыту

Fusion, melting

Заттың жылу жұту арқылы кристалдық (қатты) күйден сұйық күйге өту процесі (бірінші ретті фазалық ауысу). Таза заттар үшін маңызды сипаттамалар: температура және меншікті балқу жылуы.


плавление вакуумное / vacuum melting — плавление в вакууме для того, чтобы предотвратить загрязнение из воздуха или удалить газы, уже растворенные в металле; затвердевание может также быть выполнено в вакууме или при низком давлении.


вакуумдық балқыту / vacuum melting — металдың ауада ластануының алдын алу және де оның құрамында ерітілген газды алып тастау мақсатында вакуумда болатын балқыту процесі; қатайту сонымен қатар вакуумда немесе төменгі қысымда орындалуы мүмкін.

плавление окислительное / oxidation melting — технологический приём плавки металла или сплава, при котором его примеси (С, Si, Mn, Сr и др.) интенсивно окисляются вводимыми газообразными или твердыми окислителями.

тотықтырушы балқыту / oxidation melting — металл немесе қорытпаны, құрамындағы қоспалары (С, Si, Mn, Сr және басқалар) оған ендірілетін газ тәрізді немесе қатты тотықтырғыштармен тотықтырыла отырып, балқытудың технологиялық әдісі.


Пла́зма

Plasma


От греч.Plasma – изображение, вымысел.

Частично или полностью ионизированный газ, который может быть как квазинейтральным, так и не квазинейтральным. Плазма считается четвёртым (после твёрдого, жидкого и газообразного) агрегатным состоянием вещества. Слово «ионизированный» означает, что от значительной части атомов или молекул отделён по крайней мере один электрон. Слово «квазинейтральный» означает, что несмотря на наличие свободных зарядов (электронов и ионов) суммарный электрический заряд плазмы равен нулю. Присутствие свободных электрических зарядов делает плазму проводящей средой, что обуславливает её заметно большее (по сравнению с другими агрегатными состояниями вещества) взаимодействие с магнитным и электрическим полями. Термин «плазма» используется для систем заряженных частиц, достаточно больших для возникновения коллективных эффектов. Микроскопические малые количества заряженных частиц (например, пучки ионов в ионных ловушках) не являются плазмой.




Плазма

Plasma


Гр.Plasma – бейне, жалған.

Квазибейтарап, сондай-ақ квазибейтарап емес күйде бола алатын, толығымен немесе бір бөлігі ғана иондалған газ. Плазма заттың агрегаттық күйінің төртінші күйі (қатты, сұйық және газды күйден кейін) болып саналады. «Иондалған» сөзінің мағынасы атомның немесе молекуланың айтарлықтай бөлігінен кем дегенде бір электроны бөлініп алынған дегенді білдіреді. «Квазибейтарап» сөзінің мағынасы бос зарядтардың бар болуына қарамастан (электрондар және зарядтар) плазманың жалпы электр заряд нөлге тең екендігін білдіреді. Еркін электр зарядтарының болуы өткізгіштік ортаға айналдырып, магнит және электр өрістерімен әрекеттесуіне (басқа агрегаттық күйлермен салыстырғанда) айтарлықтай жағдай жасайды. «Плазма» термині ұжымдық эффектілердің пайда болуына жеткілікті зарядталған бөлшектер жүйесі үшін қолданылады. Зарядталған бөлшектердің (мысалы, иондық тұзақтағы иондар шоғыры) микроскопиялық аз мөлшері плазма деп есептелмейді.



плазма абляционная / ablation plasma — плазма, сопровождающая процесс абляции вещества на поверхности твёрдого тела.

абляциялы плазма / ablation plasma — қатты дененің бетінде заттың абляция процесі қабаттаса жүретін плазма.

плазма водородная / hidrogen plasma — плазма, которая генерируется в среде газообразного водорода.

сутектік плазма / hidrogen plasma — газ тәрізді сутектік ортада генерацияланатын плазма.

плазма воздушная/ air plasma — плазма, для генерации которой в качестве технологического газа используется воздух.

ауалық плазма / air plasma — генерациясы үшін технологиялық газ ретінде ауа қолданылатын плазма.

плазма возмущенная/ disturbed plasma — плазма, содержащая область с существенным отклонением какого-либо параметра от среднего значения (плотности, температуры, концентрации зарядов и т.д.).

ұйытқыған плазма / disturbed plasma — қандай да бір параметрінің (тығыздығының, температурасының, заряд концентрация-сының және т.б.) орташа мәнінен айтарлықтай ауытқыған облысы бар плазма.

плазма высокоионизированная / well ionized plasma — плазма с относительно небольшой долей нейтральных частиц (атомов, молекул).

жақсы иондалған плазма / well ionized plasma — бейтарап бөлшектерінің (атомдарының, молекулаларының) саны салыстырмалы түрде аз болатын плазма.

плазма высокотемпературная / high temperature plasma — плазма, в которой тем­пература ионов превышает 106 К.

жоғары температуралы плазма / high temperature plasma — иондарының температурасы 106 К асатын плазма.

плазма газоразрядная / breakdown plasma — плазма, существующая в газовом разряде.

газды разрядты плазма / breakdown plasma — газдық разрядта болатын плазма.

плазма  дистанционная / distant plasma — плазма, которая инициируется в удалённой камере (отсеке камеры), а затем транспортируется в рабочую камеру с обрабатываемым материалом. Преимущество: жесткое ультрафиолетовое излучение не взаимодействует с чувствительными компонентами. Недостаток: сложность организации её транспортировки.

қашықтықтық плазма / distant plasma — қашықта орналасқан камерада қоздырылатын, кейіннен өңделетін материалмен жұмыс жасалатын камераға тасымалданатын плазма. Артықшылығы: ультракүлгін сәуле сезгіш компоненттермен әрекеттеспейді. Кемшілігі: оны тасымалдауды ұйымдастырудың қиындығы.

плазма замагниченная / magnetized plasma — плазма, находящаяся в магнитном поле в таких условиях, что ларморовская частота вращения заряженных частиц в нём существенно превышает характерную частоту соударений между односортными частицами (электронами и ионами).

магниттелген плазма / magnetized plasma — ондағы зарядталған бөлшектердің ларморлық айналу жиілігі бір сортты бөлшектердің (электрондардың және иондардың) өзара соқтығысу жиілігінен асып түсетіндей жағдайдағы магниттік өрісте орналасқан плазма.

плазма заряженная / unneitral plasma — термин, применяемый в основном в русской литературе. В иностранной литературе эта плазма называется «ненейтральной». Представляет собой ансамбль заряженных частиц, в котором отсутствует полная нейтральность электрического заряда. Такие системы характеризуются, в зависимости от плотности заряда, большими собственными электрическими полями. Известно, что заряженная плазма проявляет коллективные свойства, которые качественно аналогичны коллективным свойствам нейтральной плазмы. Заряженная плазма используется в ускорителях, основанных на коллективных эффектах, в исследованиях по физике сильноточных релятивистских электронных пучков, для генерации мощного микроволнового излучения, для захвата античастиц и получения позитронной плазмы, а также ускорения ионов и нагрева плазмы на коллективных неустойчивостях.

зарядталған плазма / unneitral plasma — негізінен орыс әдебиеттерінде қолданылатын термин. Шет елдік әдебиеттерде бұл термин «бейтарап емес» деп аталады. Жалпы электрлік заряды толығымен бейтараптанбаған зарядталған бөлшектер ансамблін айтады. Мұндай жүйелер зарядтың тығыздығына сәйкес үлкен меншікті электр өрісімен сипатталады. Зарядталған плазманың көрсететін ұжымдық қасиеттері сапалық тұрғыда бейтарап плазманікіне ұқсас екендігі белгілі. Зарядталған плазма ұжымдық эффектіге негізделген үдеткіштерде, аса дәл релятивті электрондар шоғы физикасында, қуатты микротолқынды сәулені генерациялау үшін, анти бөлшектерді қармап алу және позитронды плазма алу үшін, сондай-ақ иондарды үдетуге және ұжымдық тұрақсыздықта плазманы қыздыру үшін қолданылады.

плазма идеальная / perfect plasma — плазма, в которой средняя потенциальная энергия взаимодействия частиц значительно меньше их средней кинетической энергии.

идеал плазма / perfect plasma —бөлшектердің әрекеттесу орташа потенциалдық энергиясы олардың орташа кинетикалық энергиясынан өте аз плазма.

плазма изотермическая / isothermal plasma — плазма, у которой температуры всех компонентов (в первую очередь электронов и ионов) равны.

изотермиялық плазма / isothermal plasma — барлық компоненттерінің (ең бірінші электрондардың және иондардың) температурасы тең болатын плазма.

плазма импульсная / pulse plasma — плазма, полученная в импульсном газовом разряде.

импульсті плазма / pulse plasma — импульсті газды разрядта алынған плазма.

плазма  индуктивная / inductance plasma — плазма, в которой электроны возбуждаются не с помощью электрического переменного поля, а с помощью внешней катушки индуктивности под действием переменного напряжения. Полученная плазма является устойчивой в области низкого вакуума и до области нормальных давлений. Температура такого «плазменного пламени» находится в диапазоне от 10 000 до 20 000 К.

индуктивті плазма / inductance plasma — онда электрондар айнымалы электр өрісі көмегімен емес, айнымалы кернеудің әсерінен сыртқы индуктивтілік катушканың көмегімен қоздырылатын плазма. Алынған плазма төменгі вакуум облысында және қалыпты қысым облысына дейін тұрақты болып табылады. Мұндай «плазмалық жалынның» температурасы 10 000 нан 20 000К дейінгі диапазон аралығында жатады.

плазма квазиравновесная / quasi-equilibrium plasma — низкотемпературная плазма, характеризующаяся практически одинаковой температурой всех частиц. В плазмохимических процессах она является эффективным энергоносителем, а также источником химически активных частиц, в т.ч. атомов и радикалов.

квази тепе-теңдікті плазма / quasi-equilibrium plasma — барлық бөлшектерінің температурасы бірдей төмен температуралы плазма. Плазмалы химиялық процестерде эффективті энергия тасымалдаушы, сондай-ақ химиялық белсенді бөлшектердің, соның ішінде атомдардың және радикалдардың көзі болып табылады.

плазма лазерная / laser plasma — нестационарная плазменная среда, образующаяся при воздействии мощного лазерного излучения на вещество.

лазерлік плазма / laser plasma — затқа қуатты лазерлік сәуленің әсер етуінен түзілетін тұрақсыз плазмалық орта.


плазма микроволновая / microwave plasma— плазма, инициированная излучением микроволновым.

См. также плазма радиочастотная.



микротолқынды плазма / microwave plasma— микротолқынды сәулемен қоздырылған плазма.

Сон. қ. қараңыз: радиожиілікті плазма.



плазма невозмущенная / undisturbed plasma— плазма с относительно равномерным распределением всех основных параметров в пространстве и во времени (плотности, температуры, концентрации зарядов и т.д.).

ұйытқымаған плазма / undisturbed plasma — барлық негізгі параметрлері кеңістік және уақыт (тығыздықтың, температураның, заряд концентрациясының және т.б.) бойынша салыстырмалы біртекті таралған плазма.

плазма неидеальная / imperfect plasma — плазма, в которой потенциальная энергия взаимодействия между частицами сопоставима с их кинетической энергией или превышает ее; плазма неидеальная может приобретать качественно новые свойства по сравнению с идеальной.

идеал емес плазма / imperfect plasma — бөлшектер арасындағы әрекеттесуінің потенциалдық энергиясы олардың кинетикалық энергиясымен сәйкес немесе олардан асып түсетін плазма; идеал емес плазма идеал плазмамен салыстырғанда жаңа сапалық қасиеттерге ие бола алады.

плазма  ненейтральная / unneitral plasma — см. плазма заряженная.

бейтарап емес плазма / unneitral plasma — қараңыз: зарядталған плазма.

плазма неоднородная / inhomogeneous plasma — плазма, содержащая существенные пространственные неодно-родности какого-либо параметра (плотности, температуры, зарядов и т.д.).

біртекті емес плазма / inhomogeneous plasma — қандай да бір параметрінің (тығыздықтың, температураның, заряд концентрациясының және т.б.) айтарлықтай кеңістіктік біртексіздігі бар плазма.

плазма неравновесная / nonequilibrium plasma — плазма, в которой распределение частиц по скоростям существенно отличается от закона Максвелла, а температуры компонентов не равны. Неравновесная плазма образуется как приток энергии от внешнего источника (электрического поля) в основном к электронам, а обмен энергией между частицами идет с конечными скоростями (напр., плазма тлеющего разряда).

тепе-теңдіксіз плазма / nonequilibrium plasma — бөлшектерінің жылдамдықтар бойынша таралуы Максвелл заңынан өзгеше және компоненттерінің температурасы әр түрлі болып келетін плазма. Тепе-теңдіксіз плазма сыртқы көздерден (электрлік өріс), негізінен электрондарға қарай ағыс түрінде пайда болады, ал бөлшектер арасындағы энергия алмасу шекті жылдамдықпен (мысалы, солғын разряд плазмасы) жүзеге асады.

плазма низкотемпературная (разрядная плазма) / low-temperature plasma — плазма, в которой температура ионов составляет (условно) менее 10К.

төмен температуралы плазма / low-temperature plasma — иондардың температурасы 105Кнен төмен болатын плазма.

плазма однородная / uniform plasma, homogeneous plasma — плазма, не содержащая существенных пространствен-ных неоднородностей какого-либо параметра (плотности, температуры и т.д.).

біртекті плазма / uniform plasma, homogeneous plasma — қандай да бір параметрінің (тығыздықының, температурасының,) айтарлықтай кеңістіктік біртексіздігі болмайтын плазма.

плазма  открытая /open plasma плазма, которая горит в атмосферных условиях. Из-за того, что не нужна вакуумная камера, открытая плазма очень легко интегрируется в непрерывный технологический процесс.

ашық плазма /open plasma атмосфералық жағдайда жанатын плазма. Вакуумдық камера қажет болмағандықтан, ашық плазма үздіксіз технологиялық процеске жеңіл ене алады.

плазма радиочастотная / radio-frequency plasma — плазма газового разряда, созданная под действием переменного электромагнитного поля радиочастотного диапазона (примерно 105 -1010 Гц).

радиожиілікті плазма / radio-frequency plasma — радиожиілікті диапазондағы (шамамен 105-1010Гц) айнымалы электромагниттік өріс әсерінен пайда болатын газды разряд плазмасы.

плазма равновесная / equilibrium plasma плазма, у которой температуры электронов и ионов равны.

тепе-теңдіктегі плазма / equilibrium plasma иондары мен электрондарының температурасы өзара тең болатын плазма.

плазма твердых тел / solid body plasma — совокупность подвижных участвующих в электропереносе носителей заряда, взаимодействующих посредством кулонов-ских сил, приводящих к коллективному характеру движения заряженных частиц — основному признаку плазмы..

қатты дене плазмасы / solid body plasma — плазманың негізгі белгісі -электр тасымалына қатысатын, кулондық күшпен әсерлесетін, зарядталған бөлшектердің қозғалысын ұжымдық сипатқа алып келетін қозғалмалы заряд тасымалдаушылар жиынтығы.

плазма термическая / thermal plasma — плазма, образующаяся из разогретого нейтрального газа (1700-2600 К) при атмосферном давлении. Температуры электронов, ионов и нейтралов при этом равны, концентрация электронов лежит в диапазоне 109-1012-3.

термиялық плазма / thermal plasma — атмосфералық қысым жағдайында қыздырылған бейтарап газда (1700- 2600K) пайда болатын плазма. Электрондар, иондар және нейтралдардың температурасы тең, электрондар концентрациясы 109-1012-3 диапазон аралығында жатады.

плазма термоядерная / fusion plasma — высокотемпературная (около 108 К) плазма из дейтерия и трития, применяемая при управляемом термоядерном синтезе. Создаётся путём нагрева и быстрого сжатия плазмы током, с помощью инжекции высокоэнергетических нейтральных атомов, где они ионизируются, либо облучением мишени мощными пучками лазерных фотонов, электронов, ионов.

термоядролық плазма / fusion plasma — басқарылатын термоядролық синтез кезінде қолданылатын, дейтерий және тритийден тұратын жоғары (шамамен 108K) темпера-уралы плазма. Плазма жоғары энергиялы бейтарап атомдарды инжекциялаудың, болмаса нысанды қуатты лазерлік фотон-дармен, электрондармен, иондармен сәуле-лендіру көмегімен алынатын токпен қыздыр-ып кейіннен жылдам сығу арқылы алынады.

плазма холодная — атомы или молекулы в плазме расщепляются на большие частицы. В вакууме высокочастотным электромагнитным излучением ускоряются и нагреваются только электроны. Все другие частицы (ионы, атомы) остаются холодными, и поэтому плазма разогревается только на 40-50 градусов.

суық плазма плазмадағы атомдар және молекулалар үлкен бөлшектерге ыдырайды. Вакуумда жоғары жиілікті электромагниттік сәулелермен тек электрондар ғана үдетіледі және қыздырылады. Басқа барлық бөлшектер (иондар, атомдар) салқын күйінде қалады, сондықтан плазма тек 40-45 градусқа дейін ғана қызады.

плазма электроотрицательная — плазма, которая в основном состоит из катионов и приблизительно равного количества анионов, и лишь из очень малого количества электронов.

электрлік теріс плазма – көп мөлшері катиондардан, шамамен осыған тең аниондардан және электтрондардың шағын мөлшерінен тұратын плазма.

плазма  электроположительная — плазма, которая в основном состоит из катионов и электронов.

См. также плазмон, плазмотрон



электрлік оң плазма – негізінен катиондардан және электрондардан тұратын плазма.

Сон. қ. қараңыз: плазмон, плазмотрон.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет