Мазмұндау жоспары
Асқар інісіне нені көрсетті? Мейрамның.
Екеуі не істеді? Сыйлық әзірледі?
Қандай сыйлықтар әзірледі? Ашықхат, гүл.
Сыйлықтар қашан ұсынды? 8-наурыз күні.
Доп қайда ?
Әжесі екі немересіне доп сатып әкеліп берді. Немелері қуанып алды. Бірақ допқа таласа бастады. Сол кезде доп қолдарынан шығып кетті. Олар допты қуа жөнелді. Кенеттен аяқтары тайып кетіп доптың үстіне құлады. Доптың желі шығып кетті. Оны көрген балалар: Доп қайда? – деп ойланып қалды. (33сөз)
Мазмұндау жоспары
Әжесі немерелеріне не алып берді? Доп.
Олар допқа не істеді? Таласты.
Доп қайда кетті? Доптың желі шықты.
Көктем
Мамыр айының басы. Жердің беті кілемдей жап-жасыл. Бірең-сараң қызғалдақтар көрінеді. Таңертең күн сәулесін мейірлене төгеді. Жел жоқ. Табиғат күліп тұрғандай. Тоғайдың арасында шиқылдаған құстардың үні естіледі. Осының бәрі көктемнің келгенін білдіргендей.
(33сөз)
Мазмұндау жоспары
Көктемде жер беті қандай болады? Кілемдей, жап-жасыл.
Таңертең күн сәулесін қалай төгеді? Мейірлене.
Тоғайдан нелердің үні естіледі? Құстардың.
Осының бәрі ненің белгісі? Көктемнің.
Шие тергендер
Нұрғожа мен Сапар шие теруге орманға келді. Көп ұзамай бітік шиеге кезікті.
Нұрғожа терген шиесін карзинаға салды. Сапар болса тойғанынша жеп, содан соң ойнап
кетті.
Екеуі таза ауада жақсы демалды. Үйлеріне көңілді оралды. Нұрғожа кәрзеңкедегі
піскен шиені атасына берді.
Атасы оған алғысын айтып: - Өскенде сен мені асырайды екенсің, - деді. Мұны естіген Сапар қатты ұялды. Көзі жасаурап, сыртқа шыға жөнелді.
(48 сөз)
Мазмұндау жоспары
Нұрғожа мен Сапар қайда барды? Орманға.
Олар орманда не терді? Шие теруге,кәрзеңке,тойғанша
жеп,ойнап кетті.
Нұрғожа піскен шиені кімге ұсынды? Атасына.
Сапар неге ұялды? Атасына әкелмегені үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |