Ақынова жібек мұхтарқызы



Pdf көрінісі
бет18/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66
19042023 disser

Жануарлар, өсімдіктер туралы ертегілерге саңырауқұлақтар соғысы және 
т.б. жаны жоқ табиғаттың заттарын жатқызады. Солтүстік Америка мен Африка 
елдерінде мұндай ертегілердің қарасы көп кездеседі.
Оның ішінде танымал әрі 
ақылды кейіпкерлерде бар.
Тұрмыстық ертегілер кейіпкерлердің түріне қарай бөлінеді: ақылды 
болжаушылар, кеңесшілер, ұрылар туралы, зұлым әйелдер туралы және т.б. 
Л.Соловьеваның «Ходжа Насреддин», Э.Т.А.Гофманның «Житейские воззрения 
кота Мура» ертегілері осы топқа сәйкес келеді. 
Фантастикалық ертегілер «өмірдегі мүмкін емес оқиғалар туралы» 
желісіне құрылған, мысалы, қасқырлар адамды ағаштан көтеріп, оны сол жерден 
алып шығу үшін бір-бірінің артында қалай тұрағаны туралы. В.Я.Пропптың 
айтуы бойынша, қызықсыз ертегілер – бұл ересектерден әңгіме талап ететін 
балаларды тыныштандырғысы келетін [152].
Мысалы: «Патшаның ауласы 


47 
болды, аулада қазық болды, қазықта шүберек болды, әңгімені басынан бастауға 
болмай ма? Патшаның ауласы болды...»

Әдебиетте мұндай туындылар бар, бұл 
тұрғыда Д.Хармс [153], К.Чуковский [154] мұраларына жүгіну жеткілікті. 
Қазіргі ғылыми ертегілердің келесі түрлерін айтуға болады: жануарлар 
туралы; сиқырлық, шағын әңгімелер, аңызға айналған, ертегілерге пародия
балаларға арналған ертегілер. 
Жануарлар туралы ертегілер бұл ортағасырлық поэтикалық мұраның 
ықпалымен даму процесінде бұрынғы ата-бабаларымыздың мифтерден құралған 
алғашқы қарабайыр әдеби тәжірибесінен бастау алатын ең көне түрі болып 
саналады. («Романа о Ренарте-Лисе»» және т.б.)
Сиқырлы ертегі – жалпы қабылданған термин. Анықтамалық ғылыми 
әдебиеттерде бұл ертегі жайында былай дейді: «миф пен сиқырға толы 
кейіпкерлер немесе әйел болады, сонымен қатар үйлену тойы немесе 
авантюралық мақсаттар басты назарда болады»
[126,с. 29]. Мұндай анықтама 
сюжетті дәл осы түрге жіктеу үшін таңдалған критерийдің бұлыңғыр екенін 
көрсетеді және әрі қарай іздеуге мүмкіндік береді. 
Пародия ертегілері ең жаңа жанр ретінде қабылданған классификацияда 
«ертегінің түріне (мысалы, қысқа әңгімелер немесе шексіз, ертегілер) немесе 
ертегілердің мазмұнына пародия
(«Фом а Беренников») [126,с. 29]. Сонымен 
қатар осы түрге кіретін ертегілердің ежелгі шығу тегі болуы мүмкін екендігі 
айтылады. 
Балалар ертегілерін ересектер балаларға, сондай-ақ балалардың бір-біріне 
айтқан ертегілеріне жатқызу әдетке айналған. Халық ертегілерінің ішінде 
мұндай сюжеттердің корпусы сюжеттің сыртқы қарапайымдылығымен және 
оның ұсынылуымен ерекшеленеді («Петушок подавился зернышком», «Коза и 
козлята», «Теремок», «Коза за орехами» т.б.), жас авторлардың арасында-
көбінесе «қорқынышты оқиғалар» кездеседі. Мысалы: «Қап-қара қаланың ішінде 
қап-қара көше болды...». Қазіргі заманауи ертегілерде оқиғалар қорқынышты 
жерде, қорқынышты жағдайларда, қорқынышты кейіпкерлер, қорқынышты 
оқиғаларға т.б. негізделеді. Бір ерекшелігі қазіргі балалар қорқынышты 
нәрселерге еліктейді, психологиялық тұрғыдан алғанда бұл балаларда жақсы ой, 
жақсы сезім, жақсы қылықтар орнықтырмайды. Мектеп жасына дейінгі 
балалардың аггрессия көбейуіне осы да ықпал ететіні күмәнді емес. Осылайша 
әр жылдары жүргізілген бірқатар авторлардың зерттеулерінің арқасында 
ертегілердің типологиясы әзірленді, бұл зерттеулерді осы бағытта, атап айтқанда 
жіктеу тәсілдерін кеңейту арқылы жалғастыруға мүмкіндік береді.
Тағы бір рет 
айта кету керек, бұл әдебиет фольклорлық ертегілердің типологиялық сан 
түрлілігі. Осыған байланысты, халықтық және әдеби ертегілер ұғымын 
кеңейтуге назар аудару, ертегіні біртұтас жанр ретінде, әрі қарай жіктеу үшін 
қолданылатын жүйелік тұжырымдама ретінде анықтауға мүмкіндік беретін 
олардың қоғам үшін маңызды белгілерін анықтау.
Ертегілерді талдаудың кез 
келген аспектісінде және кейіпкерлердің құрамына, сондай-ақ композициялық 
құрылысына қарамастан, бұл жанрға тән ерекшеліктер – бұл оқиғаларда орын 


48 
алатын белгілі бір шарттардың болуы әдетте, ұсынылған ниеттің заңдылығын 
растайтын сюжет пен аяқталуы. 
Сонымен, жаңадан тұжырымдалған анықтамалар келесідей ерекшеленеді:
- жанрдың ерекше поэтикасының ұғымын, оны құрайтын көп мағыналы 
символдық бейнелер мен метафораларды бөліп көрсету арқылы нақтылайды;
- халықтық және әдеби ертегілер ретінде есептеледі.
Ұсынылған анықтамаларды жоғарыда қарастырылғандармен салыстыра 
отырып, бірқатар ерекшеліктердің сәйкес келуін де және олардың бірқатарының 
нақтылануын да, жаңаларының пайда болуын да атап өттік. 
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша «ертегілер ойын мен қиялдың
балалардың ойлау сәтінің негізі болады. Балалар ертегіні бес рет, он рет 
қайталаған сайын тыңдайды және әрбір тыңдалымында немесе оқығанда балалар 
өзідеріне жаңалық ашады. Балалар әлемдегі жалмауыздың да, ханшайымның да, 
өлмейтін тіршіліктің жоқ екендігін анық біледі. Бірақ та осы бейне жамандық 
пен жақсылықты бейнелейтінін және жақсылар мен жамандарға деген өзіндік 
көзқарастарын қалыптастырады» [155]. 
Орыс педагогі К.Д.Ушинский ертегілердің халық педагогикасының 
алғашқы жарқын әрекеттері деп атады.
Ол ертегілер туралы өте жоғары пікірде 
болған және ертегілерді өзінің педагогикалық жүйесіне енгізді. Балалар 
арасындағы ертегілердің сәтті болуының себебін К.Д.Ушинский халық 
шығармашылығының 
қарапайымдылығы 
мен 
риясыздығы 
балалар 
психологиясының сол қасиеттеріне сәйкес келетінінен көрді. «Халық 
ертегісінде, – ұлы және поэзияға толы, халық – балаларға өзінің балалық 
армандарын, қиялдарын айтады және олардың жартысы осы армандарға, 
қиялдарға сенеді» деп жазды ол [156]. 
Атақты педагог-психологтар ертегі терапиясын қалай түсінеді? Ертегі 
терапиясының шетелдік теоретиктері мен практиктерінің арасында К.Г.Юнг, 
Э.Берн т.б. еңбектері ерекшеленеді әрі психотерапиялық құрал деп саналады 
[62,с. 345].
Арт-терапия ұғымын қазақ тіліне аударғанда «өнер арқылы емдеу» 
мағынасын білдіреді. Ал, оны ғылымда алғаш қолданысқа енгізген Адриан Хилл 
атты ғалым. Арт-терапия ұғымын қолдану арқылы көптеген жетістіктерге, 
білімге қол жеткізуге болатынын айтады. Адриан Хильдің «Арт-терапияның 
тарихы», «Терапия-емдеу» атты еңбегі 1938 жылы жарық көрді. Ал 1961 жылы 
арт-терапияның түрлері ажыратыла бастады. Соның нәтижесінде арт-
терапияның 30-дан астам түрі пайда болды. Қазақстанға бұл сала 20-шы 
ғасырдың 90 жылдары келді. 
«Арт-терапия» – ұғымы (art – өнерлер, artterapy – өнерді терапия арқылы 
іске көшіру) көбінесе ағылшын тілді халықтар қоныстанған елде кең тараған. 
Арт-терапиямен ауру адамдардың психоэмоционалды болатын халдеріне 
әртүрлі шығармашылықтар арқылы емдеу жүргізуі, әсер етуі.
Арт-терапия дегеніміз ем ғана емес, сондай-ақ креативі және бейнелеу 
өнерімен дамыту, емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Алғашында 1938 жылы 
Адриан Хиллдің санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңіл-


49 
күйлерін сипаттау көтеру жұмысында қолданды. Кейіннен бұл термин өнерге 
қатысты барлық терапияның салаларында қолданыла бастады. «Терапия» – 
латын тілінен аударғанда емдеу ұғымын білдіреді. Тарихқа сүйенсек арт-
терапевттер, психиатр мен психотерапевтің көмекшісі болатын, оларға 
пациенттің диагнозын анықтауға немесе ем жүргізуге, олардың суреттеріне 
қарап, әдіс таңдауға көмектескен. Біртіндеп арт-терапевт мамандар тәуелсіз 
мамандар статустарын иемденген болатын. 1969 жылдары Америкада арт-
терапевттер практик мамандарды біріктіре алған арт-терапия ассоциация 
құрылды. Осындай ассоциация кейіннен Англия мен Голландияда, Жапония мен 
Ресейде де құрылған. Онда арт-терапевттер қазіргі уақыттағы психотерапиялық 
процестерін зерттеуге өз үлестерін қосты.
Қазіргі уақытта психотерапияда күшті эмоционалды фактор, яғни өнер мен 
шығармашылықты біріктіріп қолдану қажеттілігі көрініп отыр. Нәтижесінде 
«арт-терапия – біздің ғасырымыздың жемісі», – деген тұжырымдар өте жиі 
қолданылып жүр. Алғашқыда арт-терапия оқу, талдау жұмыстарында көбірек 
қолданылды. XX ғасырдың 20-жылында Германия, Австри, Щвейцария мен 
Жапония ауруханасында жүйке ауруларына ұшыраған адамның шығармашылық 
жұмысына талдаулар жасауға негізделіп, іргелі жұмыстар басталды. Басында 
осы жұмыс атақты психиатрлар Э.Крепелин мен Э.Блейлер, О.Бумке мен 
Э.Кречмердің басшылықтарымен жүргізілді. 
1926 жылдары Ресейде бұл мәселерге қатысты П.И.Карповтың «Жанның 
ауруларына ұшырағандардың шығармашылығы және де олардың ғылым, 
техника дамуына тигізген әсері» атты ең алғашқы монографиясы жарыққа 
шықты. Маман ретінде П.И.Карпов сурет салудың емдік әсерлері бар екеніне 
нақты дәлелдер ұсынған.
Арт-терапия психотерапия саласының бірегейі ретінде кейіннен танылды. 
Психотерапия саласын зерттеуші ғалым К.Станиславский арт-терапияны 
сублимациялық, проективті және әрекетшіл деп бөледі. Ал Дельфина-Бейли арт-
терапияны қолданудың 4 негізгі бағытты атап көрсетті: 
- пассивті (енжар) арт-терапиясы. Дайын өнер туындыларын пациентпен 
анализ және интерпретация жасау арқылы емдік әсерге қолдану. 
- активті (белсенді) арт-терапия. Адамның өзіндік шығармашылығын ояту 
негізгі емдік фактор болып саналады. 
- бірінші және екінші қағидаларды бір мезгілде қолдану. 
- психотерапевттің өзіндік рөлін, оның пациентпен шығармашылық 
жұмысын оқудағы қарым-қатынасын акценттеуі. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде аталған «Ертегі 
терапиясының» ұғымдары ерте замандардан келе жатқан психологиялық және 
педагогикалық әдістің бірі. Терапия сөзінің мағынасы – (грек тілінен therapia – 
күтім, емдеу) 1) ішкі ауруларды зерттейтін, оларды емдеу және алдын алу 
әдістерін әзірлейтін медицина саласы; 2) емдеу.
Ертегі терапиясы – мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік 
дағдыларын қалыптастыруда жүргізілетін әдістердің перспективті бағыты болып 
саналады. Бүгінгі күні ертегі терапия әдісі балалардың психикалық процестері 


50 
мен мінез-құлық реакцияларын өзгерту үшін қолданылатын түзету әрекетінің 
маңызды әдісіне айналды. Ертегінің түзету функциялары балалардың өмірлік 
стратегияларын қалыпқа келтіруге бағытталған, осылайша тұрақты әлеуметтік 
мінез-құлықты қалыптастырады. Ертегі мәтіндері қуатты эмоционалды резонанс 
тудырады және қарым-қатынас жасау үшін ерекше мүмкіндіктер береді. 
Ертегі терапиясы баланы тәрбиелеу құралы ретінде баланың әлемге, өзіне, 
қазіргі өмірге және өткенге деген ерекше көзқарасын қалыптастыру құралы.
Ертегі терапиясы әлеуметтендіру әдісі ретінде моральдық нормалар мен 
ережелерді, әсіресе фольклорлық ертегілер мен дәстүрлерді, эпостар мен 
астарлы әңгімелерді қалыптастыруға бағытталған. Ертегі терапияның дамуы 
төрт негізгі кезеңге бөлінеді: 
Ертегі терапияның бірінші кезеңі – халық ауыз шыгармасы.
Оның басталуы 
ғасырлар бойы жоғалған, бірақ ауызша (кейінірек және жазбаша) 
шығармашылық үрдісі қазіргі күнге дейін жалғасын табуда.
Ертегі терапиияның екінші кезеңі – аңыз-ертегілер жиынтығы мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет