Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А


Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері



Pdf көрінісі
бет65/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері. 
Тыныс белгілерін қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа беліп 
қарауға болады: а) араларында жалғаулық жоқ бірыңғай мүшелер, араларында 
жалғаулық бар бірыңғай мүшелер және б) жалпылауыш сөзбен қатар келетін 
бірыңғай мүшелер.
Жалғаулықсыз келген дара бірыңғай мүшелердің араларына үтір 
қойылады. Бірыңғай мүшелердің санынан үтір санының біреуі кем болады. Әр 
ел тұс-тұсындағы Ақбайтал, Көлденең, Жігітек, Шатқалаң, Бөкенші сияқты асу-
асуларға қарай беттеді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын 
(М.Әуезов). Оля Иванцова салмақты, ауыр мінезді, үндемейтін қыз еді 
(А.Фадеев).
Жалғаулықсыз келген күрделі (жайылмалы) бірыңғай мүшелердің 
араларына да үтір қойылады: Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, 
дөңгелек бетті, қалың ерінді, жасаураған кішірек қоңыр көзді, ұйысқан қысқа 
қара жирен сақалды, таңқита басқан сирек мұртты, домалақтау мұрынды, 
қоңыр өңді кісі еді (С.Мұқанов). Бірнеше орындық, көйлек-көншек салатын 
комод, оның үстінде кішкентай айна, киім-кешек салынған сандық, қабырғада 
ілулі сағат, бұрышта екі бұрқан – міне, бар мүлік осы (М.Горький). Осы кезде 
дөңгелек жүзді, қызыл шырайлы, сарғылт жылтыр шашын құлағынан асыра 
қайырған, жасы он сегіздерге не жетіп, не жетпеген жас кыз келіп кірді 
(А.С.Пушкин). 
Жайылма 
(күрделі) бірыңғай мүшелердің әрқайсысының (немесе 
бірқатарының) өз іштерінде үтір кездесетін болса, бірыңғай мүшелердің жігіне 
нүктелі үтір қойылады. Мысалы: Қала деген аты ғана болмаса, Н... қаласы екі 
қабат үлкен үйлер көшелерінде ғана бірен-саран кездесетін; өзге үйлерінің көбі 
бір қабат қана қарағай үйлер болатын; шет жақтарында ағаш үйден шым үй көп 
кездесетін; азғана жаңбыр себелеп өтсе, көшелерінен адам батпақтап жүре 
алмайтын; бірақ етек-жеңі мол; таусымақтау жерге жалпая салынған; Сібірде 
көп кездесетін үлкен бір деревня еді (С.Мұқанов).
Бірыңғай мүшелердің алдыңғыларының жалғаулары түсіп қалып айтылуы 
мүмкін. Ол күнде де араларына үтір қойылады: Бөкенші, Борсақ Қызықшоқы, 
Қыдыр, Көлқайнарға жаппа тігіп қонды да, көшпей отырып алды (М.Әуезов). 
Жамбыл айтыс, жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін 
танытады. Ақын, драматург, жазушылар өз шығармаларында шындық өмірді 
суреттейді. 


70 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет