Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет66/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескерту. Алдыңғысының жалғауы түсіріліп айтылатын екі бірыңғай мүшені сол типтес 
қос сөздермен шатастырмау керек. Мұндай сөздер жалпылық мағынада айтылған болса, қос 
сөз болады. Мысалы: Мектебіміздің ән-күй үйірмесі бар (мұнда әңгіме бір үйірме туралы, 
сондықтан ән-күй – жинақтаушы атау). Мектебімізде ән, күй үйірмелері құрылды деп үтір 
қойып жазсақ, ән үйірмесі бір бөлек, одан басқа күй (домбырашылар) үйірмесі 
құрылғандығы көрінеді. 
Егер алдыңғы сын есім тікелей зат есімнің сынын білдірмей, өзінен кейінгі 
тұтас тіркестің сынын білдіретін болса, араларына үтір қойылмайды. Мысалы: 
Мен жап-жаңа алтын сағат сатып алдым. Мұнда жап-жаңа деген сын есім алтын 
сағат деген тіркесті анықтап тұр. Ауылымызда қуатты су электр станциясы 
салынды. Мұнда да әңгіме жалпы станция емес, электр станциясы туралы. 
Электр станциясы дегеннің анықтауышы – су. Мұндайда бірыңғай емес 
анықтауыштардың алдыңғылары өзі анықтайтын сөздің сыны емес, келесі 
анықтауыштың құрамындағы басқа сөздің сыны болып кететін қауіп болса, 
араларына үтір қойылады. Мысалы: Төңіректің бәрі де бірінен-бірі биік, 
қарағай жамылған ақ бас шыңдар (Ғ.Сыланов). Мұнда үтір қойылмаса, бірінен-
бірі биік болып тұрған шыңдар емес, қарағай болып шығады. Ал дұрысында 
шыңдар бірінен бірі биік және олар қарағай жамылған. Кейде жазушы (не 
сөйлеуші) инверсия жасап, анықтауыш пен анықталушы сөздердің араларына 
басқа сөздерді қосып жібереді. Ол анықтауыштардың өзіне жалғас тұрған 
сөздің анықтауышы емес екені жазуда үтірмен, айтуда дауыс кідірісімен 
көрсетіледі. Мысалы: Барлық, үйге сатырлап тиген қамшы, шоқпар уық, 
керегені шатырлата сындырып барады (М.Әуезов). Мұндағы анықтауыш пен 
анықталушылар барлық үй дегендер емес, бір үйге тиген барлық қамшы
шоқпардеген сөздер. Егер барлық деген сөзден кейін үтір қойылмаса және 
айтуда дауыс кідірісі болмаса, барлық деген анықтауыш үй деген сөзді 
анықтайтын болады. Екінші мысал: Ана, төренің Кертаңдағын мін де бар. 
(Р.Амангелдин). Мұнда ана деген анықтауыш төре деген сөзге емес, Кертаңдақ 
деген сөзге қатысты. Ана деген сөзден кейін үтір қойылмаса, “мына төре” емес, 
“ана төре” деген мағына шығар еді.Тағы бір мысал: – Неғып тұрсың! – 
Шабайын деп ем – Кімді? – Әлгі, Кенжетайды ұратын төрені (С.Мұқанов). 
Мұнда да әлгі деген сөзден кейін қойылған үтір ол сөздің Кенжетай деген емес, 
төре деген сөзге қатысты екенін көрсетеді.
 Бір деген белгісіздік есімдігі мен соған жалғас келген анықтауыштың 
арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Жиренше таңертең Құнанбай аулына бір 
әдемі тарғыл тазы ертіп келді (М.Әуезов). Осы, саған бір айтатын сөзім бар. 
Егер бір деген есімдік екі бірыңғай анықтауыштың арасында тұрса, ол өзінен 
кейінгі анықтауыштың құрамына енеді де, үтір алдынан қойылады: Баяғыда 
айлакер, бір қу түлкі болыпты (Ертегіден).
 Бірыңғай мүшелердің арасында қайталамайтын мен, және деген 
жалғаулықтар тұрса, үтір қойылмайды. Бұлар екі бірыңғай мүшенің арасында 
немесе бірнеше бірыңғай мүшенің ең соңғысының алдынан, я болмаса жұп-жұп 
болып тұрған екі бірыңғай мүшенің арасында қолданылады: Бұлардың артында 
Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келеді (М.Әуезов). Махаббат, қызық, мал мен 
бақ, Көрінуші еді досқа ортақ (Абай). Ол да Байжанға ауданның қазіргі және 


71 
болашақтағы шаруасын білетін адам боп көрінеді (С.Мұқанов). Ырғақ – ой мен 
сезімнің, жан мен тәннің қосылып салар әні (Ғ. Мүсірепов).
Да шылауы қайталамай, екі бірыңғай сын есім, үстеулерден болған 
мүшенің арасында келсе, үтір қойылмайды. Мысалы: Тәжік – қатал да тағы 
табиғаттың бермесін еңбегімен еріксіз алып өскен ел. Дененің бар қозғалысы 
белгілі бір еңбек ырғағын тауып, тез де өнімді қимылдайды (Ғ.Мүсірепов). 
Қызғанышқа жеңгізген жас жүрек кінәшыл да әділетсіз (М.Әуезов). Даусы ащы 
да қатал, зілді де кекті шығады (Ғ.Мүсірепов). § 83. Да шылауы етістіктен 
болған екі бірыңғай баяндауыштың арасында қайталамай келсе, да-дан кейін 
үтір қойылады. Мысалы: Таныды да, таң болды. Жабыларсың, таларсың да, 
жерсің! Бұның балдызына үйленген жандарал төрені сүйетін де, сүйейтін 
(М.Әуезов). Сайра да, зарла, қызыл тіл (Абай). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет