41
автодүкені, тұрмыстық, дәрігерлік қызмет көрсететін машиналары бар үгіт
поездары бара бастады (І.О.). 8.
Еркебұлан аң-таң, абыржып қалды. Шалғай
шалыс отырған екі адамды бірдей көріп тұрған кімді болса да, таң
қалдырғандай еді (Ғ.М.).
2-нұсқа. 1. Қыстаубай бұларды әрлі-берлі сүйрелеп жүріп, шыққан
шөбіне, топырақ үстіне
қарап құдық қазатын, оңай су шығатын жерлерді
белгіледі (О.С.). 2. Ақадыр станциясына тұңғыш рет электровоз келді. Бұл
күнді ақадырлықтар көптен асыға күткен еді. Қарағанды – Мойынты учаскесін
электрлендіру жұмысы басталғаннан бері теміржолшылар армандаған сәт те
туды («С.Қ».). 3 . Сыртта күбір-күбір ғана дыбыс келеді. Анда-санда гүж етіп
қалған бір дауыс әлдекімді еріксіз көндіргісі келетін сияқты. Ит қыңсылындай
сезілетін екінші дауыс «әке-көкелеп» жалынғандай естіледі (Ғ.М.). 4. Шөп
жинағыш-шөмелегіш ПК 1,6 машинасын және шөмеле таситын ТПС 6,0
машинасын қолданып, шашылған пішенді
жинайтын комплекске назар
аударылды («С.Қ.»). 5. Қу бастан қуырдақтық ет алатын, тілінің қотыры бар,
әзілқойлардың айтуынша, бір күні, ел жайлаудан түсе,
Қарашаның бір топ
адамы Зайсанның базарына мал айдап барған көрінеді. Базарда сол күні сары
ала қылыш тағынған бірнеше стражник, пристав орыстар жүрсе керек. Онда
қыр қазағының қару асынған төре көрсе үрейі ұшып, қалтырап тұратын кезі.
Өзара сөйлескенде әлгі стражниктердің аузынан «хорошо-хорошо» деген
сөздер жиі айтылып жатады. Не керек, соны естігенде
жаңағы қарашалардың
зәре-құты қалмай, жүректері тас төбесіне шығады ғой. «Қой, мыналар бүгін
Қарашаны тегін іздеп жүрген жоқ. Түбі, Қарашаға бір тықыр бар» деп базар
аралауға да мұршалары келмей, асығыс ауылдарына қайтады (Қ.Жұмад).
Достарыңызбен бөлісу: