Аймуханова Асел Мухаметхалиевна Қарағанды қаласы №3 гимназия



бет2/4
Дата05.02.2023
өлшемі408.18 Kb.
#469168
түріСабақ
1   2   3   4
Сынып сағаты. Тақырыбы Қанатын жайған-Қарағанды

Дильназ Сағадибекова:
Гидрографиялық жүйе Кіші және Үлкен Бұқпа, Соқыр, Солонка, Безымянка, Федоровка су қоймасы бар. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді. Қала климаты жаз айларында ыстық, құрғақ және қысы ұзақ, қатал болып келеді. Жері сортаңды, күңгірт-қоңыр топырақты. Қаланың Қарағанды деген атына келетін болсақ, ол осы өңірде көктемде көп өсетін ұсақ-ұсақ сары гүлдер ашатын бойы жатағандау қараған деген бұтаға байланысты қойылған.
Мирас: Енді осы Қарағанды қаласының тарихынан үзінді.
Көрініс: Аппақ Байжанов туралы
Айбике
Аппақ Байжанов ( 1824-1887 жылдар аралығында өмір сүрген.), Аппақ Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. Нұра өзенінің оңтүстігінен 25 км жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Аппақ жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. (қойдың дауысы)
(Қойшы бала шығады, 1833 ж. Ол жер бетіне шығып жаткан тас көмір қабатын тапты (қазіргі «Северная» шахтасының жері).

Қарағандыда тек 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды.
Аңыз бойынша Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бір сыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Күндердің күнінде Аппақ қой бағып жүріп, тоңғандықтан шыбықтарды жинап жағып жылынбақшы болады. Жанып жатқан отты өзінің тапқан қара тастарымен қоршап қояды. Бойы жылыған бала ұйықтап кетеді. Оянса әлгі тастар қызарып, қызуын мол беріп жанып жатыр екен. Тұрғылықты ауыл адамдарына да көрсетіп барлық ауыл осы қара тасты пайдаланды. Бірнеше жыл өткен соң "Жанатын тас" туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді... Осыдан 1856 жылдан бастап көмір өндіріле бастады. Қарағандыда көмір бассейнін алғаш ашушыға ескерткіш орнатылды (1999 ж.). Аппақ Байжанов есімімен Қарағандыда көше аталған.
МИРАС:
Отан деген әрбір жүрек дірілі,
Отан үшін болып келем үлгілі.
Менің, сенің үмітіміз ертеңгі
Қарағанды – келешектің мекені - дей отырып «Қарағанды тарихына саяхат» жасайық: экранға назар аударыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет