4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 33
5) Әдебиет:
1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.
2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.
3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.
4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.
6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Азық – түлікті сататын нысандардың аумағына қандай талаптар қойылады?
-
Азық – түлікті сататын нысандардың жоспарлануына, қондырғылары мен құрылымдарына қойылатын талаптар қандай?
-
Тағамдық азық – түліктерді қабылдауға және сақтауға қандай санитарлық – эпидемиологиялық талаптар қойылады?
№ 4
1) Тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері өндірісі кәсіпорындарына қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар.
2) Мақсаты: Сүт және сүт өндіретін өндірістің аумағына, ғимараттардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерінің пайдалануына, сүт және сүт өнімдерін өндірудің талаптары мен оларды сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптармен студенттерді таныстыру.
3) Дәріс тезистері: Нысандар жеке аумақта орналасады. Сүт, нан, кондитерлік және макарон өнімдер өндірісінің нысандарын оқшаулап, мемлекеттік сан-эпид. қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысына сәйкес бір аумақта орналастыруға болады.
Нысанда белгіленген тәртіптегі аккредитация немесе аттестациядан өткен өндірістік зертхана болғаны жөн. Зертхана шикізат пен дайын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына технохимиялық және микробиологиялық бақылау жүргізеді.
Өндірістік зертхана сүт, кілегей, ашытқы мен дайын өнімдерге, өндірістің технологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық тәртібіне бақылау жасайды.
Нысанның аумағы қоршалып, абаттандырылып, асфальттанып, келесі негізгі аймақтарға бөлінеді:
1) әкімшілік – онда әкімшілік ғимараты, бақылау-қарау бекеті мен жеңіл автокөліктерге арналған тұрақ;
2)өндірістік – онда негізгі өндіріс ғимараттары, зертхана, медициналық бекет немесе денсаулық бекеті, санитарлық – тұрмыстық бөлмелер, асхана, сүт тасылатын көліктерге арналған тұрақ;
3) шаруашылық – қосалқы мақсатта пайдаланатын ғимараттар, қоймалар, механикалық жөндеу шеберханалары, құрылыс материалдарын, ыдыстар мен отынды сақтайтын құрылғылар, қоқыс жинауға арналған контейнер қойылған алаң мен ауладағы дәретханалар.
Ғимараттарға, өндірістік және тұрмыстық бөлмелерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Жаңа технологиялық қондырғылар мен желілерді орнатқанда санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алынуы тиіс.
Өндірістік цехтарды орналастыру барысында өндіріс қуатының үлкен немесе кіші екендігіне қарамастан шикізат пен дайын өнімдердің бір-бірімен жанаспауын қамтамасыз ететін технологиялық үдерістер ағынын қарастырған жөн.
Қуаты кіші нысандарда төмендегідей өндірістік бөлмелер болғаны дұрыс:
1)сүтті қабылдау – 6м2 кем емес;
2)өндіріске қажетті заттарды жуатын бөлмемен бірге өндіріс цехы – 30м2 кем емес;
3)айналымдағы ыдыстарды жуатын бөлме - 6 м2 кем емес;
4)ашыту бөлмесі 6 м2 кем емес. Егер дайын ашытқы пайдаланылса, онда ашыту бөлмесін өндіріс цехына қосуға болады;
5) дайын өнімдерді сақтайтын қойма-14м2 кем емес.
6)қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің талаптарына сай келетін өндірістік зертхана қосымша бөлмелерімен;
7)киім шешетін жерімен бірге тұрмыстық бөлмелер - 6м2 кем емес;
8)дәретхана - 3м2 кем емес;
9)әкімшілік бөлмелері.
Сүтті арнайы жабық бөлмелерде немесе кронштейндер мен шлангамен жабдықталған платформаларда қабылдайды. Флягтан сүтті құю үшін сүтті құятын шланганың ұшына тот баспайтын болаттан жасалған ұзындығы 80-100см ұштама орнатылады. Цистернадан сүтті құю үшін шланганың ұшына арнайы құрылғы орнатады.
Тағамдық компонеттер мен тағамдық қоспаларды зауыттың шығарған қорабымен бөлек бөлмелерде сақтайды. Осы бөлмеде оларды өндірісте қолдануға дайындайды, сондықтан соған сәйкес қондырғылар мен құрал – саймандар қарастырылуы тиіс.
Негізгі өндірістік цехтардың, ашыту бөлімшесі мен зертхананың қабырғалары 2м-ден кем емес биіктікке дейін ҚР-да қолдануға рұқсат етілген тақтайшалармен немесе басқа да материалдармен қапталып, ал одан жоғарғы жағы сырланады.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарын кем дегенде жылына 1 рет жүргізеді. Өндірістік және қосалқы бөлмелердің төбесі мен қабырғасын сырлау залалсыздандыру жұмыстарымен бірге жылына кем дегенде 2 рет жүргізеді.
Барлық бөлмелердің едені тегіс, су өткізбейтін материалдармен жабылып, жұмыс орны мен адамдар өтетін жолдан басқа бағытқа қарай сәл еңкіш болғаны жөн. Едені маймен жиі ластанатын өндіріс цехтарында еденге ағаш торлар төсейді.
Өндірістік бөлмелер мен тоңазытқыштарда технологиялық үрдістерде қолданылмайтын заттар мен жабдықтарды, қалдықтарды сақтауға болмайды.
Терезе әйнегінің жақтауын, электр шамдарын айына 1 рет жуып, тазалайды, ал терезенің сыртын жылына кем дегенде 2 рет, ал жылдың жылы мезгілінде кірлеген сайын тазалаған жөн.
Өндірістік ғимарат пен әр цехқа кіре берісте төселген кілемшелерді аусым сайын залалсыздандырғыш ерітіндіге батырып алған дұрыс.
Барлық бөлмелерді, жабдықтар мен заттарды тыңғылықты жуып, залалсыздандыру үшін айына кем дегенде 1 рет санитарлық күн белгіленеді.
Тұрмыстық бөлмелер санитарлық өткізгіш тәріздес жабдықталады.
Балалардың сүт тағамдарын дайындайтын жөндеу – механикалық шеберхана, компрессорлық, жылыту қазандығында жұмысшылар үшін жеке тұрмыстық бөлмелер қарастырылады.
Тұрмыстық бөлмелердің құрамына сыртқы, жеке және санитарлық киімдер мен аяқ киімдер үшін бөлек киім шешетін бөлме, таза киімдерді сақтайтын, лас киімдерді қабылдайтын бөлмелер, себезгі және қол жууға арналған раковина, киім мен аяқ киімді кептіруге арналған бөлме, кір жуу бөлмесі мен жинауға қажетті заттарды сақтауға арналған бөлме. Егер жұмыс істейтін әйелдер саны 100-ден көп болса, әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлме, ал одан аз болса, гигиеналық себезгісі бар арнайы кабина қарастырылады. Жұмысшыларға арналған асхана немесе буфет тұрмыстық бөлмелердің құрамына кіреді немесе бөлек ғимаратта орналастырылады.
Егер нысандарда жұмысшылар саны 50-ден 300-ге дейін болса медициналық бекет, ал 300-ден көп болса денсаулық бекеті ұйымдастырылады.
Өндірістік цехтар мен асхананың үстіңгі қабаттарына дәретхананы, себезгіні, кір жуатын және жуынатын бөлмелерді ұйымдастыруға болмайды.
Цехтарда тамақ ішуге рұқсат етілмейді. Кеміргіштермен күрес жүргізу үшін келесі іс-шаралар жүргізіледі:
1)кіре беріс пен есікке (биіктігі 40-50см) темір немесе металл торлар қағылады;
2)төменгі қабаттардың терезесі мен желдету каналдарының саңылауларын қорғаныс торлармен жабады;
3)қабырғадағы, едендегі, құбырлар мен радиаторлардың айналасындағы саңылауларды металл жоңқалары қосылған цементпен бітейді;
4)цехты тағамдық және басқа да қалдықтардан дер кезінде тазартып, жұмыс аяқталған соң шикізат пен дайын өнімдерді жабу қажет;
5)лицензиясы бар мекемелермен дератизациялық шараларды жүргізу қажет.
Сүт және сүт өнімдері өндірісіне қойылатын сан-эпидемиялық талаптар
Сүт және сүт өнімдерін қабылдау, өңдеу және сақтау нысанның қуатына байланыссыз таза жағдайда, ластану мен бұзылыстан қорғап, оларға бөгде заттардың түсуіне жол бермеу қажет.
Өңделуге әкелінген сүт пен кілегейдің сапасы мен қауіпсізді туралы құжаты болуы тиіс және өндірістік зертханада бақылау жүргізіледі. Малдың жұқпалы аурулар бойынша ветеринарлық-санитарлық бақуаттылығы туралы анықтамасы болмаса мал шаруашылығы ұйымдары мен физикалық тұлғалардан сүтті қабылдауға болмайды.
Жұқпалы аурулары бар малшаруашылығы ұйымдарындағы дені сау малдан алынған сүт пен кілегейді термиялық өңдеуден кейін ғана қабылдаған жөн.
Құжатта термиялық өңдеу туралы мәлімет жазылады, яғни температура мен пастеризация уақыты көрсетіледі. Жұқпалы аурулары бар мал шаруашылығы ұйымдарындағы дені сау малдан алынған сүт пен кілегейді қорытылған май (топленое масло) алу үшін қолданады. Мұндай сүт пен кілегейден балаларға арналған сүт тағамдарын дайындауға рұқсат етілмейді.
Балаларға арналған барлық сүт өнімдерінің көлемі 200мл-ден аспайтын мөлшерде дайындалады.
Сүт және сүт өнімдерін сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Нысанда шикізат пен дайын өнімдер, буып – түйетін және қосымша материалдарды сақтауға арналған жеткілікті мөлшерде қойма болуы тиіс. Тағамдық шикізат пен қосымша материалдарды сақтау үшін сөрелер пайдаланылады, оларды еденге жинауға рұқсат етілмейді.
Қоймалар таза болғаны жөн. Зарарсыздандыру, зиянды жәндіктер мен кеміргіштермен күресу жұмыстарын арнайы лицензиясы бар мекеме жүргізуі қажет.
Шикізатты, қорды және дайын өнімдерді камера мен қоймада сақтау шығарылған күні, жұмыс аусымы, партияның нөмірі көрсетілгені бойынша сақтайды. Дайын өнімдерді сақтайтын камера мен қоймадағы температура мен ылғалдылықты зертхана қызметкерлері жұмыс аусымында 2-3 рет бақылайды. Бақылау қорытындысы арнайы журналға жазылады. Сүт және сүт өнімдерін арнайы көліктер – рефрижераторлармен, сүт тасымалдайтын автоцистерналармен және изотермиялық шанағы (кузов) бар көліктермен тасымалдайды.
Барлық тасымалдау құралдарында №2840 ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген №349 20 сәуір 2004 жылғы ҚР ДСМ-нің міндетін атқарушының «Транспорттық құралдарға санитарлық паспортты беру, есепке алу, жүргізу ережелерін бекіту» бұйрығына сәйкес санитарлық паспорт болуы тиіс.
Сүт өнімдерін шикі азық – түліктермен, жартылай фабрикаттармен немесе бұрын арнайы, жағымсыз иісі бар және улы заттар тасымалдаған көліктермен тасымалдауға болмайды.
Жұмысшылардың еңбек жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Өндірістің зиянды және жағымсыз факторлары әсер ететін адамдар жұмысқа қабылданар алдында алдын ала және кезеңді медициналық бақылауды ҚР ДСМ-нің 12 наурыз 2004 жылғы №243 – бұйрығына сәйкес өтуі тиіс.
Қызметкерлер қолының тазалығына мән берген жөн, санитарлық киіммен жұмыс істеп, нысаннан шығар кезде және дәретханаға барар алдында санитарлық киімді шешуі қажет, жұмыс бастардың алдында, дәретханадан кейін, әрбір үзілістен соң және лас заттарды ұстағаннан кейін қолды сабындап жууы қажет.
Шикізат пен дайын өнімдерге бөгде заттар түспес үшін цехқа майда шыны және металл заттарды (технологиялық жабдықтардан басқа) әкелуге болмайды, санитарлық киімдерді түйреуішпен, инемен түйреуге, халаттың қалтасына жеке басқа арналған заттарды (айна, тарақ, сақина, темекі, шақпақ) сақтауға тиым салынады. Әрбір тағам цехында сынған ыдыстарды есепке алу ұйымдастырылады.
Күн сайын жұмыстың алдында әрбір цехта қызметкерлерге бақылау жүргізіледі. Іріңді жарасы, жарақаты, күйік шалған және жұқпалы ауруға күмәнды адамдар жұмысқа жіберілмейді. Бақылау нәтижесі белгіленген үлгідегі журналға жазылады.
4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 32
5) Әдебиет:
1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.
2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.
3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.
4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.
6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Сүт өндірісінің аумағы қандай аймақтарға бөлінеді?
-
Ғимараттарға, өндірістік және тұрмыстық бөлмелерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қандай?
-
Сүт және сүт өнімдерін өндіруге қандай талаптар қойылады?
-
Сүт және сүт өнімдерін сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қандай?
-
Сүт өндірісі жұмысшыларының еңбек жағдайы қандай?
№ 5
1) Тақырыбы: Ет өңдеуші өндірісі кәсіпорындарына қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар.
2) Мақсаты: Студенттерді ет өңдеу өндірісі кәсіпорындарының аумағына, сумен, желдетумен, жылытумен қамтамасыз ету жүйелері мен өндірістік, шаруашылық бөлмелеріне қойылатын талаптармен таныстыру.
3) Дәріс тезистері: Нысандар жеке аумақта орналасуы тиіс. Тұрғындар ғимаратына мал соятын, шұжық өндіретін, етті ыстайтын бөлмелерді орналастыруға болмайды. Нысанның қуаттылығына орай санитарлық – эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкес санитарлық қорғау аймақтары ұйымдастырылады. Аумақтың жан – жағы қоршалып, абаттандырылуы тиіс. Аумаққа гүлдеген кезде үлпектер, талшықтар беретін, тұқымы түсетін ағаштар мен бұталарды егуге болмайды. Аумақта бөлек 2 кіретін есік болғаны жөн,территория күнде тазартылады, жаздың күндері жуылып, қыста қар мен мұздан тазартылады.
Нысанның аумағы мынадай негізгі аймақтарға бөлінеді:
1)әкімшілік - әкімшілік ғимараты, бақылау – қарау бекеті, жеңіл автокөліктерге арналған тұрақ;
2)шаруашылық – қосалқы мақсатта пайдаланатын ғимараттар, механикалық - жөндеу шеберханалары, отын, құрылыс, қажетті заттарды сақтайтын қоймалар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер қойылған алаң, ауладағы дәретхана;
3)малды сояр алдында ұстайтын загон, карантинді бөлімше, оқшаулағыш, санитарлық қасапхана, автокөлікті санитарлық өңдеу және залалсыздандыру бекеті. Санитарлық қасапханаға көшеден кіретін арнайы есік болған жөн;
4)өндірістік – негізгі өндірістік ғимараттар мен жануарлар текті шикізаттар мен өнімдердің ветеринарлық талапқа сай екендігін бақылайтын бөлімшелер; медициналық бекет (егер жұмысшылар саны 50-ден 300-ге дейін болса); денсаулық бекеті (жұмысшылар саны 300-ден көп болса); тұрмыстық бөлмелер; асхана (егер 1 аусымдағы жұмысшылар саны 30-дан көп болса); ас қабылдау бөлмесі (егер 1 аусымдағы жұмысшылар саны 30-ға дейін болса); ветеринарлық инспекторлардың қызметтік бөлмесі;
5)сумен қамтамасыз ету және кәріздік қондырғылар аумағы.
Нысан аумағына кірер және шығар есіктерге арнайы залалсыздандырғыш кедергілер орнатылады, олар эпизоотикалық жағдайға қарай залалсыздандырғыш сұйықтармен толтырылып, автокөліктердің доңғалағын залалсыздандыру үшін қолданылады. Қыс мезгілінде залалсыздандыратын ерітінділерді жылыту үшін кюветтерге арнайы қондырғылар орнатады.
Технологиялық, тұрмыстық – шаруашылық, ауыз су мақсатында пайдаланылатын сулар санитарлық нормалар мен ережелерге сай болуы тиіс. Ауыз су, техникалық, өндірістік мақсатта қолданылатын су жүйелері бөлек болғаны жөн, олардың құбырларының түсі де әртүрлі болуы тиіс. Суды бөлетін нүктелерде «ауыз су», «техникалық» деген жазулар болғаны дұрыс. Техникалық суларды компрессорлық қондырғыларда, ауланы тазартуда, дәретханада және автокөлікті жуу үшін қолданады.
Малды соятын цехтар (бекеттерде) орталықтандырылған су жүйесімен немесе санитарлық – эпидемиологиялық қорытынды берілген жергілікті су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Мал соятын бекеттерге суды тасып әкелуге рұқсат етілмейді.
Өндірістік бөлмелер ыстық және салқын сумен қамтамасыз етіледі, 1 кран 500м2-ге деп есептеледі, бөлмеде ең кемі 1 кран болуы тиіс. Раковиналарда су араластырғыш, сабын, шөтке, бір реттік сүлгі немесе электркептіргіштер болғаны жөн, оларды әрбір өндіріс цехының кіре берісіне, сонымен қатар оларды қолдануға ыңғайлы жерлерде жұмыс орнынан 15м-ден алшақ емес жерде орнатады.
Ғимараттар кәріз жүйесіне қосылуы тиіс.
Барлық қатты қалдықтар, қилар (навоз) арнайы орындарда жиналып, залалсыздандырылатын немесе жойылатын орындарға тасымалданады.
Желдету, жарықтандыру, жылыту жүйелеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар.
Өндірістік, қосалқы және тұрмыстық бөлмелер үрмелі – сормалы желдету жүйесімен немесе жергілікті желдету қондырғыларымен қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес қамтамасыз етіледі.
Өндірістік және қосалқы бөлмелер орталықтандырылған немесе жергілікті жылу жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Микроклимат көрсеткіштері (температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы) қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
Барлық өндірістік және қосалқы бөлмелер қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес табиғи және жасанды жарықпен қамтамасыз етіледі. Адамдар әрдайым болатын өндірістік цехтарда табиғи жарық мол болғаны жөн.
Әрбір бөлмеде табиғи желдету қарастырылады. Бу мен жылудың мөлшері көп жинақталатын бөлмелерде үрмелі – сормалы желдету қарастырылады.
Ғимаратттар мен өндірістік бөлмелерге қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар
Нысанның қуаты 1 аусымда өңделетін еттің көлеміне байланысты. Соған сәйкес олар төмендегідей топтарға жіктеледі:
1.қуаты төмен - өңделетін ет көлемі 3 тоннаға дейін;
2.қуаты орташа – 10 тоннаға дейін;
3.жоғары қуатты - 10 тоннадан жоғары.
Нысанды іске қосарда немесе жаңа технологиялық қондырғыларды немесе желіні орнатқанда, ет өнімдерінің жаңа түрлерін шығарда мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық бақылау органдарының санитарлық – эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс.
Нысанның қуаты мен кәсібіне байланыссыз өндірісте төмендегі үрдістер қамтамасыз етілгені жөн:
1)технологиялық үрдістер ағыны;
2)лас үрдістер таза үрдістерден оқшалануы тиіс;
3)технологиялық үрдістер механикаландырып, автоматтандырылғаны жөн және цехтар арасындағы байланыс ыңғайлы болғаны дұрыс.
Ет өнімдерін шығаратын өндіріс орындарында олардың мақсатына, өнімнің түрлеріне және қуатына байланысты бөлмелердің келесі топтары қарастырылады:
1)малды сояр алдында ұстайтын база- оның құрамына карантин, оқшауланғыш, санитарлық қасапхана кіреді. Базада көшеден кіретін жеке есік, малды қабылдайтын арнайы алаң, жұмысшылар үшін жеке тұрмыстық бөлмелер қарастырылады;
2)малды бірінші өңдеуден өткізетін цех және сорпалық өнім, ішек – қарын, тағамдық майлар, тағамдық және техникалық альбумин, терілерді консервілеу бөлімшелері;
3)шұжық цехы (етті туратйтын, тұздайтын, қайнататын, ыстайтын, кептіретін және т.б. бөлімшелер, цехтар немесе камералар). Шұжық цехында еттің жартылай өнімдерін (етті кулинарлық өңдеу ірі және майда бөліктерге бөлу, ет араласқан ұн өнімдерін дайындау және өнімді ваккумдау т.б.) өндіруге рұқсат етіледі;
4)шикізатты және дайын өнімдерді сақтайтын салқындатқыш камералар,
5)консерві цехы;
6)жем-шөп және техникалық өнімдер цехы;
7)медициналық препараттар цехы;
8)қосымша цехтар (цех ішіндегі заттар мен ыдыстарды жуатын бөлмелер, дайын өнімді, шикізатты, ыдыстарды, қосымша материалдар мен тағамдық қоспаларды сақтайтын қоймалар;
9)негізгі цехтың ішінде құсты өңдеуге арналған бөлек бөлімшелерді қарастырған жөн.
Ет, шұжық, консерві, ішек өнімдерін, техникалық фабрикаттарды дайындайтын цехтарды негізгі ғимараттарда немесе жеке тұрған ғимараттарда орналастыруға болады.
Ет және ет өнімдері өндірісіне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар
Союға әкелінген малдың дені сау, шаруашылықтың жағдайы жақсы екендігін растайтын және малдың жұқпалы аурулармен ауырмағандығы туралы ветеринарлық құжат болуы тиіс.
Малды бірінші өңдеуден өткізетін цехтың конвеерлік желісі мен ілетін жолдары еттің еденмен, қабырғамен және технологиялық қондырғылармен жанасуына жол бермеуі қажет. Қансыздандыру, тазалау және ұшаны жуу учаскелеріне судың ағып кетуіне жағдай жасау үшін сүңгілер (желоба) (металл, бетон) орнатылады.
Сорпалық өнімдер мен қаннан дайындалатын өнімдер оқшауланған бөлмелерде дайындалады. Шұжық өндірісіне қолданылатын сорпалық өнімдерді еріту, сұрыптау және жуу тоңазытқыштың еріту камераларында, ол болмаған жағдайда шұжық цехының бөлек бөлмелерінде жүргізіледі.
Сорпалық өнімдерден дайындалатын тартылған етті арнайы бөлмелерде немесе шұжық цехының сәйкес бөлімшелерінде дайындайды. Түшпараны тез мұздататын шкафтарды оларды буып – түйетін бөлмелерге орнатады.
Тұрмыстық бөлмелерге қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар
Тұрмыстық бөлмелерге сыртқы, жұмыс, санитарлық киімдер мен аяқ киімдерге арналған; таза арнайы киім мен кір арнайы киімге арналған бөлмелер; себезгі (душ), дәретхана, қол жууға арналған бөлмелер; асхана немесе ас қабылдауға арналған бөлме (егер 1 аусымда 30 адамнан кем болса); киім мен аяқ киімді кептіруге арналған бөлме, кір жуатын бөлме және тазалау жабдықтарын сақтайтын бөлмелер жатады.
Нысанда жұмыс істейтіндер саны 50-ден 300-ге дейін болса медициналық бакет, ал одан артық болса, денсаулық бекеті ұйымдастырылады.
Жұмысшылардың еңбек жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Нысанда еңбек жағдайы өндіріс факторларымен бірге (микроклимат, өндірістік шу, табиғи және жасанды жарық, жұмыс аумағы ауасының аэрозольдар мен газдармен ластануы) психофизикалық фактор, тұрмыс жағдайы, тамақтануы мен медициналық көмектің ұйымдастырылуы да бақылауға алынады.
Өндірістік зиянды және жағымсыз факторларының әсеріне шалдығатын адамдар ҚР ДСМ-нің 12.03.2004 жылғы №243 – бұйрығына сәйкес кезеңді профилактикалық медициналық бақылаудан өтеді. Нысанның жұмысшылары, арнайы медициналық оқу орнының оқушылары ҚР ДСМ-нің бұйрығына сәйкес жұмысқа қабылданар алдында алдын ала және кезеңді түрде медициналық бақылаудан өтеді. Әрбір жұмысшыда белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс, онда медициналық зерттеу мен бақылаудың, екпенің қорытындылары мен гигиеналық оқу нәтижелері көрсетіледі.
Жұмысшылар санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Қызметкерлер қолдың тазалығына аса көңіл бөлгені жөн, санитарлық киіммен жұмыс істеп, нысаннан шығарда, дәретханаға барарда шешкені дұрыс, жұмыстың алдында және дәретханадан кейін, әрбір үзілістен соң және лас заттарды ұстаған соң қолды сабындап жууы қажет.
Қызметкерлерге жұмыстың алдында күнделікті бақылау жүргізеді. Іріңді жарасы, жарақаты бар, күйік шалған және жұқпалы ауруларға күмәнді жұмысшыларға жұмыс істеуге рұқсат етпейді. Бақылау қорытындысы белгіленген тәртіптегі журналға жазылады.
4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 31
5) Әдебиет:
1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.
2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.
3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.
4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.
6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Ет өңдеу өнеркәсібінің аумағына қандай санитарлық талаптар қойылады?
-
Сумен, жылумен қамтамасыз ету жүйесі мен желдетуге, жарықтандыруға қойылатын талаптар қандай?
-
Өндірістік бөлмелерге қойылатын санитарлық талаптарды білесіз бе?
-
Санитарлық – тұрмыстық бөлмелерге қойылатын талаптар қандай?
-
Қызметкерлердің жеке бас гигиенасын сақтау ережелеріне қандай талаптар қойылады?
№ 6
1) Тақырыбы: Нан – тоқаш өндірісі кәсіпорындарына қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар.
2) Мақсаты: студенттерді нан-тоқаш өндірісі кәсіпорындарының ауласына, сумен, жылумен қамтамасыз етілуіне, желдетілуіне және өндірістік және тұрмыстық бөлмелеріне қойылатын талаптармен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |