«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөлімі бойынша 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары


Кейіпкер Өзің берген мінездеме



бет2/3
Дата13.03.2024
өлшемі21.23 Kb.
#495176
1   2   3
№ 2 БЖБ 10-сынып ҚГБ 3-тоқсан Әдебиеті

Кейіпкер




Өзің берген мінездеме




Өмірде кездестірген ұқсас адам






Шығарманың құндылығы.








2. Ұ. Есдәулетов «Біз түркілерміз» өлеңінің құрылымдық ерекшелігін анықтаңыз, үзінділерді ретімен орналастырыңыз.

Шығарма жолдары

Реттілігі

Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,
Біздің халық – бұ да бір қаймақ халық!




Атқа мінсем кетемін аруақтанып




Тарихымыз дастан боп таста қалған,




Көк бөріден туғанымыз рас болса




Түркістанның күмбезі асқақтаған.
Бабаларым жатыр ғой бата беріп





3. «Қазына іздеу» әдісі бойынша өлең жолдарынан «ұлттық мақтаныш», «ел намысы», «халық арманына толы жарқын тұстарын» анықта. «Көк Тәңiрден көңiлге нұр тiлермiз, Көк аспандай әлi де күркiрермiз» деген өлең жолдары бойынша түйін жаса.

Біз - түркілерміз...
Біз - түркілерміз!
Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,
Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,
Көк бөріден туғанымыз рас болса,
Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз.
Кеудемізді билеген асқақ арман,
Тарихымыз дастан боп таста қалған,
Тірсегіміз тілінген кездерде де
Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.
Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін,
Айға қарап ұлыған көк бөрімін.
Атқа мінсем кетемін аруақтанып,
Арасында желік бар ет-терінің.
Атқа мінсем кетемін айбаттанып,
Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.
Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,
Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық!
Намысымдай ешкімге таптатпаған,
Түркістанның күмбезі асқақтаған.
Бабаларым жатыр ғой бата беріп,
Аруақтар аманатын ақтап бағам.
Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз,
Көк аспандай әлі де күркірерміз.
Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса,
Қай дұшпанның алдында іркілерміз?
Біз - түркілерміз!
Біз - түркілерміз!!
Біз - түркілерміз!!!






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет