Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет71/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

 
Ұстаз ойы 
 
Жамал Төлендиевна ойланып тұр. Жазық маңдайындағы әжім сызықтары 
бір жиырылып, бір жазылады. Қарсы алдындағы сыры тозыңқыраған мына 
есіктен қазір ғана Сауле шықты. Бұрын көрмеген баласы болса да, аз күннің 
ішінде оны әбден таныған секілді. Елгезек, жайдары, сүйкімді тұлғасына 
мінезі сай, ілтипатты жан. Біле білсе, осы Сәуле өзінің оң қолы. жалғыз Сәуле 
ғана ма? Екі жылдан бері класс жетекшісі болып келе жатқан алтыншы 
кластағылардың бәрі де өзіне жәрдемші. Отыз жылдан астам педагогикалық 
өмірінде осындай бүлдіршіндердің қаншасын қанатын қатайтып, түлетіп 


75 
өсірді. Осылардың бәрі де мінезіне қарай, ой – санасына қарай бірдей емес еді. 
Ол – адам болу, халық үшін қызмет ету. Кейінгі кезде қарт ұстаздың ойы – 
өткен мен бүгінді жалғастыру болды...
3- жаттығу. Біріңғай мүшелері бар жеке сөйлемдерді текістен көшіріп 
жазып, ережесін еске түсіріңіз. 
 
Салақбай 
Әжесі құлағына қанша құйса да, Салақбай ұқыптылыққа үйренбей- ақ 
қойды. Даладан келгенде, табалдырықтан аттамай жатып малақайын бір 
жаққа, пальтосын бір жаққа, қалай болса, солай лақтыра салады. Қашан да 
әжесі жинап, тап – тұйнақтай етіп бір жерге іліп жүргені. 
Бір күні алакөбеден оянған Салақбай сабаққа барайын деп, киімін іздесе, 
күндегі тұратын орнында жоқ . Әрқайсысы шашылған жерінде қалса керек. 
Ешкім жинамапты. Салақбай бөлменің ішінде аласұрып есі шықты. Асып – 
сасқан шақта іздеген нәрсең табылушы ма еді? Сабақ басталатын уақыт 
таянып қалды. Әбден жанталасқан Сақбай бір кезде оңай амал тапты – ол үй 
ішінде қолына іліккен киімді кие салып, мектепке қарай ұшты. 
Бірақ оның есесіне, атасы тымақсыз, әжесі күпісіз, ағасы етіксіз, тәтесі 
пимасыз қалды. 
 
4-жаттығу. 
Текстен жалпылаушы сөздері бар сөйлемдерді тауып көшіріп, олардың тыныс 
белгілерін қойып жазыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет