Кіріспе:
«Дәрілер технологиясының негіздері» курсы фармация ғылымы мен тәжірибелерінің жетістіктерін ескеріп дәріхана жағдайында негізгі дәрілік түрлерді дайындаудың теориялық негіздерін және технологиясын оқытады, фармацевт мамандығын қалыптастыруда және түлектердің арнайы технологиялық дайындығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Бағдарлама құрамына дәрілік түрлер технологиясының теориялық негіздері, дәріхана жағдайында дәрілік құралдарды өндіруді регламенттейтін бұйрықтар мен нұсқаулар және дәрілік түрлерді дайындаудың кәсіби дағдыларын үйрену мен машықтану кіреді.
Бағдарламада бастапқы шикізаттың тазалығына, экология жағдайларына Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарын енгізіп, дәрілік препараттардың өндірісіне қазіргі талаптар берілген, сонымен бірге дәріханалық өндіріс өнімінің технологиясын және сапасын нормалайтын нұсқаулар мен бұйрықтарға көңіл аударылған.
Достарыңызбен бөлісу: |