Жаңа жыл
Балалар үшін Жаңа жыл- қуанышты мереке. Мектепте, театрларда, үйде жаңа жылдық елка құрылады. Балалар елканы айнала билейді, өлең, тақпақ айтады, ән салады.
Мерекеге Аяз ата мен Ақша қар келеді. Олар баларға сыйлық таратады.
(33 сөз)
Сұрақтар:
1.Жаңа жыл қандай мереке?
2. Жаңа жылға арнап не құрады?
3. Балалар Жаңа жылды қалай қарсы алады?
4. Мерекеге кімдер келеді?
5. Олар балаларға не береді?
Мазмұндау жоспары:
1.Жаңа жыл елкасы.
2. Жаңа жылды қарсы алу.
3. Сыйлық.
Немересі мен атасы
Жақсығалидың атасы әбден қартайды.Ол жүре алмайды, көзі көрмейді,құлағы естімейді. Жақсығали атасын күтеді. Атасын далаға сүйеп шығарады.Оның беті-қолын жуғызады, сүлгісін әпереді.Жақсығали атасының төсегін салады. Көрпесін жабады. Атасы немересіне алғыс айтады.
(34 сөз)
Сұрақтар:
1. Жақсығалидың атасы қандай адам?
2. Атасына не істейді?
3. Атасының төсегін кім жөндеп береді?
4. Атасы немересіне не айтады?
Мазмұндау жоспары:
Немересі мен атасы.
Жақсығалидың көмегі.
Алғыс.
Қыс көрінісі
Қыс. Күн ашық. Жер беті аппақ. Ағаштар да ақ ұлпадан бөрік киіп алған секілді. Бәрі-бәрі күн сәулесіне шағылысып,күмістей жалтырайды. Кейде ағаш арасынан сауысқанның шықылықтаған дауысы естіледі.
Кей үйлердің мұржасынан шыққан түтін көкке өрлейді.
(35 сөз.)
Сұрақтар
Жер беті қандай?
Ағаштар не киіп алған секілді?
Ағаш арасынан ненің даусы естіледі?
Үйлердің мұржасынан түтін қалай шығады?
Каникулым көңілді
Менің каникулым өте көңілді өтіп жатыр.Шешеммен қонаққа бардым.
Ауылдағы апамның үйінде болып қайттым.
Әр түрлі кітаптар оқыдым. Соның ішінде ертегілер басым. Жаз қандай жақсы, шіркін! Кейде шешем екеуміз көшеде қыдырамыз.Паркке барамыз. Үйде ала мысығым бар. (37 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |