Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет86/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

 
Жоспары
1Үтір. 
2 Нүктелі үтір. 
3 Қос нүкте. 
4 Көп нүкте. 
5 Тырнақша 
6 Жақша 
 
Үтір. Үтірмен сөйлемдегі қаратпа сөздер, қаратпа сөз тізбектері бөлінеді. 
Нақтылы біреуге арналмаған, жалпылық-белгісіздік мағынасы бар сөздер мен 
сөз тізбектері де үтірмен бөлінеді. Сөйлемдегі қыстырма сөздер, сөз тізбектері 
және сөйлемдер үтірмен бөлінеді. Үтірмен сөйлемдегі одағайлар бөлінеді.  
 Бәсе, жә, қош, құп, жарайды, мақұл, дұрыс сияқты сөздер үтірмен бөлінеді.
 Сөйлемдегі иә, жоқ, мә, мәңіз деген сөздер үтірмен бөлінеді. Үтір 
сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қойылады. Сөйлемдегі оңашаланған 
айқындауыш мүшелер үтірмен бөлінеді.
Сияқты, ретінде, қатар, емес, түгіл деген сөздермен келген және -дай, -дей, 
-тай, -тей жұрнақтары қосылған тізбектер де үтірге алынады.
Қарамастан, қоспағанда, есептегенде деген сөздерге аяқталатын сөз 
тізбектері үтірмен ажыратылады. 
Үтір құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасына қойылады.
Екіге бөлінген төл сөздің алғашқы бөлігі хабарлы сөйлем немесе 
сөйлемнің бір бөлігі болса, одан кейін үтір (және сызықша) қойылады. Екіге 
бөлінген төл сөздің алғашқы бөлігі өз алдына сөйлем болмай, оған үтір 
қойылған болса, екінші бөлігінің алдынан да үтір қойылады.
Бірнеше сөзден құралған күрделі қос сөздердің арасына үтір қойылады. 
Бірдей немесе әр келкі тұлғада қайталап келетін жеке сөздер мен 
тіркестердің араларына үтір қойылады.
Ол – ол ма, бұл – бұл ма, ол – ол болсын деген тіркестер сөйлем ішіндегі 
басқа сөздерден үтірмен бөлінеді. 
Нүктелі үтір. Нүктелі үтір санамаланып айтылған, мағыналары ыңғайлас 
сөйлемдердің арасына қойылады. Мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін 
сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылуы мүмкін. Жайылмалы, әрі өз ішінде 
үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына нүктелі үтір қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет