44
Мысалы
: Ел қамы үшін емес, өз қамы үшін, елді бірлестіру үшін емес,
араздастыру үшін оқитын, ойында «я тілмаш, я адвокат болу» жүрген қазақ
балаларына Абай дұшпан. Бірақ бұлардың «қаны бұзық сұм-сұрқия болуына»
орыстың оқуы айыпты емес, өскен ортасы, сол ортаның бұзық мінезін
қабылдаған өздері айыпты (С.Мұқанов). Мұнда тырнақшаға алынған бөліктер –
Абайдан келтірілген цитаттар. Жақша ішіне алынған ремаркалар,
өзге де
сілтемелер аяқталған сөйлемнен кейін келтірілсе, бас әріптен басталып
жазылады. Мысалы, жиналыс стенограммасынан: Сөйтіп, жолдастар, жаңа оқу
жылын мектептің жаңа үйінде бастап отырмыз. Ол үшін құрылысшыларға мың
да бір алғыс айтамыз (Қол шапалақтау). Пьесадан: Жантас (шыға кеп). Е, жүр
олай болса! (Тысқа шығып айғайлап). Мына жақта, мына келеді! Шегіне,
шегіне ат! (Өзі атып-атып жібереді) (М.Әуезов).
Адамның өз аты, әкесінің аты және фамилиясы,
сондай-ақ лақап аты
(псевдонимі), ныспысы (туып-өскен жеріне, руына т.б. қарай аталған көбінесе
тарихи есімдер) бас әріптен басталып жазылады: Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов, Владимир Владимирович Маяковский, Максим Горький,
Қадырғали
Жалайыри, әл-Фараби (Әбу-насыр Фараби), Қоңыр, Жаяусал (М.
Әуезовтің алғашқы кездегі лақап аттары). Кісі аттарының алдынан не соңынан
адамның белгілі бір қылығын, қасиетін, кемістік-жетістігін т.б. көрсететін сын
есімдер – тұрақты эпитеттер қосылып, ел атап кеткен жалқы есімге айналады.
Ондай сөздер жалқы есімнің алдынан келсе, бас әріппен жазылады, соңынан
келсе, кіші әріппен жазылады. Мысалы: Ер Төстік,
Қыз Ақжелең, Қыпшақ
Сейітқұл (Ы.Алтынсариннен), Кішкене молда (М.Әуезовтен), Тентек Ояз (бұл
да сонда), Сумұрын Сүкең (С.Мұқановтан), Судыр Ахмет (Ә.Нұрпейісовтен),
Ұлы Петр, Ақсақ Темір, Шықбермес Шығайбай; Баян сұлу, Қамар сұлу, Қамбар
батыр, Жиренше шешен, Ақан сері, Біржан сал, Игілік би (Ғ.Мүсіреповтен).
Достарыңызбен бөлісу: