Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет60/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

ЕскертуСөйлем басында, кейде ортасында оқшауланып келетін жоқ деген сөз бен осы 
сөздің сөйлем мүшесі болып келетін түрін шатастырмау керек. Әдетте жоқ деген сөз сөйлем 
мүшесі болып келгенде, сөйлемнің соңында тұрады: Бұл үйде балалар жоқ. Сөйлем мүшесі 
ретіндегі жоқ сөзі өлеңдерде және инверсиялы сөйлемдерде сөйлем басында да келуі мүмкін, 
бірақ ол үтірмен не леп белгісімен бөлінбейді. 
Одағайлар көбінесе қаратпа сөзбен қатар қолданылады. Мұндайда одағай 
мен қаратпаның өз араларына да үтір қойылады: Ей, аққу, сәлем деші 
жолыққанда (С.Сейфуллин). Пай-пай, бала-ай, сабырың-ақ соңымнан қалмады-
ау (Ғ.Мұстафин). Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің (Абай).


65 
 Бірнеше одағай қатар келгенде әрқайсысы үтірмен бөлінеді:Уа, шіркін, ән 
деп осыны айт! А, астапыралда, солай ма еді? – деп Балбалаға қарай қалды. 
Япырау, әттегенай, атын сұрамаппын ғой! (М.Әуезов). § 68. Ә деген одағай мен 
ә дегенше, ә дегенмен тіркестерін, әй, әу деген одағайлар мен әй (ай) дер ажа, 
әудем жер деген сияқты тіркестерді (олардағы ә, әй, әу деген форматтарды) 
шатастырмау керек: тіркес құрамындағы ә, әй, әу дегендер өзінен кейінгі сөзден 
үтірмен бөлінбейді: Ә дегенше жетіп келді. Оның даусы әудем жерге естіліп 
тұрды. Мен оны ә дегеннен тани кеттім. 
Бақылау сұрақтары: 
1 Қаратпа, қыстырма және одағай сөздер сөйлемнің басында келсе қандай 
тыныс белгісі қойылады? 
2 Қаратпа, қыстырма және одағай сөздер сөйлемнің ортасында келсе 
қандай тыныс белгісі қойылады? 
3 Қаратпа, қыстырма және одағай сөздер сөйлемнің соңында келсе қандай 
тыныс белгісі қойылады? 
 
1-жаттығу.
Қаратпа сөздері бар сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін 
қойып жазыңыздар. 
 
Терек пен қызыл гүл 
 
... Тау алдында қызыл гүлдер шешек атып сыланғанда, сұлу қыздай 
таранғанда, ұзын терек дөрекілеу дауысымен сөз бастайды : «Е қызыл гүл таң 
атарда шешек атып сыланасың, сұлу қыздай таранасың , бірақ сен гүл 
табиғаттың сені әбден мазақ етіп, қор қылғанын сезесің бе? Өсімдіктердің 
ішіндегі ең жаманы сен боласын қызыл гүл ұзындығы бір – ақ тұтам, алабұта, 
қамыстардан бойың озып, мойның асып еш нәрсені көре алмайсың... Алабұта, 
қамыстардаң басқанәрсе көре көре алмаған сен де өзіңді ұялмастан бақытты 
деп санайсың – ау қызыл гүл». Шешек атқан ал қызыл гүл саспай былай жауап 
берді : «Терек ақылың қысқа, бойың ұзын... Бойым қысқа болғанымен, адам 
маған бақыт берген. Жүз жыл өмір сүрсең – дағы тастан басқа нені көрдің, тау 
артында нелер барын сен білмейсің, сезбейсің де тәкаппар боп өскен терек... ». 
Терек оны тыңдап алып, былайша сөз қозғайды: 
- «Қызыл гүл сенің мақтауыңа себеп те жоқ, желеу де жоқ. Сорлы гүлім 
менімен теңесуге саған күш қайда ? Мен өскелі жүз жыл болды... Ал сен 
сорлы гүл болсаң, бір күндіксің, бір – ақ күндік өмірің бар...». Күн сәулесін 
жұтып жатып, қызыл гүл қысқа ғана жауап береді: 
- «Ұзын терек жүз жыл өмір жасап нені білдің, нені көрдің ? Халыққа 
жеміс бердің бе?әуелі жұпар иісіңді шаштың ба ?». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет