6
БEЛГIЛEУЛEP МEН ҚЫCҚAPТУЛAP
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты
БТ – бақылау тобы
ЖОО – жоғары оқу орны
МДҰП – мектепке дейінгі ұйым педагогтері
ҮОБ – үлгілік оқу бағдарламасы
ҰІӘ – ұйымдастырылған іс-әрекет
ЭТ – эксперименттік топ
ОӘК – оқу-әдістемелік кешен.
ОБ – оқу бағдарламасы.
ОҚ – оқу құралы.
ЭОҚ – электронды оқу құралы.
АҚҚТ – ақпараттық-қарым-қатынас технологиялары
т.б. – тағы басқа
7
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті
мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» [1] және «Халық бірлігі және жүйелі
реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа жолдауында білім беру
жүйесіндегі ұлтымызыдың сапасын көркейту мақсатында өте маңызды рөлді
атқаратынын және оның ішінде, мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарын назарда
ұстау қажеттігін атап өткен [2]. Балалардың және жалпы барша жеткіншектер
мен ұрпақтың функционалды сауаттылығына көп көңіл бөлу керек. Балалар мен
болашақ ұрпақтың жаңа заман ағымына бейімделе өсуі аса маңызды
мәселелердің бірі әрі бірегейі.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың, бастауыш, негізі орта, жалпы орта,
техникалы-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпылама
міндетті стандартында, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022
жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығы мен Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінің 2022 жылғы 17 қазанда № 30183 бұйрығымен бекітілген
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты атты бағдарламасында» төмендегідей мәселелер атап көрсетілген:
әр баланың дамуы, әлеуетін ашу үшін жағдай жасау;
баланы тәрбиелеу, оқыту мақсатында әлеуметтік, психологиялық,
педагогикалық жағдай жасап, заманға сай білім беруді қажет ететін және
мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдай жасап, балалардың даралығы және
субъективтіліктерін қолдап, арнайы бір орта құру;
баланы тәрбиелеп, оқытуда – білім беру үдерісін ұйымдастыру оның
негізі болып есептеледі [3].
Жоғарыда аталған міндеттерді өз уақытысымен жүзеге асыру – мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында қызмет ететін педагогтердің үнемі
ғылыми-әдістемелік деңгейін және заманауи біліктілігін арттырып, еліміздегі
озат іс-тәжірибелерді кеңінен насихаттауды талап етеді. Бұл міндеттердің үлес
салмағы оқу-тәрбиенің өзгермелі кезеңдерін тарату және тәрбиешінің өз бетімен
жұмыс істеу қабілетін тұрақты түрде жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың
мемлекеттік стандарты мектепке дейінгі ұйымдағы коммуникативті-тілдік
құзіреттілікті қалыптастыруды негізгі тапсырмалардың бірі ретінде анықтайды.
Мектепке дейінгі білім беруде балалардың коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыру және баланы заман талабына сай тәрбиелеу негізгі мақсатттардың
бірі болып саналады. Өйткені балалардың мектептегі оқуының табыстылығы,
ауызша қарым-қатынасты меңгеру деңгейіне байланысты. Лингвистикалық
мәдениетті қалыптастыруда ертегілердің рөлі маңызды. Себебі ертегілерді
жаңғырту (қайталау, драматизациялау) кезінде монологтық және диалогтық
сөйлеу дамиды. Ертегілер баланың шығармашылық әлеуетін, қиялын, сөйлеу
қабілеттілігін дамытады.
Сөйлеу мәдениетінің төмендігі мен кейбір тілдік кедергілердің салдарынан
өзара коммуникативтік дағдылардың үйлесімді қалыптасуы біршама
8
қиындықтарға тап болып отыр. Мұның басты себебі мемлекеттік тілде қарым-
қатынастың жеткіліксіздігі. Осы және басқа да мәселелер болашақ мектепке
дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясын қолдану арқылы балалардың
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлаудың мазмұнын, әдіс-
тәсілін, технологияларының ғылыми негіздерін қарастыру қажеттігін
туындатты.
Мәселенің өзектілігі, МДҰП-інің балалардың коммуникативтік дағдыларын
субъект-субъект
қарым-қатынасында
қалыптастырудың
педагогикалық-
психологиялық тұстары қарастыру мәселесін туындатты. Ғылыми зерттеу
жұмысымызда болашақ педагог-тәрбиеші мен бала тәрбиелеуші арасындағы
қарым-қатынасты субъектіліктің ықпалдастығы ретінде қарастырылды. Бұл
жерде тәрбиеленуші қатып қалған объект емес, даму үрдісіндегі қалыптасушы
тұлға. Тәрбиеші ықпал етуші субъект ретінде қимыл-әрекеттегі даму үстіндегі
тұлға. Тәрбиеші баланың ыңғайына қарай әрекет етеді. Баланың физиологиялық,
ұғыну, түсіну, қабылдау, ойлау мүмкіндігін жұмыс барысында ескеріп отырады.
Жаңа заман балалары қарқынды ақпараттар тоғысында өмір сүруде. Көп
жағдайда олар үшін қарым-қатынасты теледидар мен компьютер
алмастыруда, сонымен қатар қазіргі уақытта балалар ықыласпен ертегі тыңдап
отырғаннан гөрі, ғаламторға кіріп мультфильм, түрлі ойын түрлерін көру
анағұрлым ыңғайлы. Ақпарат құралдары мен ғаламтор балалардың
психологиясына және коммуникативтік-тілдік дағдыларының дамуына кері
әсерін тигізуде. Сондықтан да, қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балаларда
коммуникативтік-тілдік
құзіреттілігін,
жалпы
адами
және
рухани
құндылықтарды қалыптастыру үшін ертегілерді ұтымды пайдалану мәселесін
зерттеу өзекті саналады. Бұл мәселені шешуге тәрбиеші-педагогтар қауымының
дайын болуы қажеттігін негізге алынды.
Ағартушы Абай Құнанбаевтың 43-ші қара сөзінде балалардың
танымдарынын алғаш күндерден бастап дамыту жүргізбесе, олардың ізсіз
жоғалып және жойылып кететінін айтқан болатын [4]. Ыбырай Алтынсарин
болса таным әрекеттерінің негіздерін – оқу мен білім тарапынан іздестіреді.
Баланың шығармашылық белсенділігін дамыту мәселелері ежелгі грек
философтары Аристотель мен Платон, Сократтардан бастау алып, қазақ
даласының ойшылдары Әл-Фарабидің трактаттары мен Қорқыттың
тағылымдарында, Ж.Баласағұн мен М.Қашқаридің, А.Яссауидің еңбектерінде
жалғасын тапты. Халық шығармашылығының мүмкіндігін баланың тәрбиесіне
пайдалану, тек бүгінгі күнніңжұмысы деп қараруға болмайды. Қай кезеңде де
педагогика ғылымы зерттеу объектілерінен түспейді. Олардың озық бір үлгісін
болашақ ұрпақтың тәрбиесіне де пайдалану керектігін көпшілік алыс, жақын
шетелдің ғалымдары мен педагогтары В.А.Сухомлинский [5], А.С.Макаренко
[6], қазақ халқының шығармашылығының тағылымдық әлеуеті Қ.Б. Жарықбаев
пен С.Қ. Қалиев [7], С.А.Ұзақбаева [8] және т.б. сынды ғалымдардың
еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Фольклор туындыларының ғылыми зерттелуі XIX ғасырда, әсіресе,
еуропалық романтизм бағытының белгілі бір ұлтқа тән ерекшеліктерін зерттеуге
9
деген қызығушылықтың артуынан басталған. Шетелдік тіл мен әдебиет
ғылымында халық ертегілерінің жалпы мәселелеріне арналған көптеген
зерттеулер мен ғылыми еңбектер, мақалалар жарық көрді. Мысалы,
Л.Н.Афанасьев [9], ағайынды В.Гримм мен Я.Гриммдер [10], В.В. Радлов пен
[11], Г.Н.Потанин [12] т.б. және қазақ ғалымдарынан Ш.Уәлиханов [13],
Ы.Алтынсарин [14], Ә.Диваев пен [15], М.Көпеев [16],
М.Әуезов пен [17],
С.Қасқабасовтартың [18] және т.б. еңбектерін ерекше атап көрсеткен жөн.
Сондай-ақ, баланың тілі мен белсенділігін дамытудағы қазақ фольклорының
әдемі үлгілерінің бірі өтірік өлеңдерінің ықпалын зерттеген қазақстандық ғалым
И.Р.Халитованың қосқан үлесінің өзі бір төбе [19].
Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын зерттеген В.С.Мухина [20],
Л.А.Венгер [21], Л.С.Выготский [22], А.Н.Леонтьев [23], Д.Б.Эльконин [24],
Э.Пиклер [25], Л.И.Божович [26], Л.Ф.Обухова [27], Ж.Пиаже [28], отандық
ғалымдар Х.Т.Шерьязданова [29] және оның шәкірттері Қ.Н.Нығметова,
У.И.Ауталипова [30], М.К.Бапаева өз зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі
балалардың даму аспектілерін психологиялық тұрғыда жан жақты қарастырды.
Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі баланы оқыту, тәрбиелеу
мәселелеріне қатысты отандық ғалымдарымыздың еңбек санатында біршама
мәселелердің шамасы теориялы тұрғылардан негізделіп, мысалы ойынның
әрекеттерін дамытуда М.Турскелдина [31] мен Т.Иманбеков [32], балалар сөйлеу
тілдерін дамыту Р.Аралбаева мен [33] А.Бакреденова [34] К.Метербаева [35],
айналамен, қоршаған ортамен таныстыру, сонымен қатар оларға экологиялық
бағытта тәрбиені беру және балалардың денсаулықтарын күшейту А.Манкеш
[36], Р.Керімбаева [37], Н.Сайлауова [38], Ш.Сұлтанғазықызы [39], М.К.Ибраева
[40] еңбектерінде қарастырылып, қазақ халық шығармашылығы арқылы
балалардың танымдық белсенділігін дамытып, қалыптастыруда бірқатар
зерттеулер жүзеге асырылды. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің үштілдік
коммуникативтік
құзыреттілігін
дамыту
мәселелері
С.Т.Тлеубайдың
жұмысында қарастырылған [41].
Қарым-қатынастар және коммуникациялық мәселелері ғылымда, соның
ішінде – педагогика және психология саласында жан-жақты зерттелуде.
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттер қатарынан «коммуникативтік
дағдылар», «коммуникативті құзыреттілік» атты терминдері қолданылып жүр,
әдетте, олар белгілі болған контекстерде ғана қарастырылатын және де синонимі
ретінде қолданысқа ие.
Қазақ елінің жастарға тәрбие мен білім берудегі құралдарының бірегейі –
ертегі. Ертегілер мазмұнында елдің тіршілігі, әдеті-ғұрыптары, дәстүрі, бақыт
жолындағы күресі, адамдардың қарым-қатынасы, мінезі, еңбексүйгіштігі, өзінің
халқына, Отанына, туған табиғатына деген сүйіспеншілігі негіз болған.
Ағартушы педагогымыз Ыбырай Алтынсарин: «Балалар кіші кезде, яғни үш
жастан он екі жасқа дейін әрбір адам өздерінің рухани тұрғыдағы дамуына
керекті заттың барлығын дерлік ертегілерден ала алады» деген пікір айтқан [14,
б. 57].
10
Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері
шетелдік ғалымдар Л.С.Выготский [42], Я.Л.Коломинский [43], А.А.Леонтьев
[44], А.Н.Леонтьев [23,с. 375], М.И.Лисина [45], А.В.Мудрик [46] зерттеулерінде
жүйеленсе, эмоционалды қарым-қатынастарды дамыту Л.А.Максимова [47],
О.М.Вотинова [48] және тағы басқаларының еңбектерінде қарастырылған.
Отандық ғалымдар қатарында Н.Ж.Баримбеков пен [49] Т.Х.Наубаева [50],
Н.В.Мирза [51] еңбектерін атауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдысы және
ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасауды дамыту мәселелері
Ж.Пиаже [28,с. 480], Р.С.Немов [52], А.П.Воронова [53], М.И.Лисина [54],
Е.О.Смирнова [55] жұмыстарында қарастырылды. Мектеп жасына дейінгі
баланың коммуникативтік қарым-қатынасын дамыту мәселесі бойынша тренинг
ұйымдастырудың
психологиялық
және
педагогикалық
негіздері
Ж.Әубәкірованың [56] еңбектерінде, мектеп жасына дейінгі кезеңдегі ересек
баланың коммуникативті біліктерін қалыптастыруды К.Ж.Атыманова [57],
А.А.Капенова [58], А.Қ.Егенисова [59], У.И.Ауталипова зерттеген [30,б. 185].
Қазіргі кезеңде ертегі терапиясын қолданудың аясы кеңейе түсуде, жас
талғамайды, әр жасқа лайықты мифтер, метафоралар, аңыздар, ертегілер, түрлі
мысалдар өте көп. Оны тек қана мектеп жасына дейінгі балаларға ғана емес,
ересектерге де қатысты ыңғайлап қолдану жүзеге асырылды. Ертегі
терапиясының және арт-терапиясының дамуы және оның тұлғаның эмоциясын
реттеудегі маңызын К.Юнг [60], Э.Фромм [61], Э.Берн [62], Э.Гарднер [63],
Л.Д.Короткова [64], Е.Лисина [65], Т.Зинкевич-Евстигнеева [66], Р.Ткач [67],
А.Гнездилов [68] зерттесе, ал қазақстандық ғалымдар С.М.Жақыпов [69],
Ә.Алдамұратов [70], А.Құдиярова [71], Г.А.Қасен [72], Э.В.Исхакова [73],
З.Б.Мадалиева [74], Н.Бегалиева ғалымдар өз еңбектерінде ертегі терапиясының
құрылымын, кезеңдерін, қолдану техникасын және т.б. қырларын зерттеген.
Ертегі терапиясы – жаңа заман балаларына дұрыс бағытта тәрбие берудің
бірден бір ерекше жолы. Ертегінің балаға жағымды эмоцияларды түсінуге әрі
бойына сіңіруге, ертегі кейіпкерлеріне қамқорлық пен жанашырлық көрсетуге,
олармен танысуға, қарым-қатынас жасауға үйретеді. Сондай-ақ ішкі жан
дүниесіндегі алаңдаушылық пен мазасыздықтан біртіндеп арылуға мүмкіндік
береді.
Ертегі терапиясы – ертегі желісін негізге алып қолданылатын әдіс. Бұл
әдісте
баланың
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастырумен,
шығармашылық әлеуетін ашу, оның байқалмайтын жасырын энергетикалық
резервтерін шығару кезінде түрлі мәселелерді оңтайлы шешудің жолдарын
ұсынумен ерекшеленеді.
Ертегілер бала кезден бастап өмірге сән беріп, дамытып келеді. Қызықты да
сиқырлы ерекше оқиғаларға қызықпайтын балалар жоқтың қасы. Ертегілер
жүйесін қолдану тәсілі алғаш халық ауыз әдебиетінен бастау алды. Бар әлемде
ертегілерді оқу балалар мен үлкен жастағы адамдардың арасындағы берік
қарым-қатынастың өзгеше түрі болумен қатар салт-дәстүріміздегі тәрбие беру
құралы болып табылды.
11
Жоғарыда көрсетілген ғалымдардың еңбектеріне және әдебиеттерге талдау
жасай келе, мектеп жасына дейінігі балалардың коммуникативтік дағдыларын
ертегі терапиясы арқылы қалыптастыру мәселесі толықтай зерттелмегенін
көрсетті.
Мектеп
жасына
дейінгі
балаларды
оқыту
мен
тәрбиелеуде,
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда ертегілердің зор мүмкіндіктері
болағанымен, болашақ МДҰ педагогтерін даярлау мәселесіне арналған ғылыми
педагогикалық-психологиялық зерттеулердің жеткіліксіздігі анықталды. Ертегі
терапиясын қолдану мектеп жасына дейінгі баланың психикалық бағыттағы
қасиеттерін жекеше түзетудің құралы ретінде талдау кезінеде коммуникативтік
дағдыларын дамытудың қажеттіліктері және оқу-тәрбие жұмысында ғылыми
негізділігі арасында қайшылықтар анықталды. Бұл біздің диссертациялық
зерттеу жұмысымыздың қарама-қайшылықтарын айқындауға мүмкіндік берді,
атап айтқанда:
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда педагогтердің
даярлау теориясы болғанымен, ертегі терапиясын қолданудағы субъкт-субъект
қарым-қатынасының педагогикалық-психологиялық тұрғыда зерделенбеуі;
балалардың сөйлеу әрекетіне ертегілер әсерінің қуаттылығына
қарамастан осы мүмкіндіктерді ертегі терапиясы тұрғысынан пайдалануға
болашақ педагогтерін дайындығының жеткіліксіздігі;
оқыту технологиялары көп болғанымен, ертегі терапиясы арқылы
балалардың
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастыруға
болашақ
педагогтерді даярлаудың мазмұны, формалары мен әдістері жасалмағандықтан
қарама-қайшылықтар белгілі болды.
Жоғарыда айтылған қарама-қайшылықтардың шешімін зерттеу кезінде
болашақ
МДҰ
педагогтерін
балаларды
коммуникативті
дағдыға
қалыптастыруға даярлау үшін және тақырыпты айқындауға «Болашақ
Достарыңызбен бөлісу: |