Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет37/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескерту. Араб халыктары аты-жөндерімен келетін ибн сөзі кіші әріппен бөлек 
жазылады: Әмір ибн Кулсум, ибн Халдун, ибн Сина, Тарафа ибн әл-Абд. Араб атауларында 
келетін демеуліктер де алдыңғы сөзден бөлек, ал өзінен кейінгі сөзден дефис арқылы 
жазылады: жами’ат-тауарих, әлМаджмағу л-илмий (“Ғылым академиясы” деген мәндегі 
тіркес), Китаб әлХамаса (Батырлар туралы кітап). Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің 
соңында келетін паша, бей, бек, заде, оглы сияқты тұлғалар да дефис арқылы кіші әріппен 
жазылады: Турсун-заде, Нахас-паша, Измаил-бей, Абдулла-бек. Түркі, моңғол хандары 
есімдерінің соңында келетін хан сөзі дефиссіз бөлек жазылады (ал орыс жазуында бұл дефис 
арқылы таңбаланады): Шыңғыс хан (орысша – Чингиз-хан), Тәуке хан (орысша – Тауке-хан), 
Жәңгір хан (орысша – Джангир-хан).
Реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзіне қатысты сөзбен араларына 
дефис қойылады: 7-сынып (жетінші сынып), 15-үй (он бесінші үй), 50-километр 
(елуінші километр). Кейде реттік сан есім жасайтын, -ншы, -нші, -ыншы, -інші 
жұрнақтары көрсетіліп жазылуы мүмкін, ол күнде де дефис сақталады: 7-нші 
сынып, 15-інші үй, 50-інші километр. Айды, жылды көрсететін цифр мен ай 
атын білдіретін сөз және жылы деген сөздердің арасына дефис қойылмайды:
8 наурыз, 1 қазан, 1987 жыл. 
Қысқарған сөздердің жазылуы. Жеке сөздердің басқы әріптерінен құралып 
қысқарған сөздер бас әріптермен жазылады, ол әріптердің ара-арасына 
ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚШ 
(Америка Құрама Штаттары), ҒА (Ғылым академиясы). 
Алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас әріптерінен 
қысқарып жасалған сөздің алғашқы қысқарған буынының бірінші әрпі бас 
әріппен, қалғандары кіші әріппен жазылып, кейінгі әріптер бас әріппен 
жалғастырылып жазылады: КазТАГ (Қазақ телеграф агенттігі), КазМУ (Қазақ 
мемлекеттік университеті).
Буындардан және буын мен тұтас сөз араласып қысқарған сөздер кіші 
әріптермен бірігіп жазылады: ауатком, Түрксіб.
Адамның аты-жөні (көбінесе өз есімі мен әкесінің аты) қысқартылып, бас 
әріппен белгілегенде, әр әріптен кейін нүкте қойылады: А.С.Пушкин, 
М.Горький, М.О.Әуезов, С.Мұқанов. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет