Ақынова жібек мұхтарқызы



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
19042023 disser

Агрессивтілік. Көптеген жас балаларда агрессивті мінез-құлық көріністері 
байқалуы мүмкін. Агрессивті мінез-құлыққа бей-жай қарауға болмайды. Бір 
жағынан, бұл әлеуметтік ортада бейімделуге және өмір сүруге ықпал ететін туа 
біткен қорғаныс механизмі. Екінші жағынан, бұл баланың өмірін күрделендіруі 
мүмкін, оның айналасындағы адамдармен байланысына және жалпы оның 
тұлғалық дамуына кері ықпал етуі әбден мүмкін.
Мысалы, өшпенділік – 
агрессияның бір түрі, бұл агрессивті баланың өзі үшін де, оның айналасы үшін 
де әртүрлі қиындықтарға тап болуына әкеледі. 
Табандылық – агрессияның бір түрі, бірақ онсыз нәтиже алу, мақсатқа жету 
қиын. Агрессивті мінез-құлықтың бірнеше категориялары бар. Ата-аналар мен 
тәрбиешілер жиі кездесетін екі негізгі формаға тоқталамыз. Агрессивті мінез-
құлықтың пайда болу себептері баланың әр түрлі эмоционалды тұрғыдан 
көрінеді: 
- ренжу, шабуыл, қорқу, психикалық жарақат алудан; 
- махаббат пен ерекше назар аударуды қажет еткенде; 
- кез келген тілектері мен қажеттіліктеріне шектеу қойғандағы 
наразылықта;
Баламен тиімді қарым-қатынас жасау және оның мінез-құлқын түзету үшін 
ересек адам (педагог, психолог, ата-ана), ең алдымен, мұндай көріністердің 
себептерін анықтауы керек. Агрессивті балалармен жұмыс жасаудың жалпы 
тактикасы – баланы бірте-бірте әлеуметтік жағымды формада өзінің 
наразылығын білдіруге үйрету. 
Гиперактивті 
мінез-құлық 
балада 
импульсивті, 
назардың 
тұрақсыздығының бұзылуынан көрінеді. Мұндай балаға ережені сақтау, сабаққа 
көңіл бөлу, ұзақ уақыт бойы бір іспен айналысу қиын.
Олар үшін өзінің қалауы 
«Мен де қалаймын!» маңызды. Тіпті мінез-құлық ережесін нақты білу оны 
жүзеге асырудың шарты емес. Гиперактивті баладағы зияткерлік деңгейі мен 
шығармашылық белсенділіктің деңгейі жоғары болуы мүмкін, бірақ шаршаудың 


38 
жоғарылауына байланысты тапсырманың өнімділігі төмен болады. Балабақша 
тобындағы гиперактивті баланы педагог-психологтар Г.Монина мен Е.Лютова 
ұсынған критерийлер бойынша анықтауға болады [136]. 
Гиперактивті мінез-құлыққа бейім баланың зейінінде де өзгешеліктер 
болады мәселен, бастаған істі аяғына дейін жеткізбейді, бір затқа ұзақ уақыт 
назар аудара алмайды, біреу онымен сөйлескенде естімейді, тапсырманы үлкен 
ынтамен қабылдайды, бірақ оны ешқашан аяқтамайды, заттарды жоғалтады, 
жалықтыратын және ақыл-ой күшін талап ететін тапсырмалардан қашады, 
ұмытшақтық жиі көрініс береді.
Мұндай баланың белсенділілігі шамадан тыс болады: артық қимыл-
қозғалыстың көптігі, мазасыз ( бір орында ұзақ отыра алмау, үнемі қозғалыста 
болу, өрмелеу және т.б.), басқа балаларға қарағанда аз ұйықтайды (нәрестелік 
кезінде де), сөзшең келеді. 
Импульсивтілік көрсеткіші: ойын және сабақ барысында өз кезегін күте 
алмайды, қойылған сұраққа асығыс, тез жауап беруге тырысады, жиі кедергі 
жасайды, сөйлеушінің сөзін бөледі. Импульсивті балалар үшін ересектер 
ұйымдастырған іс-әрекеттерін талқылау өте пайдалы, мысалы, ойын сабағының 
нәтижесін қорытындылауда ойын шапшаң білдіре алады. Балаға құрдастарының 
ойын әрекеттерін және өз ережелерін сақтау (сақтамау) тұрғысынан талдауға, 
туындаған қиындықтар туралы айтуға шақырылады. Әңгімелесу барысында 
ересек адам ынталандырушы сұрақтар қояды, баламен бірге балама әрекеттерді 
талқылайды, оған белгілі бір мінез-құлық стратегиясын ұсынады. Мұндай 
бірлескен рефлексия балаға өз әрекеттерін әрі қарай бақылауға және байқауға 
мүмкіндік береді. 
Тұйық мінездік. Бұл қарым-қатынас құру ортасының тарылуынан, 
басқалармен эмоционалды байланыс мүмкіндіктерінің төмендеуінен, жаңа 
әлеуметтік қатынастарды орнатудағы қиындықтардың жоғарылауынан көрінетін 
мінез-құлықтың сипаты. Мінезі тұйық бала қарым-қатынас орнатуға бейімсіз 
және қолдау қабілеті төмен болады, басқалармен қалай қарым-қатынас жасауды 
білмейді, сонымен қатар қарым-қатынас қажеттілігін сезінбейді. 
Баланың мінез-құлқындағы тұйықтың болу себептері түрлі жайттардан 
туындайды мәселен ұзақ стрестік күй, отбасында үйлесімді эмоционалды қарым-
қатынастың болмауы (баланың отбасында еленбей қалу жағдайлары немесе оған 
сүйіспеншілік пен жақсы көруді танытпау, ауруханада ұзақ уақыт болу және 
т.б.), эмоционалды жеке патологиялық ерекшеліктері (шамадан тыс қызбалық, 
психикалық процестердің инерциясы), баланың бейтаныс ересектерден қорқуы, 
олармен қарым-қатынас жасау тәжірибесінің аздығы. Тұйық бала қоршаған 
әлемнен қоршалған сияқты және жалғыз өмір сүруге бейімделеді. 
Өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігі. Баланың қарым-қатынас процесінде 
өзін-өзі бағалауының төмендігі тіпті белгілі бір дағдылармен сәйкес келмеуі, 
әлеуметтік байланыс орнатуда елеулі қиындықтардың бастауы болуы да мүмкін. 
Өзін бағалауы төмен бала үнемі ішкі ыңғайсыздықты сезінеді, өзіне күмәнмен 
қарайды, олар сыртқы әсерлерге тым ашыла бермейді, сәтсіздіктен, жоғалудан 
қорқады. Баланың өзін-өзі бағалауының төмендігі белсенділіктің баяулауынан, 


39 
белгісіздіктен, осалдықтың жоғарылауынан, аса сезімталдықтық сияқты мінез-
құлықтың көрінуімен сипатталуы мүмкін. Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуына 
көптеген факторлар мысалы тәрбие ерекшеліктері мен әлеуметтік тәжірибе, жеке 
қасиеттер, объективті факторлар әсер етеді. Педагог-тәрбиеші баланың өзін-өзі 
жеткіліксіз бағалауын мақсатты тәрбиелік әсерлермен түзетуі керек. Баланың 
жеткен жетістіктеріне баса назар аударып («сен жасап үйрендің...»), 
мүмкіндіктеріне сенімділік білдіру («Сенің қолыңнан бәрі келеді!»). Кез келген 
бастаманың көрінісін ынталандыру, табыстар мен сәтсіздіктерге қалыптастыру 
қажет. 
Жоғарыда қарастырылған ғалымдардың еңбектеріне сүйенетін болсақ, 
балалардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруда сөйлеу әрекетінің ең 
маңызды орында екені белгілі болды. Мұнда өз қатарындағы құрбыларымен 
сөйлесу арқылы араласуы, педагог-тәрбиешілерді тыңдау, сөзін түсіну, 
мағынасын ұғыну, оған сәйкес жауап беруінің маңызды шарты деуге болады. 
Сонымен бірге, педагогтің сөйлеу әректетінде дауыс ырғағы, бет әлпеті, ым, 
ишара сөздің мәнін дұрыс пайымдауға мүмкіндік береді. Зерттеуші 
ғалымдардың коммуникативтік дағдыларға қатысты еңбектеріндегі келелі 
пікірлерді мектеп жасына дейінгі балаларды осы дағдыларды қалыптастыру 
қажеттігін көрсетті. Бұл жерде ғалымдардың айтылған пікірлерін ертегі 
терапиясын қолдануға БМДҰП-ін даяарлауда теориялық-әдіснамалық және 
практикалық платформа ретінде негізге алу қажет. Бұл мәселені зерттеуіміздің 
келесі тарауларында қарастырамыз.  
Зерттеу 
мәселесі 
бойынша 
әдебиеттерді 
теориялық 
талдау 
«коммуникативтік дағдылар» ұғымының көптеген анықтамалары бар екенін 
көрсетті. Сонымен қарым-қатынас дағдыларына анықтама бере өтсек: 
Коммуникативтік дағдылары – адамның басқалармен үйлесімді қарым-қатынас 
жасау, өзара әрекеттесу, алынған ақпаратты адекватты қабылдау және ұтымды 
беру қабілеті, сонымен қатар қарым-қатынас серіктестікте эмпатиялық күйді 
сезіне алу қабілеті.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы 
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру - тақырыбының 
ауқымы кең сондықтан қысқыша анықтама беру мүмкін емес, оған келесідей 
түсініктеме берілді:
1. БМДҰП-тәрбиеші және педагог. 
2. БМДҰП-і ертегі терапиясы ұғымының мән мағынасын жан-жақты 
меңгерту жолдарын қарастыру. 
3. Балаларда комммуникативтік дағдылар қалыптастыру - бұл балаларды 
қарым-қатынасқа еш қиындықсыз енуге дайындаудың теориялық-практикалық 
жақтарын меңгерту. 
4. Субъек-субъек қарым -қатынасын маңызын ескеру.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін коммуникативтік дағдыны 
қалыптастыру қызметіне даярлау құрылымындағы мақсат белгілі бір 
жағдайларда жүзеге асырылатын бағынышты мақсаттар ретінде болуы мүмкін 
міндеттерді алдын ала анықтайды. Қалыптасқан қарым-қатынастардың, 


40 
құндылық бағдарлардың, қызмет пен қарым-қатынас тәжірибесінің, білімнің 
жиынтығын анықтайтын қызметтің мазмұны, іс-әрекет нысандары – мақсат пен 
міндетіне қолын жеткізуге, коммуникативтік дағдыны қалыптастыру үдерісінің 
мазмұнын меңгеруге бағытталған балалармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру 
және жүзеге асыру әдістері, құралдары, іс-әрекет әдістері – нәтижеге жету 
жолдары негізінде анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет