(Қойшы бала шығады,
1833 ж. Ол жер бетіне шығып жаткан тас көмір қабатын тапты (қазіргі «Северная» шахтасының жері).
Қарағандыда тек 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды.
Аңыз бойынша Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бір сыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды.
Күндердің күнінде Аппақ қой бағып жүріп, тоңғандықтан шыбықтарды жинап жағып жылынбақшы болады. Жанып жатқан отты өзінің тапқан қара тастарымен қоршап қояды. Бойы жылыған бала ұйықтап кетеді. Оянса әлгі тастар қызарып, қызуын мол беріп жанып жатыр екен. Тұрғылықты ауыл адамдарына да көрсетіп барлық ауыл осы қара тасты пайдаланды. Бірнеше жыл өткен соң "Жанатын тас" туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді...
Осыдан 1856 жылдан бастап көмір өндіріле бастады.
Қарағандыда көмір бассейнін алғаш ашушыға ескерткіш орнатылды (1999 ж.). Аппақ Байжанов есімімен Қарағандыда көше аталған.
оқушы
Қарағандым, атыңнан айналайын
Сен дегенде жүрегім соғар шіркін,
Бүгін де келіп қалған сонау жылдан
Құтты болсын мерейің, туған күнің!
Оқушы
Осы жерден қырандар түлеп ұшқан
Ерлер туған бұл жерде жұрек жұтқан
Батыр Нүркен, қаһарман Тоқтарды да
Жерлесім деп риясыз мақтан тұтқам Экранға назар аударыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |