Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков



Pdf көрінісі
бет20/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   299
9-20

Редакция алқасы. 

Тел: 8\727\ 270­82­21;

Уатсап: 8(701)148­09­33; 8(771)404­47­82;

ЭЛЕКТРОНДЫ  НҰСҚАНЫ  НЕ  ЖҰРНАЛДЫ

ҚАЛАЙ  АЛУҒА  БОЛАДЫ?



6

                                                                                                       

Қазақ тарихы  



№9 (186), қыркүйек, 2020

АТА  қАзАқТың  АрҒы  ТАрихынАн

ҚАЗАҚТЫҢ  ДӘСТҮРЛІ  КІСІЛІК  КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ  

ІЛКІМДІ ТӨРТ  ПРИНЦИПТЕРІНІҢ  ӘЛЕУМЕТТІК-

АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ (КОГНИТИВТІК)  СИПАТЫ



Нұрсан ӘЛІМБАЙ, 

этнолог

Кіріспе.  Дәстүрлі  қоғамдық  қатынастар  атаулыға 

тән  тұлғалық  байланыстар  жүйесінің  айырықша 

үстемділігі  [2;5;10;11]  байырғы  қазақ  социумының 

да  құрылымдық  һәм  функционалдық  негізі  болып 

табылады  [5;8;9].  Осы  қисын  тұрғысынан  көшпелі 

қазақы ортада, бір жағынан, «адал», «арам», екінші 

жағынан,  «обал»,  «сауап»  деп  аталатын  көпшілікке 

етене таныс екі жұп категория-принциптердің, әсіресе, 

тікелей  тұлғааралық  қатынас  желісіндегі  және  осы 

қатынас  арқылы  реттелініп  отырылған  «субъект-

объект» байланыстар саласындағы ерекше маңызды 

рөл атқарғандықтарын бажайлауға әбден болады.



Методология.  Төменде  аталған  категория-прин-

циптердің  әрқайсысының  когнитивтік-антропо логия-

лық  сипаты  (функционалдық-теориялық  образы) 

беріліп  отыр.  Осы  ретте  ерекше  екшеп  айтар  жайт 

–  авторлық  сюжеттік  желіс  қарастырылып  отырған 

категория-принциптердің,  ең  алдымен,  «субъект-

субъект»  деп  аталатын  жеке  тұлғалық  қатынас  жү-

йесі  арқылы  реттелінетін  өзара  себеп-салдарлық 

байланыстары  тұрғысынан  өрбітіледі.  Мұндай  мето-

дологиялық (құрылымдық-функционалдық) ұстаным-

ның  дәстүрлі  қазақы  ортадағы  ежелден  орныққан 

кісілік  концепциясының  әлеуметтік-антропологиялық 

болмыс-бітімін  мүмкіндігінше  дұрыс  парықтауға  сеп 

болатындығы түсінікті гәп болса керек.



АДАЛ  –  көшпелі  ортадағы  этикалық  мәнді  қа-

тынастар  жүйесін  ұйымдастыратын  және  реттейтін 

«адал» ↔ «арам», «обал» ↔ «сауап» деп аталатын екі 

жұптан  тұратын  төрт  іргелі  категория-принциптердің 

бірі  [1].  Оны  мәні  мен  қолданыс  аясы  тұрғысынан 

субъектілік  және  объектілік  деп  жіктеуге  болады. 

«Адал»  субъектілік  қасиет  ретінде,  ең  алдымен,  су-

бъектінің,  яғни  адамның  іс-әрекеті  арқылы  көрінеді. 

Оның объектілік қасиеті белгілі бір объектінің (мысалы, 

көшпелі  ортада  мал,  өсімдік  және  т.б.)  қолданыстық 

маңызды  тұрғысынан  анықталады.  Бірақ  объекті-

нің  адалдық  сипаты,  түптеп  келгенде,  субъектінің 

тиісті  әлеуметтік-мәдени  (этномәдени)  ортаның 

ежел ден  қалыптасқан  талғамы  мен  қажеттілігіне 

сәйкес рухани позициясы мен дүниетанымы арқылы 

айғақталынады. Яғни, соңғылардың ерекшеліктеріне 

байланысты  болады.  Демек,  субъектінің  де, 

объектінің  де  адалдығы  әлеуметтік  ортадағы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет