Мәтін №12
Сегізаяқ қалай жасырынады?
Сегізаяқтың арнайы қапшықта сиясы бар. Ол
онымен
жазбайды, тек дұшпандарын алдауға қолданады. Оған
шабуыл
жасалғанда, ол сия дағымен атады. Дақ
сегізаяққа ұқсаған көп аяқты болып көрінеді. Дұшпаны
даққа тұра ұмтылғанда, сегізаяқ тез жасырынып үлгереді.
Сұрақтар:
1. Сегізаяқ сиясын қай жерде сақтайды?
2. Сегізаяқ сиясымен не істейді?
3. Дұшпандары не себепті сияға ұмтылады?
Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр.
Сегізаяқ қалай жасырынады?
Сегізаяқтың арнайы ____ ___ бар. Ол онымен ____, тек
дұшпандарын ___ қолданады. Оған ____ жасалғанда, ол
__ ___ атады. Дақ сегізаяққа ұқсаған __ ___
болып
көрінеді. Дұшпаны ___
тұра ұмтылғанда, сегізаяқ __
_____ үлгереді.
Мәтін №13
«Каллиграфия» өнері
«Каллиграфия» грек тілінен аударғанда «көркем жазу
өнері» деп аударылады. Бұрын бұл өнер өте бағаланатын.
Хандар үшін баспа
кітаптары көркем жазумен
жазылатын болған. Осылай әдемі болатын еді. Қазір бізді
баспа мәтіндері қоршап жатыр. Бірақ маңызды құжаттар
әлі де көркем жазумен жазылады.
Сондықтан мектеп
бітірген соң да, көркем жазу қажет болатыны сөзсіз.
Сұрақтар:
1. Каллиграфия – ол ...
2. Кім үшін баспа кітаптары
көркем жазумен
жазылды?
3. Көркем жазу не үшін қажет болуы мүмкін?
Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр.
Достарыңызбен бөлісу: