96
Ескерту. Арнаулы кітаптарда, оқулықтарда (грамматикаларда), әдістемелік
құралдарда т.б. бұлар тырнақшаға алынбай, басқа әріп түріндегі шрифтімен (курсив, қара
шрифт т.б.) терілуі мүмкін.
Мақал,
мәтелдер, афоризмдер сөйлем ішінде келтірілгенде тырнақшаға
алынады. Дәйексөз ретінде келтірілмей, сөйлемге оның ажыратылмайтын
мүшесі ретінде берілген біреудің сөзі тырнақшаға алынады.
Де
дәнекерінсіз айтылып, заттанып кеткен төл сөздер тырнақшаға
алынады. Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшамен
жазылады: Ырғызбайдың осындай көпшілігі бас қосқан кеңесінде Зере сөйледі.
– ...Бірі дарақы мақтаншақ, бірі ұрда-жық, даңғой атанғанда, осындай көп жиын
үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын! – деді.
Соңғы
айтқан «мылжың», «мақтаншақ», «даңғой» дегендері осы арада шынымен төрт
көзі түгел отыр еді (М.Әуезов).
Кекету, ажуалау және кері мағынада қолдану үшін айтылған сөз (не
сөздер) тырнақшаға алынады. Ақ көңіл Ақаң «баланың» сырғытпасын сезген
жоқ (Ғ. Мұстафин.) Қоян «батыр» қорыққаннан зыта жөнелді (Ертегіден).
Распутиннің “тәрбиесіне” түскеннен кейін, бақыттың «кілті» кімнің қолында
екенін Алексей көрді (С.Мұқанов).
Зауыт, фабрика, комбинат, трест,
шаруашылық, ұйым, машина маркасы,
ұшақ т.б. қойылған аттар тырнақшаға алынады. Ал олардың жалпы ресми
атаулары тырнақшаға алынбайды: «Азовсталь» зауыты, ал Алматыдағы ауыр
машина
жасайтын зауыт; «Актюбрентген» зауыты, «Красный Октябрь»
фабрикасы, ал Алматыдағы кондитер фабрикасы; «Карагандауголь» тресі,
«Растовуголь» комбинаты, «Донбасс» көмір комбайны, «Уралец» экскаваторы,
«Ертіс» пароходы, «У2» ұшағы, «Волга» машинасы, «Қазақ тілі» қоғамы.
Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы, кино т.б. аттары тырнақшаға
алынады: «Ана тілі» газеті, «Парасат» журналы, «Жалын» альманахы, «Абай»
романы, «Шаттық» симфониясы, Абайдың «Жарқ
етпес қара көңлім не қылса
да» деген өлеңі, «Дала қызы» суреті, «Топайкөк» әні, «Көзімнің қарасы» (ән
және өлең), «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасы, «Аққу көлі» балеті.
Кейбір ойын, әдет-салт аттары тырнақшаға алынады: «Қол ұстату», «шаш
сипату» деген атақты ырымдар осы. Үлкендер зор меженің бірі деп білетін өмір
белі «ұрын бару» болса, Абай содан асты. (М.Әуезов). Ұзақты сары күнін
балапан қуу, асық ойнаумен өткізген балалардың түнгі ермегі – «ақсүйек»,
«соқыртеке», «бурақотан» сияқты ойындар (С.Мұқанов).
Достарыңызбен бөлісу: