95
Көп нүкте. Сөйлеуші белгілі бір себептермен (қатты асып-сасу, ентігу, тұтығу,
әлсіреу т.б.) сөздерін, ойын бөліп-бөліп айтқанда, бір сөздің ішіндегі әріптердің
арасына немесе сөйлем
ішіндегі сөздердің арасына, ал ойы бітпей қалғанда,
сөйлемнің соңына көп нүкте қойылады: Құдайберді есікке көзімен нұсқап: –
Адам бола ма?!. Болар ма!.. Інілерің міне... Кім боларын... Не көрерін қайдан...
білейін, – деді. (М.Әуезов.) Ж-ж-жоқ... мен... өзім барам... – А... с...с...қар, – деді
Ботакөз талықсыған дауыспен (С.Мұқанов).
Көп нүкте алынған цитаттың бас жағынан, ара-арасынан және соңынан
сөйлем не сөздер қалдырылған жерге қойылады.
Жазушы айтып келе жатқан
оқиғаның жалғасын созбай, әрі қарай
тоқтатады да, көп нүкте қояды. Абайдың ілгері созып келе жаткан оң қолы
жібек шымылдыққа тиген кезде, алдынан
қарсы қозғалып келе жатқан
Тоғжанның ыстық саусақтары мұның бетіне тиіп еді. Дірілдеген демдері
қосылып, ыстық еріндері енді айырылмастай табысқанды...(М.Әуезов).
Айтылып келе жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген немесе өте алшақ
жатқан нәрсе (оқиға, зат, қимыл т. т.) қосылып кетсе, оның алдынан көп нүкте
қойылады: XIX ғасырда қазақтың жалпы халықтық тілін негіз еткен үлгілерге
Абай, Ыбырайдан бастап, қазақ әдебиеті уәкілдерінің мұралары, ауыз әдебиеті
нұсқалары, шығыс классик әдебиетінің қазақша жырланған үлгілері, баспасөз,
оқулықтар,
сөздіктер, медицина, ветеринария тақырыптарына жазылған
көпшілік кітапшалар және... христиан дінін уағыздайтын миссионерлік әдебиет
жатады (Р.Сыздықова). Мұнда және сөзінен кейін тұрған христиан дінін
уағыздайтын әдебиет алдыңғы санамаланып
айтылып келе жатқан
әдебиеттерден мүлде алшақ әрі күтпеген әдебиет түрі, өйткені дінді
уағыздайтын тіл (мысалы, ислам дінін) қазақтың жалпы халықтық тілін негіз
етпейді, сондықтан христиан дінін уағыздайтын әдебиет те тілдік өзге бір
нормаларға сүйенген
болу керек деп отырғанда, бұл әдебиеттің де жоғарыда
аталып келе жатқан топқа қосылғаны тосын, кенет нәрсе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: