48
Ай, жер, күн деген сөздер планеталардың аттары ретінде қолданылмаса, кіші
әріппен жазылады: Бүгін күннің көзі ашық. Көктемде жер жыртылады. Қараңғы
түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп (Абай).
Жоғары дәрежелі қызмет аттары мен құрметті атақтардың әрбір сөзі бас
әріппен жазылады:
Кеңес Одағы Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан
Республикасының Президенті.
Өлеңнің әрбір жолы, көбінесе, бас әріппен жазылады.
Бұл тілдік
заңдылықтарға байланысты емес, тек дәстүр бойынша жазу болып саналады:
Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз (Абай).
Сонымен қатар көптеген жағдайларда өлеңінің бір жолында аяқталмаған
сөйлемнің жалғасы
келесі жолдарда айтылғанда, ол жолдар кіші әріптен
басталып та жазыла береді. Мысалы: Мен жалындап өтемін қариялардың
қимайтын жас шағы болып, балапандардың
талпынар асқары болып, ару
қыздардың аңсаған арманы болып, асқақ жандардың алаулы таңдары болып,
жиырмада жесір қалғандардың аңсары болып, сүйіскендерге
көз ілер таң сәрі
болып (Ф.Оңғарсынова).
Бас әріптерден қысқарған сөздер бас әріппен жазылады:
АҚШ, БҮҰ, ҒА,
ЮНЕСКО, ЭЕМ.
Достарыңызбен бөлісу: