ұштасқан еркіндік. Заманауи философияда еркіндік адам тіршілігінің міндетті
атрибуты - субъектінің мақсатты, таңдамалы белсенділігі ретінде
қарастырылады.
Субъектінің бірегейлігі нәтижелілік белгісі болып табылады. Адамның
бірегейлігі оның десубъективациясына, әлеуметтік объект болуына әкеледі.
Бірегейлік – бұл субъектінің өзін басқадан, өз ісі мен оның нәтижелерін
басқанікінен айыра алатындай қабілеттілік қасиеті. Әрбір бала, әрбір семья, білім
беру мекемесі бірегей, өйткені әрбір адам аталған субъектілі бастауды алып жүре
алмайды. Оның болуы білім беру процесін жоспарлау мен ұйымдастыруда дара
көзқарас тұрғысынан қарауға, мектепке жасына дейінгі балалардың өзара қарым-
қатынас істерінің сипатына байланысты.
Субъектінің белгілеріне сипаттама беру шығармашылыққа қатысты болады.
Шығармашылыққа қабілеттілік – сырттан ұсынылатындардың ішінен таңдау
ғана емес, сонымен бірге жеке
тұлғаның өзін-өзі көрсете білу қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жаңалық ойлам табу. Маңызды белгілері өзіндік нанымы
белсенділік
саналылық
еркіндік пен
жауапкершілік
бірегейлік
шығармашылыққа
қабілеттілік
21
бойынша әрекет жасау, жайсыз жағдайларға дәлелді түрде қарсы тұру, жаңа
қоғамдық үрдістерді аңғарып отыру болып табылады.
Ғылыми дереккөздерін талдау тұлғааралық қатынастар кем дегенде екі
белсенді субъектінің болуымен, мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау
кезінде олардың бірлескен өзара қатынастарының белгілі бір түріне
дайындығымен сипатталатындығын көрсетеді. Субъект-субъективті қатынас
тұлғааралық қатынастың ерекше формасы ретінде күрделі, көп компонентті
және көп деңгейлі психологиялық анықтама болып табылады. Ол – екі немесе
одан да көп өзара әрекеттесетін тараптардың бірлігін қамтамасыз етеді. Ол -
тұтастық, мағыналы байланыс, өзара әрекеттесу, даму, қажеттіліктер, мақсаттар,
ұмтылыстар, мүдделер, қызмет, диалог, белсенділік, шығармашылық,
рефлексивтілік, бағалау және т.б. идеяларды қамтиды.
Педагогикада мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде субъект-
субъектілік қатынастар арқылы оқу-тәрбие процесінің әрбір қатысушысы саналы
түрде шешім қабылдап, педагогикалық өзара іс-қимыл барысында бірлескен
танымдық қызметтегі қарым-қатынас ретінде түсіндіріледі. Біздің зерттеуімізде
субъект-субъектілік қатынастар іскерлік (ынтымақтастық) және жеке (қарым-
қатынас) өзара әрекеттесу аспектілерінің бірлігіне негізделген және саналы іс-
әрекеттерде, реакциялар мен әрекеттерде көрінетін бір белсенді субъектінің
(педагог-тәрбиешімен) оқу процесінің басқа тең құқылы субъектісімен
(тәрбиеленушімен)
мағыналы
байланысын
білдіретін
тұлғааралық
қатынастардың ерекше нысаны екендігі анықталды.
Оқу процесінде мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау субъект-
субъектілік қатынастарды қалыптастырудың жетекші факторлары тұлғаға
бағытталған педагогикалық өзара іс-қимыл, педагог-тәрбиеші мен баланың
қарым-қатынасының диалогтық стилі және балалардың дамыған субъективті
ұстанымы болып табылады. «Қарым-қатынас өзара әрекеттесудің ішкі жеке
негізі, ал соңғысы-біріншісін жүзеге асыру немесе оның салдары мен көрінісі»
негізінде субъект-субъектілік қатынастар педагогикалық өзара әрекеттесудің
нәтижесі және сапалық сипаттамасы болып табылады [44,с. 122]. Сонымен қатар
тек тұлғаға бағытталған диалогтық өзара әрекеттесу, педагог-тәрбиеші мен
баланың іс-әрекеттерінің оқу-тәрбие үдерісінің белсенді субъектілері ретіндегі
және жеке тәжірибе, қарым-қатынас, құндылықтар алмасу негізінде жүзеге
асырылатын бірлігі педагог-тәрбиеші мен балалардың субъектілік қатынастарын
қалыптастыруға ықпал етеді. Тұлғааралық өзара әрекеттесудің үш компонентті
танымдық,
мінез-құлық,
эмоционалды
және
бағалау-рефлексивті
компоненттердің бірлігінде субъект-субъективті қатынастарды құрады.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау субъект-субъектілік
қатынастардың танымдық аспектісі басқа адамды, оның қасиеттері мен
қабілеттерін, ішкі әлемін білуге деген ұмтылыстан көрінеді. Субъект-субъектінің
басқаға деген көзқарасы кезіндегі мінез-құлық дайындығы диалогтық қарым-
қатынасқа және онымен бірлескен қызметті жүзеге асыруға, белгілі бір
қиындықтар туындаған жағдайда көмек көрсетуге, бірлескен нәтиже алуға деген
ұмтылыста көрінеді. Әртүрлі мағыналы, бір-біріне деген қызығушылықтың
22
артуына, өзара жанашырлық пен эмпатияға негізделген субъект-субъектілік
қатынастар бұл адамдардың жағымды эмоциялары мен реакцияларында
көрінетін терең жеке қатынастар [101].
Бұл қатынастар құрылымдық функционалды түрінде маңызды рөл
атқарады, өйткені педагог-тәрбиеші мен балалардың педагогикалық өзара
әрекеттесуіндегі субъект-субъектілік қатынастарды қалыптастыру процесінің
ұйымдастырылуын, сондай-ақ іс-әрекеттің бағытын және оқу процесі
субъектілерінің мінез-құлқының тәсілдерін көрсетеді [102].
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлаудың практикалық қызмет
тәжірибесін талдау және жалпылау педагог-тәрбиеші мен балалардың субъект-
субъек
қарым-қатынасын
мақсатты
түрде
қалыптастырудың
ұйымдастырушылық және педагогикалық жағдайларының кешенін жасауға
мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар арқылы біз
педагог-тәрбиешінің балалармен педагогикалық өзара әрекеттесудегі кәсіби
қызметін модельдеуге бағытталған және субъект-субъектілік қатынастарды
қалыптастыру процесін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Педагог-тәрбиеші
мен балалардың педагогикалық өзара іс-қимылын ұйымдастыру шарттары
мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
- балалардың педагог-тәрбиешімен өзара іс-әрекетке мотивациялық
қажеттілік қатынасын қалыптастыру;
- балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу;
- балалардың жетекші іс-әрекеті мен мүдделеріне сүйену;
- субъектілік тәжірибені өзектендіруге және кеңейтуге;
- танымдық қабілеттерін дамытуға және балалардың субъективті
сипаттамалары;
- ынтымақтастық пен диалогқа бағдарлану;
- топта эмоционалды қолайлы атмосфера құру.
Біздегі қоғамның барша салаларында көрінетін, әсіресе саясат пен ғылымда
және мәдениет пен экономикаларда орын алып жатқан өзгерістерді адам өмірінің
мәндері мен мақсаттары, оның ішінде өзінің өмірлерін және басқалардың өмірін
басқару, қабылданған шешімдер үшін жауап беру қабілеттерін түсінуді
өзектендіреді. Қоғамымызда орын алып жатқан әлеуметті өзгерістері мектепке
дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа талаптар
қояды, ол білім беру және оқыту технологиялары негізінде тұлғағаны оқытуға,
тәрбие беруге бағытталған болады, балаларды оқу үдерісінде өздерінің
әлеуеттілігін ашып, тұлға ретінде дамып, өсуіне мүмкіндіктер берді. Бұған
байланысты балалар мен білім берушілердің субъект-субъект қарым-қатынасын
қалыптастырудың міндеттері бекітіліп, ерекше бір өзектілікке толы болып
саналады, олай болатын себебі тұлғаның қалыптасуы, мақсат қоя білуі қабілеті
және рефлексиясы, жауапкершілігі, белсенділігі, таңдау еркіндігін жинақтайды
[103].
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда адамдардың субъективтілігі
өзінің бастапқы негіздері бойынша адамның өзінің өмірдегі белсенділігін іс
жүзінде түрлендіру объектілеріне айналдыру қабілеттеріне қатысты екендігін
23
атап өтеді. Бұл үдерістің маңыздылығы, оның қасиеттері – адамның өз іс-
әрекеттерін басқаруы, шындығы іс жүзінде өзгертуі, іс-әрекет тәсілдерін
жоспарлауы, жоспарландырылған бағдарламалар легін жүзеге асырудың
барысында бақылауы және өз істері мен әрекеттерінің нәтижелерінің бағалаушы
қабілеттері болып саналады.
Педагог-тәрбиешілер балалардың жеке басының субъективтілігін
қалыптастыру міндетін жүзеге асыру үшін «субъективтілік» санатының
психологиялық негізін нақты көрсетуі керек. Жоғарыда субъект-cубъект
ұғымына филососфиялық, педагогикалық, психологиялық анықтамаларды
келтіреуде, олардың өзара байланысыта да көрініс тауып отыратынын айтуға
болады.
Біздің зерттеуіміз мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау арқылы
коммуникативтік дағдыны қалыптастыру болғандықтан, «сөйлеу», «қарым-
қатынас», «коммуникативтік дағды» сияқты негізгі ұғымдардың мағынасы
нақтылыланып қажеттілігі ашып көрсетілді.
«Коммуникация» ұғымы ғылыми әдебиеттерде ХХ ғасырдың бас кезінде
пайда болған. Коммуникациялар (қарым-қатынас) (лат. сommunico –
байланыстыру, қарым-қатынас жасау) – әлеуметтік өзара әрекеттестіктің
семантикалық аспектісі. Кез келген жеке әрекет басқа адамдармен тікелей немесе
жанама қарым-қатынас жағдайында жүзеге асатындықтан, оған (физикалық)
коммуникативтік аспект кіреді. Бұл жерде негізгі сөз – қарым-қатынас, яғни
қарым-қатынас, сөйлеу, варбальды және вербалды емес (ым-ишара, жаңсаулар,
және т.б.) арқылы жүзеге асатын өзара әрекеттесу. Аристотельдің ойынша
қарым-қатынастарды қоғамдақ өмірдің қажетіне жарап сонымен қатар
жалпылама көріністері ретінде қарастырылған. Оларды алғашқы рет қарым-
қатынас процестерінің жалпылама үлгілерін жасаушының өзі. Ғұлама өзінің
«Риторика» аталатын еңбектерінде: «...кезі келген қатынастарға аз дегенде 3
элемент легі қажет болады. Олардың қатарында: бет пен сөйлеу және құлақ» –
деп көрсетті.
Философияда коммуникация ұғымын неміс психологы, экзистенциализм
философиясының теоретигі Карл Ясперс (1883-1969) қолданды.
Ол өзінің
«Жалпы психопатология» атты (1913 ж.) диссертациясын қорғағанан кейін,
психикалық ауруы бар науқастармен қарым-қатынас жасаудағы қиындықтарды
зерттеп, ол қарым-қатынас және коммуникация мәселесіне қызығушылық
танытты. Ол өз еңбегінде коммуникация адам өмірінің әмбебап шарты екенін
атап өтті.
К.Ясперс «Философиялық сенім» (1948) атты еңбегінде
экзистенциалды
коммуникацияны
қарастырды,
экзистенциалды
коммуникацияны «өзін-өзі анықтауы» деп санайды: бұл адамның «өзін»,
«өзімен-өзі болмыстың» көрінісі, «Мен» және «Сіз» әрекеттесуі, нәтижесінде
«Біз» қалыптасады.
Экзистенциалды коммуникация – гуманистік, еркін, субъект-
субъект, диалогтық коммуникация.
К.Ясперстің ойынша экзистенциалды
коммуникация – бұл жеке адамдардың шынайы қарым-қатынасы, онда олардың
«қарым-қатынасқа шексіз дайындығын – адам болмысының жолына түсу шешімі
ретінде» көрсетеді, мұнда олардың рухани әлемінің «байланысы» болады.
24
Адамға өзінің шынайы мәнін беретін экзистенциалды, еркін қарым-қатынас, тек
осындай қарым-қатынас арқылы адам өзін, өзінің «менін» таба алады [104].
Персонализм өкілі француз философы, католик діни қызметкері, профессор
Морис Гюстав Недонсель коммуникативтік саланың көкжиегі трансценденттік
перспектива арқылы белгіленетінін атап өтті: «өзіңмен-өзің болу үшін, кем
дегенде, екеу болуыңыз керек; толық болу үшін басқалардың Құдай болуы
керек».
Дәл осы мағынада американдық персоналист-философ Ральф Тейлор
Флюллингтің «Шығармашылық тұлға» еңбегінде тұлғаны креативті және
жасампаз («креативті тұлға») ретінде берген [105].
Персоналистік философия теоретиктері жеке рухани субстанция адамның
болмысының негізі ретінде, ал оның рухани құндылықтары өркениеттің ең
жоғарғы мәні болып табылады. Персонализм философиясында коммуникация,
жеке қарым-қатынас-бұл адам өмірінің басты мақсаты болып саналады.
Персонализмдегі қарым-қатынас «жеке тұлғаның өз бойындағы, басқаның
сезімін түйсінудегі ішкі метафизикалық қабілет» ретінде қарастырылады.
Коммуникация құбылысын түсіндіре отырып, Н.А.Бердяев хабарлама мен
қарым-қатынас ұғымдарын ажыратады, ал персоналистік коммуникацияны
сипаттау
үшін
ол
коммюнотарлық
терминді
кеңінен
қолданады.
Коммюнотарлық – бұл персоналистік, бостандық, сүйіспеншілік, шынайылық,
бауырластық негізінде құрылған, құдай арқылы жүзеге асатын тұлғааралық
рухани қарым-қатынас. Коммюнотарлық адамның адамға құдай арқылы тікелей
қатынасын білдіреді, ол терең экзистенциалды, бұл шынайы өмірге серпіліс,
шексіз еркіндік пен руханилық беріледі [106].
Егер экзистенциалды коммуникацияны түсіндіруінде – уақытша көріністер
аспектісінде қысқа мерзімді интерактивтілік ерекшеленсе, ал персоналистік
коммуникацияны түсіндіруде олардың ұзақ мерзімді интерактивтілігі
ерекшеленеді.
Тұлғаның коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың теориялық
негіздерін отандық және шетелдік ғалымдар Э.В.Исхакова [73,б. 124],
А.А.Бодалев [107], Л.С.Выготский [108], Я.Л.Коломинский [43,с. 121],
А.А.Леонтьев [44,с. 122], Б.Ф.Ломов [109], А.В.Мудрик [46,с. 320], П.М.Якобсон
[110] қарастырды
.
Педагогикалық іс-әрекеттерде де қарым-қатынастың орны өте жоғары,
өйткені педагогтардың негізгі атқаратын қызметі тәрбиелеу мен оқыту, білім
беру мен дамыту, дағдыны қалыптастырудың үдерісін ара қатынассыз елестету
мүмкін емес. Сол себепті педагогикалық қарым-қатынас, ол – педагогикалық
процесс субъектілері қатары әрекеттестік негізділігі болып саналады.
В.А.Сластенин пікірі бойынша педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз
педагог-тәрбиешілер мен тәрбиеленуші арасында болатын әрекеттердің мақсат-
мазмұндарынан туындаған қатынасты орнатып, дамыту кезіндегі түсіністік пен
әрекеттерді ұйымдастырудағы күрделі бір үдерістер.
Педагогикалық қарым-қатынаста педагог-тәрбиешілер жетекшілік рөлді
атқарады, өйткені балалармен қарым-қатынастарды ұйымдастыруда алдын-ала
көп педагогикаға сай міндетті анықтай алады, ол міндетті шешудегі тиімді бір
25
жолдарды
іздеп
табады. Қарым-қатынасқа
байланысты
міндеттерді
коммуникативтік міндет деп атаймыз. Педагогикада коммуникативтік міндетті
шешудегі негізгі болатын кезеңдер былай жіктеледі:
- қарым-қатынас жағдайларын
бақылау
кезеңі (тәрбиешілер
топтағылардың қандай екендігін, қандай жолмен сөйлесу қажет екенін, әр
баламен қалай сөйлесу керектігін және сөйлеудің қандай әдістерін қолдану қажет
болатындығын айқындайды);
- өзіне назар аударту кезеңі (тоқталым, сөздермен көңілін аударту, қимыл
ісі арқылы суреттер көрсету, көрнекілік құрал көрсету, тақтаға жазу т.с.с.);
- тыңдаушының қарым-қатынасқа әзірлігін анықтайтын кезең (баланың
топтық қарым-қатынастарға қатысты болатын психологиялық ахуалдардың
болатындығын анықтайды);
- вербалді қатынас кезеңі (ақпараттар легін тиімді келетін жолдармен, яғни
логикаға салдырып, ұғынықты етіп, жүйелі түрде жеткізу);
- мазмұнды және эмоционалдық кері байланысты ұйымдастырушы
кезеңінде (тілдік қатынастарды дұрыс қолданып, ақпараттарды баяндаудың
логикаға сыйымдылығын, монологтар орнына диалогты қатынастар орнатып,
сұрақтарды қоюмен аудиториядағылар зейіндерін тақырыптың аясына бұру,
қызықты болатын проблемалық типті сұрақтарды қою, балалардың түсінген не
түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің психологиялық және
педагогикалық іс-тәжірибелеріндегі балалардың арасындағы қарым-қатынастың
мынандай негізгі түрлерін қарастырса болады: коммуникативтік, интерактивті
Достарыңызбен бөлісу: |