39
5
Амангелді, Нұргелді, Ботагөз сөздері қандай ережеге байланысты
жазылады?
6 Қандай сөздер дефис арқылы жазылады?
8 Қысқарған сөздердің жазылу ережесі қандай?
1-жаттығу. Әрбір сөйлемдегі сөздердің не себепті бөлек, не себепті бірге
жазылатынын анықтаңыз.
.... Жәнібектің жылқылары айтса, айта қаларлықтай. Құдай тағала бұл
дүниенің бар бояуын жылқыға арқалатып қойғандай, Мөлей қара, мақпал қара,
қара кер, тобылғы торы, қара торы, құла торы, торы ала, көк ала, қара ала, ала
күрең,
ала жирен, сұр ала, қара шұбар, қара көк,
қызыл көк, құла жирен, көк
бурыл... Көз алдыңнан жалт-жұлт жон көрсетіп,
жып-жып жоғалып,
сапырылысып жатқан көп түсті санап тауыса алар емессің (Ә. Кекілбаев).
Мұрат Мөңкеұлы бір мың сегіз жүз қырық үшінші жылы туып, бір мың тоғыз
жуз алтыншы жылы дүние салған. Мұрат ақын- он тоғызыншы ғасырдың
жартысыңда өмір сүрген ақындардың ішіндегі ең көрнектілердің бірі («Бес
ғасыр жырлайды» кітабынан).
2-жаттығу. Берілген сөздерді екі топқа бөліп жазыңыз;
бірге я бөлек
жазылу себебін түсіндіріңіз.
Үлгі:Бірге жазылатын сөздер. Бөлек жазылатын сөздер
Бей бақ, әр кім, әр уақыт, қияқ шөп, түйе табан, тас бауыр, ит мұрын, боз
торғай, боз шұбар, бой жеткен, қос аяқ, шаң сорғыш, авто тіркес, авто тиеуіш,
ультра күлгін,халық аралық, табиғат тану, әнші сымақ, авто дром, агро риара,
радио қабылдағыш,
радио әуесқой, қол орамал, темір тас,
ешкі емер, ескек
тұмсық, қаз жуа, қол шана,
сала аралық сауда ала шұбар, ала жылан, ала
жаздай, ала бөтен, ақ үрпек, ақ жарқын, ақ жүрек, жапа тармағай.
3-жаттығу. Сөйлемдерде жақшаға алынған сөздердің бірге ие бөлек
жазылатындығын анықтап, көшіріңіз.
Айдың (ел арасы) еді. Сыбызғышыда (іш құсталық)
болмайды, шырақ,
(іш пысу) болады. (Атқа мінермен) ашық айтылуға дәрмен жоқ (Т. Әлімқұлов).
Дәрмен деген бірдемесі... (өлең сымақ) шығарыпты. Кей тілмаш, ат шабарлар
да сол жайды дабырлап айтысып қояды (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: