Ақынова жібек мұхтарқызы


Зерттеудің теориялық мәнділігі



Pdf көрінісі
бет9/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
19042023 disser

Зерттеудің теориялық мәнділігі 
- болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы 
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда теориялық-
әдіснамалық тұрғыдағы негіздемесін практикада қолдану мүмкіндігі бар; 
- теориялық зерттеулер нәтижесінде жасалған ой тұжырымдар мен 
маңызды ұғымдарға берілген анықтамаларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік 
құралдардың мазмұнына ендіруге болады;
- ертегі терапиясы арқылы балаларда коммуникатвитік дағдылар 
қалыптастыруға 
байланысты 
субъект-субъект 
тұрғысынан 
берілген 
талдауларды, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерге оқылатын дәрістер 
мазмұнына ендіру мүмкіндігі бар; 
Зерттеудің практикалық маңыздылығы 
- жоғарғы оқу орындарындағы болашақ мектепке дейінгі ұйымның 
педагогтерін даярлауда «Мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік 
дағдыларын қалыптастыруда ертегі терапиясын қолдану технологиялары» атты 
элективті курсты пайдалануға болады;
- оқу-әдістемелік құралда берілген сабақтардың мазмұнын мектепке 
дейінгі ұйымдарда пайдалану мүмкіндігі бар. 
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде (2019-
2020 жылдар.) зерттеудің тақырыбы анықталып, теориялық негізі мен ғылыми 
аппараты айқындалды. Философиялық, психологиялық, педагогикалық 
әдебиеттергіне сондай-ақ мектеп жасына дейінгі баланы оқыту, тәрбиелеуге 
арналған бағдарламаға, Отандық, жақын-алыс шетелдік зерттеулерге талдаулар 
берілді. Ғылыми мақала қатары дайындалып, басылымдарда жарияланып 
шықты. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы 
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлаудың 
теориялық негіздері айқындалып, ертегі және ертегі терапиясына материалдар 
жинақталып, талданды, педагогикалық бағытта жіктеме жасалды.
Зерттеу жұмыстың екінші кезеңде (2020-2022 жылдар) мектепке дейінгі 
ұйым педагогтерінің ертегі терапиясы арқылы балалардың коммуникативтік 
дағдыларын қалыптастыруға даярлаудың деңгейі анықталып, педагогикалық 
эксперимент жұмыстарының мақсат-міндеттері, мазмұны айқындалды.


14 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы балалардың 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлау моделі құрылды, 
өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейі анықталды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдысын 
қалыптастыруда «Мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік дағдысын 
қалыптастыруда ертегі терапиясын қолдану технологиялары» атты элективтік 
курстың бағдарламасы жасалды, тәжірибелік-эксперименттің қалыптастырушы 
кезеңі жүргізілді. Балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда 
ертегі терапиясын қолданудың формалары мен әдістері сұрыпталды. 
Бағдарламадағы тәжірибелік-эксперименттің тұрыдағы тиімділігі дәлелденді. 
Зерттеудің мазмұны бойынша ғылыми мақалалар жарияланды.
Зерттеу жұмыстың үшінші кезеңде (2021-2022 жылдар) эксперимент 
жұмыстары жүзеге асырылып, нәтижелері математикалық және статистикалық 
жолмен есептеліп, өңделді. Диссертация зерттеу жұмысы нәтижелері негізінде 
қорытынды жасалып ұсыныстар әзірленді. Диссертация толық материалы 
талапқа сай рәсімделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет