1-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен аралас буынды он бес сөз теріп,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
2-жаттығу. Берілген сөздердің ортақ фонемаларын тауып, топтап
жазыңыздар. Үлгі: өрт, төрт, өр, көр, төр, өрік, мөр, сөре. Ортақ фонемалары –
өр.
Тегіс, қарғыбау, асық, сақ, тер, қар, берік, зақым, кереге, жар, кереует, нар,
ар, арқар, іскер, жарық, тас, ісек, сарын, мас, қасқыр, жер, нарық, ер, қақ,
қарқыл, тері, қарт, тарақан, астау, тарсыл, жақ, барқыт, тасаттық, бақ, тақсыр,
нас, тартыс, ақсүйек, тігіс, рас, ақсұңқар, ақша, ақыл, тақ, арыз, бақша, сері,
бақылау, масқара, жақша, бер, жақсылық, терлік, жақын, қақпан, тістеуіш, ас,
қақпақ, бас, қас, аққу, бар, жас, арқырау, лас, егіс, қаспақ, кісі, қасық, кісен,
масақ, ақын, маса, тасбақа, сарқыт, қару, астық, істік, асаба, серік, асқазан,
қарғыс, ерік, бақыт, баспана, жақұт, керуен, тар, бастық.
3-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен рк, рг, ск, кт, нк, нг, лк, нкт
әріптеріне аяқталған сөздердің мамандыққа қатыстысын теріп, олармен сөйлем
құрастырыңыздар.
25
4-жаттығу. Түсіндірмелі сөздіктен араб, парсы тілдерінен енген 20 сөзді
теріп жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
5-жаттығу. Сөйлемдердегі сөздердің қосымшасын түбірінен ажыратып,
олардың сингорманизм мен ассимиляция заңдарына бағыну-бағынбауына
байланысты емлесіне түсінік беріңіздер.
1-нұсқа. 1. Шереметьев аэропортынан «Ту-114» самолеті садақтың
оғындай аспанға атылып, шырқау биікке көтеріліп алды да, Атлантика
мұхитына қарай зулай жөнелді (І.О.). 2. Теңз бетінде ақ отаудай болып
төңреріліп бара жатқан айсбергтер ұшырайды. Бір шама мұхиттан соң
Канаданың океандық провинцияларының бірі – Лабродордың, үстімен ұштық
(І.О.). 3. Осы бір көңілді елегізткен қаһарлы күндері генерал-майор
Панферовтың штабына армия командашысы келді. Қасына екі-ақ адам ертіп,
жалғыз «виллиспен» жүрген генерал-лейтенантты ешкім байқай қойған жоқ
(Т.Ахт.). 4. Жақындап қалған снарядтың даусын танып, Раушанды ептеп тез
жатқызды Т.Ахт.). 5. Бұрынғы педагогтік дәстүрді бұзып, шәкіртіне қол беріп
қоштасуы Алябьевтің өзіне де, Әлияға да ерсі өрінді. (Ж.Ж.). 6. Ертеңіне
Алябьев оралып, балалардың екінші тобын Ленинградқа алып жүрді (Ж.Ж.).
2-нұсқа. 1. Чехтар өз ұлтының мәдениет тарихын бұдан 25 мың жыл
бұрын өлген әскери қолбасшының сүйегін, оның әшекейленген қару-
жарақтарын сақтай білгендіктерімен дәлелдейді (І.О.). 2. Қолымда Мұқаңның
«Қараш-Қарашы» еді. Бірнеше бетін оқығасын төңірегімдегі-лерге көз
жүгірттім (І.О.). 3. Вокальды искусствоның бұл түрі қазақ халқының
музыкалық мұрасында бұрын да болған (І.О.). 4. Иіс сабын, қағазға оралған тіс
порошогі, орамал, тіпті кішкене ғана дөңгелек айнаға дейін бұлардың
бойларында (Ж.Ж.). 5. Түйе жүнін өткізіп, жүз килограмдай ұн әкеледі екенбіз
(Ә.Әлім.). 6. Граниттің түсі калийлі дала шпаты минералының түсіне
байланысты болады (Т.Әбдісадықов). 7. Жолға шығарының алдында Асқар
Ақтұмадағы Дәмеш апайдікінде болып, Сапар ақсақалға кездесті (Ә.Әлім.).
Достарыңызбен бөлісу: |